• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2018

ІЗГІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Жыл басы – Наурыздың тағылым, өнегесі мол

Әз Наурыз мол шуағын төге төрімізге енді. Наурыз – Шығыс елдерінің ерте заманнан бері тойланып келе жатқан ең қасиетті, ең киелі мерекесі. Оны ертеден қазақ қауымы көршілес өзбек, қырғыз, тәжік, ауған, парсы елдерімен бірдей думанды мерекеге айналдырған.

Тек кешегі КСРО дәуірінде осы тарихи құндылықтан айыры­лып қала жаздағанымыз болмаса. Шүкір, бұл олқылықты да тарих өзі түзеді. Қазақстанда Наурыз мейрамы 1989 жылдан бастап рес­ми тойлау мәртебесіне ие бол­ды. Содан бері Наурыз мерекесі біздің елімізде Жыл басы, Ізгілік пен Мейірім мерекесі ретінде сән-салтанаты, өнеге-тәлімі, тағы­лы­мы мол қасиетті мереке ретінде тойланып келеді. Көне ғұрып, дәстүрден асатын не бар?! Соны көре алмаған кешегі солақай саясат қанша ұрандап, тұншықтырмақ болғанымен де, сол құндылықты мүлдем құртып-жойып жібере алмады. Соның бір мысалы, біздер бала кезімізде анамыз пісірген «Наурыз көжеге» көрші-қолаңдарды шақырып ке­ліп, өзіміз де наурыз көжені құ­марта ішіп, бауырсақ, құрт, ірім­шік жеп, бір жырғап қалушы едік. Ал, анау қыр басында көкпар тартып, бәйгеге атқосқан ауыл адам­дары, бала-шаға, бәрі ерекше қуа­нышқа бөленетін. Сол дәс­түр­дің енді мына еркін заманда жаңа­ша сипат алып, ұлттық салт-дәс­түрлерге сай онан сайын жаң­ғы­рып жатқандығы көңілге қуа­ныш нұрын ұялатады. Негізінде Жыл басы – Наурыз табиғат пен адамның өзара тығыз байланысын аңғартады. Көк­темнің осы аса ғажап әрі қасиетті шағында бір үлкен құбылыс – дәп 22 нау­рызда түннің қысқарып, күннің ұзару тоғысы жүреді екен. Мұны ерте замандағы адамдар: «Жыл басы – Наурыз келді!», – деп есептеген. Және де бұл – бар жылылық пен мейірім, шуақты өзімен бірге ала келген Көктем мерекесі ретінде де халық жүрегінен терең орын алатын мереке. Күн мен түннің теңелген күні – Жыл басы наурызды тек адамзат баласы емес, бүкіл тіршілік иесі, жан-жануарлар әлемі, сондай-ақ, табиғат, өсімдіктер дүниесі де асыға күтетіні хақ. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» – «жаңа», «руз» – «күн» деген ұғымды білдіреді. Халық содан да Жыл басы – Нау­рыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар мейлінше ағарғанмен – әсіресе, айранмен, сүтпен мей­міл­дете толтырылады. Бұл үшін бұлақ суын да пайдалануға бола­ды. Мұның бәрі – молшылық белгісі. Осы күні бұлақтар, арық­тар тазартылып, ағаштар отыр­ғы­зыл­ған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!» деген сөз осыдан қалған. Ата-анаға, туыс, бауырларға, дос-жаран­дарға деген құрмет сезім әр­дайым жоғары болған. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мере­кесі ре­тінде ха­лық өмірінен терең орын алып келген, әлі де ала бермек. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген бұрынғы реніш-өкпелерін ұмытып, бір-біріне терең ілтипат, қошемет көрсетеді. Мұны кеше ғана өткен Көрісу күні де растайды. Дастархан басында жастар үлкендерден бата алғысы кеп тұрады. Ақсақал кісілер қол жайып: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деп ақ баталарын бе­ріп отырған. Наурыздың бұрыннан қалып­тас­қан дәстүрлері көп. Оның бә­рін айтып тауысу мүмкін де емес. Ауылдық жерлерде бұрынғы атжарыс, көкпар, теңге алу, т.б. ұлттық дәстүрлер өз мәнін жойған жоқ. Әрине, жаңа дәстүрлермен де байытылатын тұстар аз емес. Әйтеуір, аста-төк шашылудан абай болсақ екен. Бұл жөнінде кейінгі кездері көп айтылып та жүр. Олар да орынды шығар. Бірақ, халқымыздың о бастан маңдайына жазылып қой­ылған меймандостығы мен ба­уыр­малдық қасиетін жоғалтып алу­­дан сақ болайық, ағайын! Наурыз – Ізгілік пен Мейірім­ді­лік­тің, Достықтың мерекесі. Ел­ба­сы айтқандай, «Болашақ – бір­лік­­те». Оған имандай сенеміз де. Мәң­гілік ел болуымыз үшін ру­ха­ни жан­дүниеміз бай, соған білім, ақыл-ойымыз да сай болуы керек. Рухани жаңғыру кезеңінде рухымызды асқақтатын мерекелер­дің сән-салтанаты көбейе түссе нұр үстіне нұр емес пе?! Ұлыстың ұлы мейрамы құтты болсын!

Ибрагим Бекмаханұлы

1759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы