- Қаржы
- 19 Қаңтар, 2018
Жаңа Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Астана қаласында Цифрлық және Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Цифрлық ХҚКО ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.
ХҚКО аталған бөлімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында ашылды. Сапар барысында Ақпарт және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Цифрлық ХҚКО «бір өтінім» принципі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, халықтың цифрлік сауаттылығын арттыруындағы маңыздылығын атап өтті. Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтер алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және операторлардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Орталықта еліміздің азаматтары операторлардың қатысуынсыз өз беттерінше электронды-цифрлік қолтаңба алып, 700-ден астам электронды қызмет алатын «Connectionpoint» орналасқан. Қажет болған жағдайда барлық құжаттарды сымсыз принтер арқылы шығарып алуға болады. Сонымен қатар азаматтар өздерінің электронды қолтаңбалары немесе бір рет қолданатын пароль арқылы 22 түрлі анықтама мен қызмет алатын «қоғамдық қолжетімділік пункті» қарастырылған. Онлайн-кеңес беру және мемлекеттік органдар басшыларына онлайн түрде арыз-шағым жіберу кабинеті орналасқан. «Электронды үкімет» порталының қызмет түрлерін өз бетінше алуды үйренгісі келетіндер үшін тегін сынып ұйымдастырылған, ол жерде оқулар мен семинарлар өткізіліп тұрады. Сынамалы түрде ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының аумағындағы шет ел азаматтары мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша алатын болады. Егер шет ел азаматтары еңбек етуге қажетті құжаттарды алу үшін бұрын 5 күн жұмсаса, аталған орталықта 60 минут уақыттарын жұмсайды. Бұл орталықта дәрігерлік тексеру, дактилоскопиядан өтіп, сақтаныдру полисін, ЖСН және құжаттарын алуға болады.
Салтанат ҚАЖЫКЕН

1815 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Еркін
17 Тамыз, 2020Халыққа цифрлық қызмет көрсетудің артықшылықтары көп. Бұл құжат жинаудан, ұзын-сонар кезектерден құтқарып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.
Мөлдір
17 Тамыз, 2020Халықтың цифрлық сауаттануын құптаймын. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан тамаша мүмкіндік қой. Қажетті анықтамаларды кез-келген уақытта алатын мүмкіндік халыққа қажет.