• Өндіріс
  • 02 Қараша, 2017

Базардағы нарық немесе макроэкономикалық ахуалға шолу

Жетпісбай Бекболатұлы, әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ  кафедра меңгерушісі e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

«Қалтадағы пұлды базардағы нарық билейді» деген мәтел бар. Бұл жерде аталарымыз нарық деп ақшаның құны мен бағасын айтып отырғанын ескере кетейік. Сонымен, қалтадағы пұлдың нақты құнын білу үшін шаруақор жұрт та, саудагерлер де мезгіл-мезгіл санақ жүргізіп отырған. Қазір мұны монетарлық билік орындары атқаратын болды. Атап айтқанда, қазіргі таңда Ұлттық банк инфляцияға әсер ететін негізгі макроэкономикалық факторларды талдап, сондай-ақ қысқа мерзімді және орта мерзімді келешектегі макроэкономикалық өлшемдер болжамын жасайды. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанының макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы 2017 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша статистикалық ақпарат негізінде дайындалды. Бұл құжатқа сәйкес жылдық инфляция бірінші тоқсанның соңында 7,7 пайыздан 7,5 пайызға дейін баяулады және 2017 жылдың екінші тоқсаны бойы өзгеріссіз қалды. Инфляцияның баяулауы азық-түлік құрауыштарының жоғары салымының сақталуымен тежеліп отырды. Бұл ретте құбылмалы құрауыштарды ескермегендегі базалық инфляцияның көрсеткіштері төмендеуді көрсетті, осы арқылы тұтыну бағалары индексінің неғұрлым орнықты бөлігінің төмендеу үрдісі байқалды. Жалпы алғанда, инфляциялық процестердің серпіні инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейінің сақталуы, экономикалық белсенділіктің, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың бұдан әрі қалпына келуі, кредиттеу қарқындарының бірте-бірте жандануы, сол сияқты сыртқы нарықтардағы айқын еместіктің күшеюі жағдайында дамыды. Әлемдік шикізат нарық­тарындағы ахуал өндірістің өсу аясында екінші тоқсанның соңына қарай мұнайдың бағасын белгілеудің төмендеуімен сипатталды, бұл ретте тоқсанда орташа бір баррель үшін 50 долларға жуық деңгейде сақталды. Оған қоса, сүт және астық өнімдері құнының көтерілуі салдарынан азық-түлік бағаларының әлемдік индексінің күтілгеннен өзгеше неғұрлым тез жылдамдатылуы байқалды. Тоқсан соңында сыртқы монетарлық жағдайларды қатаңдату бойынша алғышарттар іске асырылды. Сыртқы сұраныс саудадағы әріптес елдердегі экономиканың өсуінің оң үрдістерімен қолданды, бұл өз кезегінде, отандық экспорт көлемінің өсу қарқындарының өсуіне ықпал етті. Ресей Федерациясында жыл басынан бастап инфляция қарқындарының баяулауы сыртқы инфляциялық аяның төмендеуіне әсер етті. Елде іскерлік белсенділік қалпына келуін жалғас­тырды, нақты ІЖӨ-нің өсуі жылдамдатылды. Өндіріс­тің өсуі шикізатты өндірудің ұлғаюына байланысты негізгі өнеркәсіп салаларында, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында тіркелді. Өндірісті жаң­ғырту мақсатында инвестициялық белсенділіктің өсуі сақталуда. Екінші тоқсанда бөлшек тауар айналы­мының өсу қарқындарының артуы жалғасты. Осы жағдайда нақты сектордың дефляциялық ықпалының төмендеуін көрсете отырып, шығарылымның теріс айырмасы бірте-бірте қысқарады. Оған қоса, еңбек өнімділігінің өсуі аясында халықтың нақты ақша кірістерінің теріс серпіні тұтынушылық сұраныспен байланысты инфля­циялық тәуекелдерді шектейді. Тұтынушылық сұранысқа кредиттеуді бірте-бірте қалпына келтіру, атап айтқанда тұтынушылық кредиттеуді жандандыру қолдау көрсетеді. Жалпы алғанда, ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалды. Ақша нарығында екінші тоқсанда өтімділіктің құрылымдық профициті сақталды. Осының салдары ретінде TONIA индикаторы пайыздық дәліздің төменгі шегінде болды. Ұлттық банк артық өтімділікті басым түрде қысқа мерзімді ноттар арқылы алды. Ұлттық банк 2017 жылғы маусымда базалық мөлшерлемені 10,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, тамызда ол 0,25 п.т. төмендетілді және 10,25 пайызды құрады. Базалық сценарийдың өлшемдері шикізат нарығы бойынша тұрақты күтулер аясында бір баррель үшін 50 доллар деңгейінде қалады. Саудадағы әріптес елдердегі оң өсу қарқындарына байланысты сыртқы сұраныстың бұдан әрі қалпына келуі болжанып отыр. Бұл ретте сыртқы инфляциялық ая бойынша алғышарттар Ресей Федерациясындағы инфляцияның жылдамдатылуын күтуге, сол сияқты әлемдік азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты нашарлады. Базалық сценарий шеңберінде 2017-2018 жылдардағы экономика өсуінің нақты қарқындары қайта қаралды. 2017 жылы экономикалық өсу бойынша бағалау – 3,1 пайыз деңгейінде неғұрлым оң болды. Бұл ретте неғұрлым жоғары базаны ескере отырып 2018 жылы экономиканың өсу қарқындары 3 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. 2017 жылдың екінші жартыжылдығында жылдық инфляция нысаналы дәліздің жоғары шегіне жақын болады, бұл азық-түлік нарықтарындағы ұсыныс күйзелістерінің ықпалына байланысты. Орта мерзімді болашақта инфляция шикізат нарықтарындағы тұрақты жағдайдың сақталуына, нақты тиімді бағамның өзінің тепе-теңдігіне жақын болуына, халықтың кірістерінің қысқаруы аясында шығарылымның әлсіз оң айырмасына, сол сияқты инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты нысаналы дәліз шегінде болады. Инфляцияны болжау үшін мұнай бағасының төмендеуі, теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуі, инфляциялық күтулердің өсуі негізгі тәуекелдер болып табылады. Базалық сценариймен қатар қаралған бір баррель үшін 40 АҚШ доллары сценарийі инфляцияның 2017 жылы нысаналы дәліздің шегінен шығу және 2018 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегінде қалыптасу ықтималдығын болжайды. 2017 жылы экономикалық өсудің қарқындары неғұрлым ұстамды деңгейде болжанып отыр. Осы сценарий кезінде неғұрлым ұстамды ақша-кредит саясатын жүргізу жоққа шығарылмайды.

1624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы