• Қаржы
  • 16 Наурыз, 2018

Ұлттық банк ипотекалық несиені қаржыландыра ма?

Осы сейсенбіде ҚР Ұлттық банкінің басшысы жаңа ипотекаға кімдер үміттене алатыны ашық айтты. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың мәлімдеуінше, ипотекалық несие қазақстандықтар үшін мейлінше тартымды болмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үн­деуінде: «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны от­басылық бюджетінің мүм­кіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет», – деп атап көрсеткен болатын. Міне, содан бері арада бір аптадай уақыт өтсе де нақты іс-шаралар қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Д.Ақышев 13 наурызда нақ осы әлеуметтік бастамалардың бірін жүзеге асы­рудың жоспарлары туралы жариялады. – Ұлттық банк өткен жыл­дар­дағы не­ғұрлым табысты тә­жірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысының ұсынысымен бел­гіленген 7 пайыз жылдық мөл­шерлемеде 20 пайыз бастапқы жарнамен 25 жылға дейін төлеу жағдайындағы «7-20-25» бағдар­лама­сын іске қосуға бел байлап отыр. Ең бастысы – ипотекалық несиелерді мін­детті түрде секьюритизациялау (қауіпсіз­ден­діру – ред.) тетігімен, екінші деңгейдегі банктер арқылы, нарықтық прин­циптерді қолдану. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік­ке баға­ның құлдырап кетуімен қатар қарыз алушылардың несиелік тәуел­ділігін ескер­меу салдарынан, әсіресе халықтың әлеу­меттік жағынан осал топтарын, ипоте­калық қарыз алушыларды қорғау қажеттілігіне алып келгендей, жағымсыз тәжірибені де ескеру керек. Таяу уақытта Ұлттық банк басқарма­сы арнайы компания құру мәселесін қа­растырады. Оның капиталы қаржылық ба­қы­лаушының қаражаты есебінен құрал­мақ. – Бұл компанияға – банк­тер «7-20-25» формуласы бойынша ұсынған жаңа ипоте­калық несиелерді нарықтық жағдайда сатып алатын қаржылық нарықтан қара­жаттар тарту үшін – капитал қажет. Қауіпсізденді­ру механизмі дегеніміз осы. Тұрғын үй бастамасы мемлекет тарапынан жасалып отыр­ған теңдессіз, әркімге де жеңілдетілген жағ­дай берілген, жаңа мүмкіндіктер. Бірақ бұл бағдарлама масылдыққа бас­тай­тын сылтау болмауы керек. Бағдарламаның қар­жы­лық шарттары болашақ қарыз алу­шы­лар­дың төлей алатындығын талап етеді. Бұл бағдарламаға ресми табысы бар Қа­зақстанның азаматы қатыса алады. Өл­шем­­шарттар қазір банктермен бірлесіп тал­қынуда, – дейді Ұлттық банк басшысы. Д.Ақышевтың есептеуінше, жа­ңа ипотека­лық жоба қазақстан­дықтардың көпшілігіне қолже­тімді болады. Солай болса да, ипо­те­калық несие толықтай қай­тарыла алатын болуы тиіс, деп атап көрсетті ол. – Тұрғын үйдің құны 7 миллион кө­лемінде болғанда айлық төлем 50 мыңнан аспайтын соманы құрайды, ал бұл жұмыс істей­тін қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолжетімді. Ірі қалалар мен аймақтар үшін тұрғын үй құны­ның дифференциациялау (саралау) жоқ­қа шығарылмайды. Же­ңіл­дік алған ипотекалық несиелер то­лық­тай қамтамасыз етілген және абсолютті түрде қайтарымды болуы шарт. Ипотекалық несиелерді қы­зық­пай­тын­­дай күйге жеткізген, ипотекалық қарыз алушылар құқын қорғау бойынша, соңғы жылдары енгізілген кейбір нормалар қайта қарауды талап етеді. Ұлттық банк сонымен қатар Үкіметке тиісті заңдық өзгерту­лерді қарауға жібереді, – деп атап айтты Д.Ақышев. Айта кету керек, «7-20-25» жаңа ипо­тека­лық бағдарлама 5 наурызда Парламент палаталарының біріккен отырысында ай­тыл­ған, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында жүзеге асуы тиіс. Осы бағдарламаға сәйкес, кез-келген қа­зақ­стандық ипотекалық заемды теңгемен мынадай тәртіпте алуына болады: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан жоғары емес; бастапқы жарна – 20%-дан жоғары емес; несие мерзімі – 25 күн.

Исатай ҚАМБАРОВ

811 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы