• Қаржы
  • 01 Ақпан, 2018

Ең тиімді валюталар

2017 жылдың ең тиімді валютасы болып Мозамбик метикалы танылды. Оның курсының долларға қатынасы 21% өсті.

Сарапшылар өткен жылы криптовалюта иелерінің максималды кіріске қол жеткізгенін айтып өтті. Биткоин 1 500% өскен. Десе де, мамандар крипто­валютаның әзірге қауіпті екенін жасырмайды. Әлемдік валюта нарығының лидері болып Мозамбик метикалы танылды. Ол өткен жылы 21% өскен болатын. Бұдан кейінгі орындарда Чех кроны мен Польша злотыйы тұр. Олардың курсы 18% өскен. Ал Өзбек сомы керісінше 60% арзандады. Шикізат активтерінің ішінен палладий иелері табысқа жетті. Себебі, аталған актив түрінің курсы 54% өскен еді. Мыс пен алюминий 29% қымбаттады. Табиғи газ керісінше 27,5% арзандап, иелерін шығынға батырды. Греция бағалы қағаздарының құны — 60%, Белизанікі — 38,7%, Арген­тинанікі 30% өсті. Ал Вене­суэланікі керісінше 55% арзандады. Индекс қоры бойынша украиналық UX 80% өсіп, жақсы көрсеткішке ие болды. Екінші және үшінші орында Қазақстан (+64%) мен Моңғолия (+63%) тұр. Ал тізімнің соңына 22% арзандаған Пәкістан жайғасты.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

778 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы