• Қаржы
  • 26 Сәуір, 2018

БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғаны белгілі.

Табыстылық деңгейі зей­нетақы активтерін біріктіру кезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейінен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнет­ақы активтерінің табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөліп қарайтын бол­сақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша са­лыстыруға болады: Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістерді оңтай­лан­дыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олар­дың үлесін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Осылайша, 2018 жылы зей­нетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

Қанат Балтабайұлы

1014 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы