• Қаржы
  • 13 Желтоқсан, 2017

«Жол картасы» қабылданды

Бакуде Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысы өтті.

Отырысқа комиссия­ның теңтөрағалары – Қа­зақ­станның энергетика ми­нистрі Қанат Бозымбаев және Әзербайжанның энергетика министрі Пярвиз Шахбазов, комиссия мүшелері, сондай-ақ екі елдің сарапшылары қатысты. Іс-шара шеңберінде тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комис­сияның 13-отырысында қабыл­дан­ған шешімд­ердің жүзеге асу барысын қарастырып, екіжақты ынты­мақ­тастықтың сауда-эконо­микалық, отын-энергетикалық, ауыл шар­уа­шылығы, транзиттік-көліктік, мәдени-гумани­тарлық және тағы бас­қа салаларындағы мә­се­лелерін талқылады.

П.Шахбазов отырысты ашу кезінде өткен жылдан бастап екі елдің сауда-экономика­лық ынтымақтастығы оң серпін көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылғы сәуір айында Бакуге жасаған сапары аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен оны әрі қарай ілгерілету бойынша тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырма бергенін атап өтті. Өз кезегінде Қ.Бозымбаев Қазақстан мен Әзербайжанның сауда-экономикалық байланыстары екі ел қарым-қатынастарының негізін қалайтынын және осы қатынастарды одан әрі ұлғайту үшін транзит, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, темір жол, көлік жасау, туризм және спорт салаларында үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан делегациясының басшысы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріп­тестік те жақсы деңгейге жеткеніне ерекше көңіл аударды. Бұған қоса, 2017 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тараптар 2020 жылға дейін өзара сауда айналымын екі есеге көтеру мәселесін, соның ішінде екіжақты нарыққа экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту үшін қажетті шараларды атап өтті. Іс-шараның нәтижесінде Отырыстың қоры­тынды хаттамасына қол қойылды және екі ел арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақ­тастықты кеңейту бойынша «Жол картасы» әзірленіп, қабылданды. Сонымен қатар, тараптар Үкіметаралық комиссиясының кезекті 15-отырысын 2018 жылы Астана қаласында өткізуге келісті. Сонымен қатар, 8 желтоқсанда Бакуде Қа­зақстан Республикасының энергетика ми­нистрі Қ.Бозымбаев Әзербайжан Республи­ка­сының экономика министрі Шахин Мустафаевпен кез­­десті.

 Project Professional 2016 Product Key  |  Office 2016 Keys  |  visio professional 2016 product key  |  Windows 7 Keys  |  Outlook 2016 Product Key  |  Windows Server 2011 Keys  |  Windows XP Vista Keys  |  Office Visio Keys  |  Adobe Software Keys  |  Microsoft Exchange Server Keys  |  Office 2013 Keys  |  Office Project Keys  |  Windows Server 2008 Keys  |  Microsoft Office Project Professional 2007 SP2 Product Key  |  Office Professional Plus 2016 Product Key  |  Office Visio Keys  |  Office Visio Keys  |  Office Professional Plus 2016 Product Key  |  Flour Milling Machine Mill Roll  |  Flour Milling Machine Mill Roll  |  Oral Diabetes Medications Summary Chart  |  Oral Diabetes Medications Summary Chart  |  type 1 diabetes treatments  |  Type 1 diabetes  |  Treatment Of Type 1 Diabetes  |  fruits for diabetics  |  7 of the Best Fruits for Diabetics (Based On Sugar and Nutrients  |  type 1 diabetes cure  |  fasting blood sugar range  |  treatment of type 1-diabetes  |  Diabetes Cure  |  Diabetes Cure  |  Type 3 Diabetes Symptoms  |  Type 3 Diabetes Symptoms  |  what is a normal blood glucose level  |  Type 3 Diabetes Symptoms  |  signs and symptoms of type 2 diabetes  |  Type 2 Diabetes: The Basics  |  Type 2 Diabetes: The Basics  |  signs and symptoms of type 2 diabetes  |  signs and symptoms of type 2 diabetes  |  Diabetes Overview  |  Diabetes Overview  |  End Suction Water Pump On Sale  |  Self Priming Pump  |  Vertical Multistage Pump  |  Centrifugal Submersible Slurry Pump on sale  |  Split Casing Water Pump  |
Оның барысында тараптар экспорттық-импорт­тық қимадағы екіжақты сауда-эконо­ми­ка­лық мәселелерді, транзиттік-көлік­тік ынты­мақтастығы жайлы пікір алмасып, Қазақстан мен Әзербайжан арасын­дағы Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық ко­мис­сия­сының өткен 14-отырысының қоры­тын­дыларын талқылады. Бұдан басқа, Әзербайжан министрі «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағындағы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және қайта өндеу бойынша логистикалық ор­талығын бірлесе басқару мүмкіндігін қарас­тыруды ұсынды. Сонымен қатар, тараптар мұнай, көлік жасау саласындағы өзара мүмкіндіктерді қарастыруды уағдаласты.

Қанат Қуанышев

1237 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы