• Қаржы
  • 22 Қараша, 2017

Қазақстандағы банк жүйесін қадағалау қажет

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қаржы нарығының мәселесін көтере отырып, бұл салада ақша-несие саясатын жеңілдететін шешімді қадамдар байқалмайтынын атап өтті. Спикер қысқа мерзімді де, сондай-ақ ұзақмерзімді де несие алу жеңіл еместігіне назар аударды.

Абылай Мырзахметов атап өткендей, конгресті қалыптастыру қаржы секторында пікір алмасу қажеттілігінің бар екенін көрсетеді. Ол бизнестің қаржы секторынан не күтетіні жайлы да ой бөлісті. Оның айтуынша, бұл секторда теңдестірілген экономикалық саясат болу керек. «Бұл сөзсіз, салық мәселесі мен бюджеттік несиелеуге қатысты. Бизнес макроэкономикалық саясат осы мәселені үйлестіре талқылағанын күтеді. Ұлттық банк пен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бірлескен жұмысымен экономикалық өсуді ынталандыру керек», – деді Абылай Мырзахметов. «2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қайта берілген несие көлемі 6,7%-ға, яғни 7,6 млрд теңгеге өскен. Бұл өсім жеке тұлғалардың несие алуының 1,5 есе артуымен байланысты. Кәсіпкерліктің негізін құрайтын заңды тұлғаларға несие беру 5,7%-ға төмендеген немесе 300 млрд теңгеден астам сомаға азайған», – деп хабарлады басқарма төрағасы.

 wheat milling technology  |  wheat flour mill machinery cost  |  flour mill plant manufacturers  |  flour mill plant manufacturers  |  how to start a flour mill  |  maize flour milling machine  |  maize flour milling process  |  maize flour mill machinery  |  wheat milling machines  |  small wheat flour mill machine  |  corn flour mill  |  corn flour mill  |  automatic flour mill  |  wheat flour processing  |  small scale flour mill  |  flour milling equipment  |  flour packaging machine  |  automatic flour mill  |  maize milling process  |  wheat flour mill machine  |  miniwheat  |  corn mill grinder    flour milling machines  |  maize milling machine for sale  |  maize flour production  |  corn flour making machine  |  corn flour making machine  |  corn grinder for sale  |  cheap milling machine  |  maize flour machine  |  price of flour mill machine  |  flour mill diagram  |  corn milling equipment  |  flour mill suppliers  |  wheat flour mills  |  maize flour machine  |  corn mill machine  |  flour mill machine  |  wheat flour mill machinery cost  |  flour mill diagram  |  flour milling industry  |  wheat flour mill plant  |  flour packaging machine  |  flour grinder machine  |  wheat flour mill plant  |  types of flour mills  |  maize processing plant  |
Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығына берілген несие 43%-ға төмендеген. Сондай-ақ ұзақмерзімді (инвестициялық) несие бойынша мөлшерлемесі артқан. Ал бизнес несиені субсидиялау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ғана алып отырғанына назар аударды. «Бизнестің жол картасы» ең сұранысқа ие бағдарлама, барлық өңір қамтылып, жұмыс атқарылып отыр, 10 мыңнан астам қатысушысы бар. Алайда Қазақстанда 1 млн 200 мыңға жуық кәсіпкер бар, бір ғана осындай қолдау жеткіліксіз. Банк секторы несиелеудің шынайы құралы, ол бар қарқынмен жұмыс істеу керек», – деді Абылай Мырзахметов. Басқарма Төрағасы сондай-ақ қаржы секторына қадағалау қажеттігі туралы айтты. «Бизнестің түйткілді мәселесі – капиталдың аздығы. Ұлттық банкте өте ауқымды сараптама бар, олар мәселені шешуге тікелей атсалысуы керек. Оңтүстік Қазақстан облысындағы тауар айналымының 40%-ы Өзбекстанға тиесілі. Бәсекелестік бағдарын белгілеу керек», – деп түсіндірді Абылай Мырзахметов. Еске салсақ, қар­жыгерлердің конгресі соңғы рет 2006 жылы өтті. Ал елімізде қаржы нарығындағы басты іс-шара тұңғыш рет 1999 жылдың мамыр айында ұйымдастырылған. Қаржыгерлердің VII конгресіне «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы міндетін атқарушы Юлия Якупбаева, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, сондай-ақ еліміздегі қаржы секторы – банктер, сақтандыру, инвестициялық және брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты. Конгрестің негізгі тақырыбы – макроэкономикалық саясат және қаржы секторын дамыту жолдары. Қатысушылар қор жинау, реттеу, бәсекелестік орта мен жаңа технологияларды пайдалану мәселелерін де талқылады. Сонымен қатар қор нарығын дамыту мәселесіне жекелеген сессия арналды. Юлия Якупбаева «Қаржылық сектор: жаңа сын-тегеурін мен мүмкіндіктер» атты екінші сессияға модератор болды. Бүгінде қаржы секторы үшін қадағалау мәселесі маңызды. Конгресс еліміздің қаржыгерлері үшін нағыз пікір алмасу алаңына айналып, есте қаларлықтай пайдалы ойлар мен идеялар айтылған орта ретінде қалыптасты.

Қарлыға МЫРЗАЛИМОВА

1448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы