• Қаржы
  • 01 Ақпан, 2018

AIFC мен Waves блокчейн-платформасы меморандумға қол қойды

Швейцарияның Давос қаласында өткен дәстүрлі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік мақсаты – жаңа блокчейн-платформаны қолдана отырып, қаржылық техноло­гия­ларға арналған озық экожүйені қалыптастыру, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі. Қаржылық қызметтерді көрсе­те­­тін ха­­лық­аралық деңгей­­дегі же­­текші орта­лық қа­лыптас­тыру мақ­сатында құрылған АХҚО-ның басты міндеттері – қаржылық қызмет­тер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, еліміздің бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақ­тан­дыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нары­ғын дамыту. – «Астана» халықаралық қар­жы орта­лығы Waves плат­фор­­ма­сы­мен жұмыс жасай отырып, қазақ­стандық старт­ап­тарға өз жобаларын жаңа тех­ноло­­­гиялық деңгейде дамы­туға мүмкіндік береді. Осы­лай­ша бұл бастама елімізде блок­чейн-технологиялардың таны­­мал­­дығын арт­тыруға үлес қос­пақ. Саладағы жедел дамып отыр­ған көшбасшы компания­лармен серіктестік орнату АХҚО үшін блокчейн технологиясы элементтерін пайдаланып, қар­жылық қызметтер индустриясы үшін жаңа, тың шешімдер әзірлеуде құзыреттілік пен кәсі­би мамандар даярлауда зор басым­дықтар береді, – деп атап өтті АХҚО-ның цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева. «Біз өзара серіктестігіміз Қа­зақ­­­стан­ға блокчейн-техноло­гия­лар са­ла­сын­да­ғы ең озық тәжі­рибені енгізуге мүм­кін бе­ріп, АХҚО-ны әлемдегі аталмыш ин­дус­трияның алдыңғы қатарлы ин­новациялық орталық­тарының бі­ріне айналдырарына сенімдіміз. Сондай-ақ біз серіктестігіміз аясында жи­нақталған тәжі­рибенің арқа­сында үздік шешімдерді, білім мен техно­логияны кеңі­нен тара­та аламыз. Бұл ТМД кеңіс­тігінде бүкіл блокчейн-экожүйе­ні да­мытуға оң әсерін тигізбек», – дейді Waves Platform негі­зін қа­лаушы Александр Иванов. Сонымен қатар тараптар қар­жылық жә­не блокчейн технологиялары сала­сындағы стартап-компанияларға қолдау көрсету жә­не олардың Waves блокчейн-шешімдерін пай­да­ла­нуына жол ашуға, сондай-ақ АҚХО-ның аксе­ле­рациялық бағдарламасы ала­ңына шетелдік стартаптарды тартуға және оқытып-үйрету іс-шараларын өткізуге ниет­ті екен­діктерін білдірді. Айта кетейік, Waves Platform – бизнеске, ұйымдар мен инвес­торларға ар­налған иннова­ция­лық шешімдерді ұсы­на­тын ха­лық­ара­лық блокчейн-платфор­ма. Waves блок­­чейнде эмиссияны, сауда жүргізу және активтерді/өз то­кен­дерін айырбастау­ды жүзеге асырады. Жо­баның басты ерек­ше­лі­гінің бірі – қолдану жеңілдігі мен жап­­пай енгізуге баса көңіл бөлу. Бәтуа­ластық алгоритмі ретінде Proof-Of-Stake-ні қолдану ұсы­нылады. Былтыр маусымда Waves ICO-ны (монеталарды жария сату) сәтті аяқтап, нәтижесінде 16 миллионнан аса доллар (30 000 ВТС) жинады.

Рымтай Сағынбекова

942 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы