• Қаржы
  • 29 Наурыз, 2018

Қаржылық тұрақтылық кредит беруді ұлғайта ма?

Соңғы жылдары банк жүйесіндегі біріктіру үдерісі мен былтырғы оған Т3 трлн мемлекеттік қолдау, сөз жоқ, Қазақстанның банктер жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттырды. Алайда, енді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) «кіріптар» күйінен арылды және экономиканы кредиттеуді белсенді жүргізе бастады деп айтуға ертерек сияқты.

Тұрақтылық Нығайғанымен, кредиттер азайды

Өткен аптадағы Moody’s Investors Service компаниясының Қазақстан банктік жүйесі бойынша болжамын «тұрақтыға» өзгертуі қазақстандық ЕДБ-лар үшін айтулы оқиғаға айналды. Айтулы болатын себебі, сонау 2008 жылдан бастап, үш жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктің бірі де бірегейі еліміздің банк жүйесі бойынша болжамын ұдайы «жағымсыз» деп бағалап келген-ді. Moody’s өз шешімін мемлекет та­ра­­пынан жекелеген банктерге қар­жылай қолдау көрсетуімен түсінді­реді. «2017 жылы мемлекет тарапынан көрсетілген айтарлықтай қаржылық қолдау Қазақстанның банктік жүйе­сіндегі капитал жетіспеушілігін едәуір дәрежеде қысқартты және банктік жүйе бойынша болжамды таяудағы 12-18 айға «тұрақты» деңгейіне өзгер­туге жағдай жасады», – деп атап көр­сетілген агенттіктің хабарламасында. Moody’s талдаушыларының пікі­рінше, банктерді мемлекеттің қол­дауы өткен жыл бойғы мәселесі күр­делі кредиттер үлесінің жедел өсіп кеткеннен кейін банктік активтердің сапасы жақсаруына, банктердің пай­да­лылық деңгейге қайта оралуына жағ­дай жасамақ. Шын мәнінде де, банк жүйесінің қар­жылық тұрақтылығын арттыру бойынша ҚР Ұлттық банкінің (ҚРҰБ) көлемді бағдарламасы жекелеген қазақстандық ЕДБ-лар үшін құтқа­рушы құрық болып табылды. Бірақ бұл, сөйте тұра, реттеушінің өзі күткендей және қол жеткізгісі келгендей, экономиканы кредиттеуді арттыру бағытындағы қуатты ынталан­дыруға айнала алмады. Айтпақшы, Moody’s де осыған көңіл аударып отыр. «Жекелеген банктерді сақталып отырған, кредиттеудің деңгейі төмендігі, жалпы жүйе үшін қатер күйінде қалуда», – деп ескертеді вице-президент – агенттіктің аға талдаушысы Семен Исаков. Банк жүйесін кредиттеу бойынша реттеушінің қаңтардағы мә­лі­мет­тері де осыны айғақтап отыр. Осы айда экономиканы кредиттеудің 1,3%-ға, ал теңгенің нығаюын есепке ал­мағанда – 0,6%-ға қысқарғаны байқал­ды. Бұл ретте заңды тұлға­ларға займдар 1,7%-ға, ал жеке тұлға­ларға – 0,4%-ға азайған. Мұның үстіне, ҚРҰБ ақпаратына сәйкес, қаңтардағы кредиттік қор­жын­дардың қысқаруы барлық дерлік банктерде байқалады. Кредит­теу­дің төмендуі аясында кредиттер сапа­сының нашарлауы орын алған – уақыты өтіп кеткен, 90 күннен асатындай, займдардың үлесі жүйе бойынша 0,5%-ға артқан және 9,8%-ға жеткен. Айта кету керек, бұл қалыпты ма­кро­экономикалық көрсеткіштер ая­сын­да болып отыр: Ұлттық экономи­ка министрлігі Статкомының ақпа­ра­тына сәйкес, қаңтардағы инфляция 0,6%-ды құраған, ал ІЖӨ өсуі 4% дең­гейінде болған.

Мөлшерлеме деңгейі  әлі де жоғары

Кредиттеудегі жағымсыз жағдай­дың басты себептері екеу: ҚРҰБ-нің жоғары негізді мөлшерле­ме­сіне және қор жинау көздерінің саны аз болуы, сондай-ақ экономикадағы сапалы инвестициялық жобалардың жұ­таңдығы. Сондықтан да, Ұлттық банктың ЕДБ-ларға ресурстарының құны жо­ғары күйде қалып тұрғанда, жаңа кре­диттерді берудің айтарлықтай өсуі таяу аралықта бола қоюы екіталай. Және де бұл, реттеушінің наурыздың басында негізді мөлшерлемесін ке­зекті, 9,5%-ға дейін, төмендетуге бар­ғанына қарамастан – банктік кре­дит­тердің нақты жүйелерге қолже­тімдірек болуына мүмкіндік бермей-ақ келеді. Осыған орай, мұндай пікірді «Halyk Finance» АҚ инвестициялық компа­ниясы да ашық білдіруде. Алайда, «Halyk Finance» АҚ-дағылар Ұлттық банктың «негізді мөлшерлемесін бел­сенді төмендететінін» айтады. «Бұл, банктерді коммерция­лық кре­диттеуді арттыруға мүмкіндік бе­ре­тін, өтімділіктен айыру құралда­ры­ның табыстылығын азайтады. Ағым­­дағы жылдың аяғына ҚРҰБ не­гізді мөлшерлемесінің деңгейі 8-8,5% мөлшерінде болады», – деп болжайды инвесткомпаниядағылар. Әйтсе де, егер «Halyk Finance» АҚ талдаушыларының болжамы орын­дал­ғанның өзінде және реттеуші мо­нетарлық саясатты жұмсартса да, банк­­тер өз жағынан экономиканың нақты секторын кредиттеуді жеде­ғабыл арттыра қоюы да екіталай, өйткені, 8-8,5%-дық деңгейдегі негізді мөлшерлемені төмен деп айта алмаймыз. Сол себепті де кредиттердің түпкі құны бизнес үшін әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Moody’s талдаушылары да осындай пікірді ұстануда. Мұның үстіне олар ІЖӨ өсуінің қарқыны да кредиттеуге жағымсыз әсерін тигізеді дейді.

ЕДБ ипотекалық кредитке сенім артады

Елбасы ұсынысымен Ұлттық банк іске қоспақшы «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері» жаңа ипотекалық бағ­дар­лама жүзеге асқаннан кейін кредиттеу жағдайы түбегейлі түрде өзге­ріске ұшырауы мүмкін. Қаржылық реттеушінің басшысы Данияр Ақышевтың айтуынша, бұл төрт кезеңде жүзеге аспақ. «Бірінші кезеңді іске асыру барысында банктер мен қор нарығы­ның мүмкіндіктерін мейлін­ше жұмыл­ды­рып, ипотекалық кредиттерді секъюриттеу механизмін қалыпқа келтіру қажет. Таяу уақыттарда Ұлттық банк басқармасы 100%-дық еншілес арнайы компания – бағдарлама операторын құру мәселесі қарастырылады. Жаңа компания капиталы Ұлттық банк қаржысы есебінен құралады. Капитал қаржылық нарықтан қар­жылық жағдайлармен жаңа ипо­тека­лық кре­дит­терді сатып алуға, «7-20-25» формуласы бойынша банктер беретін қаражат тарту үшін қажет. Секъюритизация механизмі дегеніміз осы», – деп түйіндеген болатын ол Үкіметтегі 13 наурызда өткен жиын барысында. Екінші кезең, оның айтуынша, бағдарламаны тиімді орындау үшін бұл компанияны қаржылық агенттіктің мойындауы болып табылмақ. «Бұл дегеніңіз, компанияның облигацияларына, мемлекеттік құнды қағаздар сияқты, салық салына­тынын білдіреді. Тиісті заңдық өзгерту­лерді Ұлттық банк Үкімет қарауына наурыз­да-ақ жөнелтпек, – деп түсіндірді Д.Ақышев. Үшінші кезең, дейді ол, жеңіл­детілген ипотека беру бойынша тұр­ғын үй алудың мұндай ұсынысы «мем­­лекеттің теңдессіз қадамы» екен­ді­гі болып табылады. «Алайда, бұл бағдарлама біреудің есебінен күн көруге жол бере алмайды. Бағдарламаның қаржылық шарттары болашақ заемшылардың төлей алу қабілеттілігін талап етеді. Бағдарламаға ресми табысы бар Қа­зақстан азаматы қатыса алады. Қазір банктермен тиісті талаптар жасалуда. Мысалы, тұрғын үй құны Т7 млн көлемінде болса, айлық төлем 50 мың теңгеден аспайды, бұл көптеген жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін әбден ыңғайлы. Ірі қалалар мен ай­мақтар бойынша тұрғын үй құнын дифференциациялау да ескерілмек, өйткені тұрғын үйлер құны әр жерде әртүрлі», – дейді Д.Ақышев. Ең соңғысы, төртінші кезең, оның хабарлауынша, жеңілдетілген ипо­текалық кредиттер «толықтай қам­та­масыз етілген және әбден қайта­рымды» болуы тиіс екендігінде. «Ипотекалық кредиттеуді жағым­сыз күйге түсірген, соңғы жылдары енгізілген, кейбір нормаларды қайта қарауға да тура келеді. Ұлттық банк сондай-ақ үкіметке қажетті заңдық өзгертулерді қарауына ұсынбақ», – деп хабарлады Ұлттық банк басшысы. Дегенмен, ол бағдарламаның бел­гі­ленген параметрлері алдын-ала қа­рауға ұсынылғанын және тиісті мем­лекеттік органдар мен банктер қа­ты­суымен талқыланатынын атап көр­сет­ті. Қорыта келе айтарымыз: мемлекет тарапынан банктерге қолдау көрсету нәтижесінде, шын мәнінде, бірталай ЕДБ айтарлықтай деңгейде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алды. Енді Президентіміз бастамасымен қолға алынған «7-20-25» бағдарламасын іске асыруда олар халық алдында жоғалтқан беделдерін жандандыруға тың мүмкіндіктерге ие болып отыр. Осыны оңды орындау – тек банктерге ғана емес, азамат­тардың белсенділігіне де байланысты болатын сыңайлы. Өйткені, төлемі қиын бұрынғы кредиттерден жүрегі шайлыққан олар мына қолжетімді төлемдер арқылы жағдайларын жөн­деп алуға қазір ашылған мүмкін­дік­терге едәуір сенім артып отыр.

Исатай ҚАМБАРОВ

693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы