• Қаржы
  • 05 Сәуір, 2018

Шағын несиелендіруге 4,3 млрд теңге бөлінген

Қаржыландыруға «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары да қол жеткізе алады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Кәсіпкерлер палата­сы­ның кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев мәлімдеді. Айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы 2017-2021 жылдарға ар­нал­ған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мы­ту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Өткен жылы оқыту пилоттық режимде облыстың же­ті ауданында өткізілді. Курсқа 1 312 адам қатысып, оның 285 қаты­сушысы өз ісін ашып, жобалары жалпы сомасы 1 млрд тең­геден астам сомаға қаржы­лан­дырылды. Бизнес-жобалар сан түрлі: мал және өсімдік шаруашы­лығынан бастап, өндіріс пен қызмет көрсету саласына дейін қамтыды. Сонымен бірге өңірге шағын несиелендіруге 4,3 млрд теңге бөлін­гені белгілі болды. «2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы барлық аудан орталық­тарында, сондай-ақ Тал­­ды­қор­ған, Текелі, Қапшағай қа­ла­ла­рын­да ұйымдастырылады. Биыл 3,3 мың адамды оқытып, 600-ден астам жобаны қаржылан­дыруды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер пала­та­сының кәсіпкерлікке қар­жы­лық емес қолдау көрсету бөлі­мі­нің басшысы Ерлан Датқаев. Спикердің сөзінше, «Бастау Бизнеске» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және ісін кеңейтуге мақсат қойған жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де қатыса алады. Қатысуға өтінім Жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылда­нады және үміткерлер онлайн тес­тілеуден өтеді. Оның нәтижесі бой­ынша оқуға қабылданады. Облыс бойынша тестілеу 14 сәуірге жоспарланған. Оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады. Қатысушыларға салық режимдері, заңнама, мар­ке­тинг негіздері, бизнес сала­сындағы сұраныстағы бағыт­тар және т.б. білім беріледі. Сонымен бірге, тәжірибелік сабақтар, кәсіпкерлік объектілерін аралау, табысты бизнес өкілдерімен кез­десу ұйымдастырылады. Бір айлық курста сабақты отандық бизнес-тренерлер беретін болады. Оқу аяқталған соң, «Бастау Бизнес» қатысушылары 6%-пен 18 млн теңгеге дейін шағын несиеге қол жеткізе алады. Жалпы Алматы облысында «Бас­тау Бизнес» жобасы бойынша оқыту16 сәуір күні басталады.

Қанат Балтабайұлы

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы