• Қаржы
  • 02 Қараша, 2017

Тмд және Еуропа елдері бойынша алғашқы болып...

Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Қазкоммерцбанктің» кезекті жиыны болып өтті.

Жиынның ашылу рәсімінде сөз алған Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров өз кезегінде ТМД және Еуропа елдері бойынша алғашқы болып Visa-ның QR технологиясының негізінде мобильдік төлем іске қосылғандығын атап өтті. «Бұл сервис қарапайым әрі қолжетімді. Енді елдегі кез келген жеке кәсіпкер контактісіз төлемдерді қабылдай алады. Сонымен қатар бұл сервис төлем қабылдау инфрақұрылымына қандай да бір инвестицияны қажет етпейді. Сонымен Android немесе iOS-смартфоны бар және Qazkom (болашақта Halyk Bank-тің картасы) карталарының иелері Қазақстан бойынша кез келген сауда нүктесінде оңай әрі қауіпсіз түрде кез келген сауда мен қызметті өтей алады»,-деді. Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Halyk Group-тың мүшесі болып, қаржылық қолдау алған Qazkom инновацияларды енгізу мен жаңа сервистерді әзірлеу жұмыстарын жалғастырып келе жатқандығын тілге тиек етті. «Бұл жоба инновациялық әрі әлеуметтік маңызға ие, өйткені ол қолма-қол ақшаның қөлеңкелі айналымын азайтуға және бюджетке төлемдердің түсуіне мүмкіндік жасайды. Болашақта бұл сервис Халық Банктің клиенттеріне де қолжетімді болмақ. Жалпы айтар болсақ, бүгінгі күні екі банк қоян-қолтық жұмыс істеуде», - деді өз сөзінде. Visa-ның Орталық Азия елдеріндегі аймақтық менеджері Ғалым Табылдиев Қазақстан – ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің аймағында қарқынды дамып жатқан нарықтардың бірі екендігін, Visa-ның QR технологиясының негізінде мобильдік төлемнің іске қосылуы тұтынушыларға, сондай-ақ коммерсанттарға электрондық төлемдерді әп-сәтте орындауға және елде электрондық төлемдерді қабылдау инфрақұрылымын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар ол аталған төлем жүйесі EMVC серіктестігімен әлемнің түрлі елдерінде QR-код технологиясының тәжірибесі ескеріле отырып, Visa-мен әзірленгендігін, бұл ашық стандарттармен жұмыс істейтін индустрияның дамуына, ал мемлекеттерге сандық экономикаға тез өтулеріне ықпал жасайтынын айтты. Қазкоммерцбанк пен Visa компаниясы Қазақстанда интернет-банкингтегі Visa технологиясының мобильдік қосымшаның негізінде инновациялық Homebank Pay төлем сервисін іске қосты. Аталған төлем сервисі тұтынушыларға QR кодты түсіру арқылы төлем жүргізуге, ал сауда орындарымен қызмет көрсететін кәсіпорындары үшін қымбат тұратын POS-терминалдарсыз QR-технологиясы арқылы контактісіз төлем қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл технология тауармен қызметті өтеу кезіндегі есептесу процесін әлдеқайда жеңілдетіп, арзандатады. Visa сервисі арқылы төлем жүргізуі үшін Homebank мобильдік қосымшаны пайдаланушыға бар болғаны смартфонның камерасы арқылы сатушының (интернет-сайттағы немесе полиграфиялық сурет ретінде бейнеленген) QR-кодын түсіріп алу қажет, сол сәтте жүйе коммерсанттың барлық деректемелері автоматты түрде танылады, және төлем бірден жүргізіледі. Коммерсантқа қаражатты аударатын төлемнің бастамашысы тұтынушының өзі болғандықтан коммерсантқа картаның деректемелері қажет емес (push-төлемі). Бұл процесс қауіпсіздікті жоғарлатып, транзакциялық даудың болу тәуекелдерін азайтады. Айта кетерлік бір жайт, қазіргі уақытта ТМД және Еуропаның нарығында бұл төлем сервисінің аналогы жоқ, әрі электрондық төлем қабылдаудың даму потенциалы бар әлемнің бірқатар мемлекеттерінде, солардың ішінде Үндістан, Кения, Мысырда ғана қолжетімді. Qazkom үстіміздегі жылдың соңына дейін интернет арқылы тауар мен қызметті ұсынатын банктің барлық клиенттері – сауда-қызметтік компанияларда Homebank Pay сервисінің жұмысын қамтамасыз етуді жоспарлауда. Келесі кезеңде, яғни 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған сервиске ел бойынша дүкендер, ресторандар, такси, салондар және өзге тауар мен қызметті ұсынатын коммерсанттар қосылады деп күтілуде. Жаңа сервиске қосылу үшін коммерсант-компанияға Қазкоммерцбанкпен сауда эквайрингі жөніндегі келісімшартқа отыруы тиіс. Ал Qazkom-ның барлық эквайрингтік серіктестері Visa сервисіне автоматты түрде қосылатын болады. Өз кезегінде, тауар мен қызметтің тұтынушыларында QR-коды арқылы есеп-айырысу үшін Қазкоммерцбанктің Visa төлем картасы, Android немесе iOS базасындағы смартфоны болуы қажет, сондай-ақ Homebank қосымшасының соңғы үлгісін көшіріп алуы керек. Visa – бұл төлем жүйесін ұсынатын және 200-ден астам елдер мен аймақтардағы клиенттер, компаниялар, банктер және үкіметтік мекемелерге электронды төлем жасауға мүмкіндік беретін халықаралық компаниясы. Visa компаниясы ақпарат өңдеудің жетекші желілерінің бірін жасап шығарды. Ол желі секундына 65 000-ға дейін транзакция өңдей алады, сенімділік, қолайлылық және қауіпсіздікті, атап айтқанда алаяқтықтан қорғанысты және сатушылар үшін кепілді төлемді қамтамасыз етеді. Visa компаниясы карта шығармайды, несие бермейді және клиенттер үшін тарифтер мен комиссиялар белгілемейді. Бірақ біздің жаңалығымыз, банктерге өз клиенттеріне төлем төлеудің көптеген нұсқасын, соның ішінде дебеттік карталардың көмегімен бірден төлеу, алдын-ала төленген карталардың көмегімен күнібұрын төлеу немесе кредиттік карталардың көмегімен кейінірек төлеуді ұсынуға мүмкіндік береді.

Нұрлан ҚҰМАР

831 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы