• Қаржы
  • 26 Сәуір, 2018

Қаржы институттары қатаң сын алдында

Таяуда белгілі рейтингтік агенттік Fitch (толық атауы Fitch Ratings – америкалық корпорация. Бұл Standard & Poors және Moody’s сияқты халықаралық агенттіктердің «үлкен үштігі» қатарына кіреді – ред.) кең көлемді есебін жариялады. Онда Fitch Қазақстандағы экономиканың күретамыры – банктер жұмысына жан-жақты тоқталған.

Оның мәлімдеуінше, біздегі банк жүйесінде жағдайды жақ­­сар­­туға алғышарттар бар екен – бұған мемлекет тарапынан милли­ардтаған ақша құю мүмкін­дік бе­ріпті. «Банктер құрылымын қайта қарау жүргізілуде. Билік «Халық Банкін» ҚКБ-мен («Қазком­мерцбанк» АҚ) қосуды аяқтады және 2017 жылдың аяғында қиын­шылық көрген банктерге ІЖӨ-нен 1,3% көлеміндегі тәртіптелген борыш берді. Нәтижесінде жүйе­дегі капитал жеткіліктілігінің көрсеткіші 2017 жылдың соңында 21%-ға дейін жақсарды», – деп есептейді агенттікте.

Мұнай бағасының өсуі –Ұлттық қор нығаюы

Құндылығы көтерілген тағы бір көрсеткіш, бұл – мемлекеттік қаржы. Бұған республика ІЖӨ-не қатысты Ұлттық қордың жинағы мен қорды ұлғайту бойынша болжамдардың жоғары екендігі себеп болып отыр. Fitch былай деп мәлімдейді: «Мемлекеттік борыштың (2017 жыл­дың соңында ІЖӨ-нен 19,8%) және ҚР Ұлттық қо­рын­дағы активтердің 2017 жылдың соңында ІЖӨ-нен 36,9% көлемінде төмен екендігі жағдайында тәуелсіз қарыз күшті күйде қалады. Активтердің 3 жыл бойы қа­тарынан қысқарғанынан кейін, бюджет ережесі бойынша бюджетке трансферттер қысқаруын ескере келе, мұнай мен мұнай өндіруге бағалардың артуы 2018 жылдан бастап ҚРҰҚ (ҚР Ұлттық қоры) активтерінің нығаюына жағдай жасайды», деп күтудеміз. Мұның үстіне агенттік мол­давиялық бизнесмен Анатолий Стати салдарынан соттық іс қа­рау­ға себеп болған Ұлттық қор­дың активтері бұғауланғанын да назардан тыс қалдырмапты. «Қазақстан мен Молдова бизнесмендері арасындағы жалпы сомасы 500 млн доллар қуыным бойынша соттық іс қарау нәтижесінде 22,6 млрд. доллар ауқымындағы (эквиваленті 2017 жылда ІЖӨ-нің 14%-ы) ҚРҰҚ активтерінің іс жүзіндегі бұғаулануы осы активтердің мемлекет үшін қолжетімділігіне қатысты әлдебәр тұрлаусыздыққа душар етіп отыр.

Fitch бұл бұғаулауды уақытша және соның салдарынан Қазақ­станның тәуелсіз балансын баға­лауда ҚРҰҚ барлық активтері есептеледі деп қарастырады. Сонымен қатар, Fitch-тің түсінуінше, Үкіметтің активтерді бұғаулауды алып тастауға мүмкіндігі бар. Бұғаулау созылыңқырап кетсе және/немесе қосымша активтерге таралуы жағдайларында, біз өз есептеріміздегі Қазақстанның сыртқы төлем қабілеттілігі мен өтемпаздығы көрсеткіштерінен бұ­ға­уланған активтерді алып тастаймыз», – деп түсіндіреді агенттіктен.

Сыртқы қаржы көрсеткіштері

Біздің еліміз рейтингіне қатысты агенттік тарапынан бағалауы қай­та қаралған үшінші индикатор (көрсеткіш) сыртқы қаржы күйі­не қатысты. Аталмыш рейтингтік агент­тік Қазақстанның сыртқы ак­тивтерін бағалай келе, оны бір пунктке көтерген. «Таза тәуелсіз шетелдік активтер 2017 жылдың соңына ІЖӨ-нің 47,3%-на тең болған («BBB» рейтингтік санат үшін орта шама: 4,9%), бұл ҚРҰҚ активтерін және валюталық қордың қомақтылығын айғақтайды. Соңғысы ағымдағы операциялардың есебі бойынша 15 айлыққа жуық төлемдерді жабады. Fitch мұнай бағалары мен экспорттың (2017 – 3%) өсуі аясында ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2018 жылдан ІЖӨ-нен 3%-дан төмен қысқарады деп күтуде. Бұл болжамдық шек аясында сыртқы активтерді бұрынғыдан да нығырақ бекітуі тиіс. 2017 жылдың соңындағы ІЖӨ-нен 19%-ға бағаланған, таза сыртқы борыш, «BBB» рейтингті салыстырмалы елдерге қарағанда, жоғары. Бірақ ОЭК (отын-энергетикалық кешен) жүйесіндегі тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты борыштарды айтарлықтай қамтиды, бұлар бойынша қайта қаржыландыру тәуекелі және төлей алмау тәуекелі, Fitch пікірінше, қатаңырақ», – деп есептейді агенттікте.

Агенттік  болжамы бекем

«Тұрақты» болжамы Қазақ­стан­­дағы жағымды факторлар мен тәуе­келдің қазір қалыпты өрбіп отырғанын аңғартады. Мұның үстіне белгілі бір жаққа да, басқа жаққа да өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Бұған, мәселен, банк жүйесі әсер етуі мүмкін. Жағдай тұрақты жақсарған кездері болжам қайта қаралады. Сондай-ақ «банк жүйесі тарапынан тәуелсіз тепе-теңдік үшін қосымша шартты міндеттемелердің айтарлықтай заттандырылуы» кері әсер туғызады. Мемлекеттік және сыртқы қар­жының өсу себебіне айналған мұнай да алдағы кезеңдері жағымды әсерін тигізуі мүмкін. Бұл – экономика мен мемлекеттік қаржы шикізаттық тауарлар бойынша талықсытпаларға бекем болғанда мүмкін жағдай. Бұдан басқа Fitch монетарлық саясатқа да көңіл бөледі. Жалпы алғанда, рейтингтік агенттік жағдай қалыпқа түсіп келеді деп есептейді, бірақ бұл саясаттың күштілігінен емес, жағдайлардың үйлесімді өр­буінен деп есептейді. Монетарлық саладағы және валюталық нарықтағы жағдай соң­ғы айларда бірқалыпты өрістеуін жалғастыруда, мұны инфляцияның қысқаруы (2018 жылдың ақпаны­на осының алдындағы жылдың осы кезеңіне 6,5%-ға), депозиттерді дол­ларландырудың төмендеуі (2018 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша 45,2%-ға) және айырбастау бағамының тұрақтылығы артуы дә­лелдейді. Бұны елдің басты банкі жүргізіп отырған монетарлық саясаттың бір­тіндеп нығаюы және сонымен қатар мұнайға баға мен мұнай өнімдері са­ласындағы қолайлы жағ­дай да ай­ғақтайды. Монетарлық саясатты жүргізу арналары әлі де болса долларландыру деңгейін есепке алумен және банктердегі әлсіз теңгерімдермен шектеліп отыр, егер мұнай бағасы­ның құбылмалылығы қайта қалпына келсе, оның құбыл­малы айырбас бағамына және инфляциялық таргеттеу саясаты режиміне бейіл екенін іс жүзінде тексеруге тура келеді», – делінген Fitch жасаған рейтингтік сараптамада. Қорыта айтқанда, қазақстандық банктер қатаң сын алдында тұрған сияқты. Мұны қазіргі таңдағы талаптар да айғақтап отыр. Елбасы сын тезіне алған жекелегендері ғана емес, жалпы барлық банктер құрылымдық деңгейлерін көтеруге талпынбаса уақыт ағымына ілесе алмауылары да әбден мүмкін.

Иса ҚАМБАР

1548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы