• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2011

Игі істердің бастаушысы – инвестициялық бағдарлама! Мақпал САҒЫНДЫҚ

Бастапқыда «Энергоорталық-3» АҚ аталған Шымкент жылу энергия орталығы жаңарту жұмыстарына әзірлік үстінде. Нәтижесінде өнеркәсіптің электр энергиясы жоғарылап, кәсіпорынға тигізер залалы азайтылады деп күтілуде. Инвестициялық бағдарлама негізінде 4 жылға арналған құрылыс барысында қуаттылығы 50 МВт жаңа турбина салынатын болады.

30 жылдық тарихы бар бұл кәсіпорын үшін жылу орталығын жаңарту – маңызды жұмыстың бірі. Осы уақыт ішіндегі тынымсыз еңбектің арқасында кәсіпорын қызметкерлері өз саласын еркін меңгеріп, алғашқы жұмыстарының нәтижесін көрді. Алғашында Шымкент ЖЭО-3 екі салаға, яғни дөңгелек жасау және мұнай өндіретін зауыттарды жүзеге асыру барысында жобаланған-ды. Сондықтан да, жылу орталығы тұрғын үй құрылысынан алшақ жерде - өнеркәсіп ошақтарында орналасқан. Дөңгелек жасау зауытының тоқтап қалуы салдарынан, 1998 жылы қала ішінде ТЭЦ-3 магистралды жылу жүйесімен жабдықтау жұмысы жүргізіле бастады. Арада он жыл өткеннен соң, қаланың оңтүстік бөлігіне ұзындығы 11,5 км болатын жылу жүйесі орнатылды.

Қазіргі таңда «Энергоорталық-3» АҚ қарамағына жалпы көлемі 3,7 млн шаршы метр тұратын 1 843 көп қабатты үйлер, сондай-ақ 2 000-ға жуық мекемелер ашылып, жылумен қамтылып отыр. Сонымен қатар 13 мың тұрғын мекендеп жатқан 236 көп қабатты үйлерді де бұл кәсіпорын жылы сумен қамтамасыз етуде. Кәсіпорынның жұмысын ілгерілету барысында маңызды бағыттың бірі ретінде өнеркәсіпте электр энергиясының шығарылуын айта кеткен жөн. Орта есеппен алғанда, ЖЭО-3 өнеркәсібі сағатына 100 МВт жылу энергиясын іске асырады. Оңтүстік облысы бойынша Шардара СЭС мен ЖЭО-3 тұрғындарды жарықпен толықтай қамтамасыз етуге күші жетпейтін. Сондықтан да бұл аймақ әр уақытта ішкі бұлақ көздерінің тапшылығын бір адамдай бастан өткерген-ді. Бөлінетін жабық құрылғы арқылы қазіргі уақытта станция «KEGOC» компаниясын 19 пайызға дейін сумен қамтуда. Яғни өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуда Шымкент жылумен қамту орталығының маңыздылығы зор екенін айта кеткен жөн.

Өндірістік шығыс көлемінің төмендеуіне «Фишер» газ-отын өндеу шығысын бақылайтын құрылғыны орнату үлкен септігін тигізді. Қызметкерлердің қарқынды еңбегінің арқасында станция жұмысының техникалық тиімділігі мен маңыздылығын жоғарылатуға мол мүмкіндік берілді. Алайда кәсіпорынның бүгінгі күнгі қаржылық жағдайы сын көтермей тұр. Өнеркәсіп 4 млрд теңге көлемінде шығынға батты. Кәсіпорынның күрделі келеңсіздігі жайында кәсіпорын орынбасарының инженері Марат Симбинов: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ушығуы акционерлер мен жетекшілердің бірлесе жұмыс істеп, мәселеден шығудың амалын табуды қажет етті. Жан-жақты зерттеу барысында «Энергоорталық-3» АҚ-ның қаржы секторын жақсартудың түрлі нұсқалары қаралды да», - деген болатын. Жетекші мамандардың сөзіне қарасақ, қосымша турбиналарды орнату арқылы энергия көзінің қуаттылығын арттыруға болатын көрінеді. Яғни станцияның жұмыс істеу қуаттылығы 50 МВт- қа дейін көбейеді деген болжам да бар. Осылай істеу – бір уақытта отын көлемінің шығынын азайтуға әкеледі деп күтілуде. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету жұмысы ұлғаятын болады. Энергетика саласының қызметкерлері үшін ЖЭО-3 станциясы тек электр энергиясының көзі емес, сондай-ақ қуаттылықты қалпына келтіріп отыратын маңызды үрдіс болып табылады. Күн бойы электр қуатын пайдалану тепе-теңдіктің сақталуына жол бермейтіндіктен, тәуліктің кешкі сағатында желідегі максималды қысымның мөлшері белгіленеді. «Энергоорталық-3» АҚ жаңарту жұмыстары алдағы 4 жыл ішінде жүзеге асады деп күтілуде. Осы уақыт аралығындағы инвестициялық шығын 5,1 млрд теңгені құрап отыр. Сондай-ақ турбина орналастыру кешенді жұмысы жалпы алғанда 4,5 млрд теңгеге жоспарлануда.

647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы