• Қаржы
  • 12 Сәуір, 2018

Халық табысы төмендеп кеткен

Еліміз тұрғындарының атаулы табыстарының жыл сайынғы өсіміне қарамастан, халықтың сатып алу мүмкіншілігі екі жыл қатарынан қысқарған. 2017 жылы қазақстандықтардың орта есеппен жан басына шаққандағы табыстары 6,5%-ға өскен. Алайда, тұтыну бағаларының өсіп кетуі себепті, бұл табыстардың сатып алу қабілеті 0,9%-ға қысқарған, деп хабарлайды Finprom сайтынан.

Табыстардың ең жоғары дең­гейі – Атырау облысында: бір тұр­­ғынға статистикалық орта есеп­­пен 1,7 млн теңге, бұл мұнан бір жыл бұрынғыдан 1,8% артық. Оның үстіне облыс тұрғындары табыс­та­рының сатып алу қабілеті бірден 6,4%-ға қысқарған. Сондай-ақ екі астанамыз да көшбастаушылар қатарында. 2017 жылы астаналықтардың табы­сы орта есеппен 1,6 млн теңге, алматылықтардікі – 1,5 млн теңге құраған.

Екінші мұнайлы аймақта – ҚР-да орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыс деңгейі бойынша төртінші орындағы Маң­ғыстау облысында 4,2%-ға төмендеу тіркелген. Бұл көрсеткіш минусқа түсіп кеткен жалғыз аймақ. Облыс тұр­ғындары табыстарының сатып алу мүмкіншілігі бірден 10,2%-ға қыс­­­қарған. ҚР тұрғындарының атаулы та­быстарының жыл сайынғы өсі­міне қарамастан, халықтың са­тып алу мүмкіншілігі екі жыл қа­тарынан қысқара түсуде. 2016 жылы инфляция табыстар 13,7% өсімін «жұтып» қойған және де нақты сатып алу қабілеті 0,7%-ға төмендеп кеткен.

2017 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен табыс алған қазақстандықтар 2,4% болған, яғни ҚР тұрғындарының 436 мың адамын құраған. Айта кету керек, мұндай тө­менгі деңгей қаладағы тұрғын­дар­­­дың 1,1%-ын құраса, ауылдық жер­­­лердегілердің – 4,1%-ын құра­ған. Мұнан басқа еліміздің 0,1% тұр­ғындары азық-түлік себеті құ­­­ны­нан төмен табыс тауыпты (ау­ыл­­дық жерлерде – 0,3%). 2013-2017 жылдары халық­тың шығындары табыстарына қарағанда баяуырақ өскен. Аталмыш бесжылдықта қазақстандық­тардың табыстары ақшалай түрде 36%-ды құраған, сөйте тұра шы­ғындары 30,5% артқан. 2018 жылдың ақпанында Қа­зақ­­стандағы орта есеппен атау­лы еңбекақы 151 482 теңгені құра­ған. 2018 жылғы наурыздағы күн көріс деңгейінің көлемі 26 196 тең­ге құраған.

Иса ҚАМБАР

Мақала ҚР ҰЭМ СК мәліметтері негізінде дайындалды

1197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы