• Қаржы
  • 19 Қаңтар, 2018

Кәсіпкерге 5 кеңес

Кәсіпкерлікті бастамас бұрын қалау мен  қолдағы мүмкіндікті саралап алған жөн

Қазіргі таңда кәсіпкер болу, өзін-өзі жұмыспен қамту, еркін режимде жұмыс істеу трендте. Елбасының Қазақстан халқына жасаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс», делінген. Демек, шағын және орта бизнесті дамыту басымдыққа ие меже.

Экономиканың осы секторы тұрақты әрі бә­секеге қабілетті болуы үшін жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшырағандардың қатары аз болуы керек. Мұндай қатер қалай орын алады? Әдетте кәсібін енді ашқан кәсіпкерлерде. Сондықтан кәсіпкер болу кез келген адамның қолынан келіп жатыр ма? Мәселен, 2016 жылдағы отандық кәсіпкердің бейнесіне назар салсақ, Бү­гінгі Қазақстандағы ШОБ – бұл ЖІӨ-нің 26,8%, экс­порттың 18%, жұмыспен қамтылғандардың 37% және шаруашылық субъектілердің 99%-ы. Шағын кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында, орта және ірі кәсіп­орындар көбінесе өнеркәсіп секторында қыз­мет етеді. Елдегі кәсіпкерліктің 80,8% – заңды тұлғаларды құрмаған субъектілер (ЖК және шаруа немесе фермерлік қожалықтар. Ал отандық кәсіпкерлердің 25,4%-ы – «қажеттілік бойынша» кәсіпкерлікті таңдаған, яғни өзге табыс көздері болмағандықтан, бизнеспен айналысуға мәжбүр болғандар. Ал шынайы кәсіпкерлікпен айналысу мәжбүрлік емес, жаныңызға жақын кәсіп болу керек қой. Осындай түрлі факторларды ескере отырып, кәсіп бастағысы келетіндер үшін қате жасаудың алдын алатын 5 кеңесті ұсынамыз: 1. Жаныңыз сүймейтін немесе саладан хабары­ңыз жоқ кәсіптен табыс келеді деп айту қиын. Өйткені, нарық заңдылығында кез келген кәсіп­керліктің түрлі тәуекелдері бар. Біріншіден, на­рықты саралау қажет, осы өңірге тән қандай кәсіп көзі табыс әкеледі, зерттеу керек. 2. Кәсіпкерлікте белгілі бір тәжірибе болмаса, жоғары пайызы бар несие алып, кәсіп бастау қатерлі қадам. Бизнес алғашқы жылы пайда әкелмеуі мүмкін, ал қарызға алынған ақша сізді тіптен тақырға отырғызуы мүмкін. Бизнесте қаржы жағы ең соңғы кезең, барлығы сараланып, бизнес-жоспар құрылғаннан кейін қаржы құйылады. Ең дұрысы капиталыңыз болуы шарт. 3. Болашақ бизнесіңіздің барлық құрауышы жүзеге аспай тұрып, жоспар құрып алмайынша жеке кәсіпкерлікті тіркеуге асықпаңыз. Бухгалтерлік есеп жүргізуді үйрену керек. 4. Жұмыс істегелі жатқан нарығыңыздағы бә­се­келестеріңіздің жұмысын саралаңыз. Сіз­дің халыққа ұсына алатын артықшылығыңыз болу керек. Олай болмаған жағдайда табысты болу екі­талай. 5. Маректинг пен жарнама бойынша білім керек. Тауар, жұмыс, қызмет түрін өткізуде орта немесе ірі бизнес арнайы агенттіктерге жүгінеді, тапсырыс жасайды. Ал шағын бизнеске мұндай қызмет түрін жалдау тиімсіз. Жарнамасы жоқ, танымал емес кәсіпорынды тану, клиенттер базасын жинау маңызды. Дегенмен, мықты дейтін бизнесмендердің өзі талай рет шығынға ұшыраған. «Жеті рет құласам да сегіз рет аяққа тұрам» деген жапондық мәтел осындай қайратты кәсіпкерлерге арналған. Сондықтан ешбір дағдарысқа қарамай, кәсіп бастап, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер қатарынан табылыңыз.

Марат Қуанышев

887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы