• Ақпарат
  • 01 Наурыз, 2018

Шағын бизнеске қосымша мүмкіндік

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов холдингтің сатып алу жүйесін жетілдіру, жүйелендіру, шағын және орта бизнес өкілдерінің осы жүйеге қатысуын жеңілдету шараларына тоқталды. Айтуынша, сатып алу жүйесінде бірқатар елеулі өзгерістер бар. Мәселен, холдинг ішіндегі сатып алулар оңтайландырылып, маркетинг жүйесі енгізіледі. Алдын ала біліктіліктен өту рәсімдері жеңілдетіліп, шағымдану органы құрылады. Сатып алуларға бақылау күшейтіліп, электронды жүйенің жаңа формасы енгізіледі. – Бүгінге дейін холдинг ішінде сатып алулар 4,5 мың позиция арқылы жүргізілетін. Холдинг ішіндегі компаниялар кез келген тауарды, өнімді немесе қызметті бір-бірінен сатып алатын. Яғни, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуына мүмкіндік берілмеген. Біз осы 4,5 мың позицияның барлығын қарап шығып, 10 есе қысқарттық, – деді ол. Сөйтіп, холдинг ішіндегі сатып алу позициялары 424-ке дейін азайған. Осы арқылы шағын және орта бизнеске қосымша 300 млрд теңгеге тапсырыс беру мүмкіндігі туып отыр.

1297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы