• Қаржы
  • 12 Сәуір, 2018

Рубльге сұраныс артты

2017 жылғы сұраныстың шырқау шегі ресейлік валютаның бір рубль құны 5,6 теңгеге бағаланған қазан-қараша айларымен тұспа-тұс келді. Сатып алынған валютаны есептемегендегі, айырбастау пункттерінің халыққа Ресей валютасын сатуы 2017 жылы 109,3 млрд рубльді құраған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда, 24,1%-ға артық, деп хабарлайды Ranking сайтынан.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қа­зақстандықтардың ресейлік ру­бльге неғұрлым жоғары сұра­ныс­тары өткен жылдың қазан-қараша айларында орын алған. Сол кезде айырбастау пункттері сатып алғанынан айтарлықтай көлемде артық рубль сатқан. Таза сатылым (нетто-сатылым) көлемі тиісінше, 11,8 және 11,5 млрд рубль құраған. 2017 жылдың қыркүйегінде рубль бағамы орта есеппен 5,9 теңге құраған, одан кейін өткен жылғы қазанда 5,8 теңгеге және 5,6 теңгеге түсіп кеткен. 2018 жылы Ұлттық банк айырбастау пункттеріндегі валю­та­лардың сатып алу-сату көлемін тікелей көрсетпей, шетелдік валютамен операциялар көлемін тек қана теңге және тек нетто-сатылым түрінде ғана көрсете бастады. Өкінішке орай, еліміздегі басты банк қаржылық басқарушы валютаға сұраныстың толықтай өрісін жарияламай отыр. 2018 жылдың қаңтарында айырбастау пункттерінің ресейлік рубльдегі таза сатылым көлемі 44,4 млрд теңгені құраған. Қаңтарда 1 рубль орта есеппен 5,8 теңге болған. Ал ақпанда нетто көлемі өткен аймен салыстырғанда 36,6%-ға өсіп, 60,7 млрд теңгені құрапты. Ақпандағы орташа бағам 1 рубльге 5,7 теңге құраған.

Рубльді сатып алу мен сату арасындағы неғұрлым көрнекті айырмашылық Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарда байқалады. Бірінші орында 2018 жылғы ақпанда нетто-сатылым көлемі қаңтардағыдан 15,7%-ға артық, яғни 6,9 млрд теңге құраған БҚО тұр. Одан кейінгі орында қаңтардағыдан 15,7% артық немесе 6,5 млрд теңгемен – ШҚО келеді, үш үздікті аталған айдағы өсімі 32,4% немесе 5,8 млрд теңге құраған – Алматы қорытады. Халықтың айырбастау пункт­теріне алғанынан өткіз­гендері көп жалғыз аймақ – Қызылорда облысы: минус 172,9 млн теңге, одан бір ай бұрын – минус 155,6 млн теңге. Рубльге сұранысты қазақстан­дық­тардың ақша аударымдары бойынша да байқауға болады. Мәселен, тұрғындардың ақшаларды аудару жүйелері арқылы ақшалай транзакциялары басым көпшілігінде Ресеймен жүргізіледі – 2018 жылдың ақпанында шетелге жөнелтілген барлық көлемнің 47,7%-ы және шет елдерден алынған ақшалардың барлық көлемінен 42,6%-ы. Ресей рубліндегі ақша ауда­рымдарының салыстырмалы кө­ле­мі ақпанда шетелге жө­нел­тіл­ген барлық көлемнің 38,3%-ын құраған және шет елдерден алынған ақшалардың барлық көле­мінен 26,3%-ды құрап отыр.

Осы дүйсенбіде, 9 сәуірде Мәскеу валюта биржасында рубль доллар мен еуроға қарағанда күрт әлсіреп қалды. Еуро бағамы 73,35 белгісіне жетті. Бұл 2016 жылдың қыкүйегінен бері болмаған еді. Доллар бағамы 59,67 рубльді құрады. Мұны сарапшылар ресейлік ірі компанияларға қатысты АҚШ-тың кезекті санкцияларымен және мұнай нарығының төмендеуімен байланыстырады.

Исатай ҚАМБАРОВ

Шетелдік және ресейлік БАҚ-тар материалдары мәліметтерінен даярланды

732 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы