• Өндіріс
  • 02 Қараша, 2017

Елімізде 300 электромобиль шығарылады

Келесі жылы Қазақстанда құрастырылатын «JAC» маркалы 300 электромобиль тұтынушыларға жол тартады деп күтілуде. Жағымды жаңалықты Елордада өткен «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбымен өткен форумда отандық автоөндірушілердің өкілі Сергей Могилатов жария етті.

– Бүгінгі күні көлік құрастыру форумы аясында біз стратегиялық қадам жасамақпыз. Бұл тұрғыда өзара серіктестік нәтижесінде «JAC» модельді электромобильдердің сериясын Қазақстанда шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның тұсаукесері Қытайда осы айда өтеді. Сәйкесінше, бұдан кейін Қазақстанда сертификаттау жұмыстары іске асырылады. Егер электромобильдердің нақты осы моделін шығару туралы айтар болсақ, алғашқы партия 2018 жылы шығарылады. Олардың саны шамамен 300-ге жуық болмақ. Ал ауқымды түрде шығаруды 2019 жылға қарай жүзеге асыруды ойлап отырмыз, – деді ол. Сергей Могилатов аталған көліктердің бағасы шамамен қанша болатынын айта алған жоқ. Оның мәлімдеуінше, сертификаттау жұмысының толық циклы аяқталмағандықтан, олардың құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Сертификаттың соңғы бағаға әсері болатыны сөзсіз. – Менің айтарым, Қазақстанда құрасты­рылған электромобильдердің бағасы қарапайым автокөліктерден қымбат болмайды. Қанша айтқанмен, бұл енді ғана қадам басып келе жатқан жаңа технология. Тіпті қолдағы ұялы телефонның өзі де қуаты бітіп қалған кезде шаршата бастайтыны белгілі. Ал, электромобиль бағытында бұл мәселенің маңызы кем болмайды. Сондықтан, ең алдымен тұтынушы қай жерге барып, қуаттандырып аламын деп жүрмейтіндей, электрлік инфрақұрылымды жолға қойып алу керек. Біз қарапайым жанар-жағармай құю бекетінде 3-5 минут аралығында көлікке бензин құйып аламыз, – дейді маман. Шындығында да, электромобильдерге қуат толтыру мәселесі оңай шаруа емес. Сол себепті түні бойы қуаттанатын көліктер күні бойы жүріп бере алатындай жағдайға жеткізу керек. – Сонымен бірге, жақын бекетте 10 минуттың ішінде қуат көзін 80 процентке толтырып алатындай жағдай жасалуы тиіс. Әр электромобильде екі порт бар. Бірімен үйде қуаттандырып алса, тұтынушы екіншісін бекетте қолданатын болады, – дейді С.Могилатов.

Иса Қамбар

1888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы