• Қаржы
  • 10 Мамыр, 2018

Кредит алу қиындайды

Халықаралық финтеххолдинг зерттеулері осыған меңзейді

Қазақстанда соңғы кездері а жүйесі жұмысын реттеу енгізу белсенді талқылануда. Жылдық мөлшерлемені шектеу күшіне енген жағдайда еліміздің 20%-дан астам тұрғындары қандай да болмасын қарыз қаражатын алу мүмкіндігінен толықтай айырылады. ID Finance халықаралық финтеххолдингі кредитсіз қалуы мүмкін бұл адамдар кім екенін түсіну мақсатында арнайы зерттеулер жүргізген.

Айта кету керек, осыдан 4 жыл бұрын алғашқы онлайн займ-қарыздарды бере бастаған сәттен бері жүздеген клиенттер осы қызметті пайдаланды. Нақ осы баламалы кредиттеу қызметіне азаматтардың түрлі санаттары арасында қызығушылық артып келеді. Әдетте, онлайн-кредиттеу қызметтеріне шұғыл қаржылық қолдауға мұқтаж жандар жүгінеді. ID Finance компаниясының мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы және 2018 жылдың басында әрбір үшінші клиент қарыз алу мақсаты ретінде кезек күттірмейтін мұқтаждықтарды көрсетеді. Қарызды беру шапшаңдығы – қызмет түрін таңдаудағы түйінді фактор. Тапсырыс берген кезден мұнда қарызды алғаныңызша 10 – 15 минут қана уақыт өтеді. Онлайн-кредиттеудің танымалдылығы өсе келе, қарыз алушының сипаты да өзгеріске ұшырады. 4 жылда өзгерістер жыныс, жас ерекшелігі, отбасылық жағдайы, жұмыс тұрпаты, білімі мен еңбекақысының көлемі жағдайларын да қамтыды.

Аймақтар басты қалалардан озық

Онлайн-кредиттеуден көшбастау­шылар – Алматы мен Астана еке­ніне қарамастан, аймақтарда он­лайн-қарыздар үлкен сұранысқа ие. 2017 жылы аймақтардағы жиынтық сандық өсім 2016 жылмен салыстырғанда 71,1%-ды құраған. Бұл астанадағыдан 8,3%-ға артық. Мұның үстіне оңтайлы трафик 2014 жылдан бастап тұрақты түрдегіні бұлтартпай басып озып келеді. Мәселен, егер 2015 жылы қарыз алуға тапсырыс берілген, оңтайлы (мобильдік) қондырғылар үлесі бар-жоғы 14%-ды құраса, 2017 жылы бұл 53%-ға жеткен. Қаржылық қызметтердің қолжетімділігі интернеттің дендеп енуімен бірге арта түсуде. Қазақстан – ұланғайыр аумақты өлке, банктер жұмсалатын қыруар шығандарға бола, инфражүйені қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да финтехкомпаниялар қызметтері аумақтарда мейлінше талап етіледі, деп түсіндереді ҚазФинТех өкілі. Егерде финтехкомпаниялар елімізден кетіп қалатын болса, халықтың едәуір бөлігі жағрафиялық себептер салдарынан кредиттерге қолдары жетпей қалуы әбден мүмкін.

Онлайн-кредиттерді тұтынушы­лардың жартысы – 30-ға дейінгі жастар

2014 жылы, онлайн-қызметтер енді жұмыс істей бастаған кезде бізге сенім деңгейі жоғары болды. 2015 жылы онлайн-қызметтердің қазақ­стандық тұты­ну­шыларының айқын бейнесі қалып­тасты. Бұл 30 жастағы жоғары білімді, бойдақ, балалары жоқ, негізінен бюджеттік салада жұмыс істейтін, еңбекақысы айына 120 мың теңге ер-азамат еді. 2016 жылы онлайн-қарыздарды 18 – 30-дардағы жастар пайдаланды. Мұндай клиенттерге қарыздардың 52,4%-ы тиесілі болды, ал 2017 жылы осы жастар шектеуіндегі клиенттердің 56,6%-ы қарыздар рәсімдеген. 31-ден 40 жасқа дейінгі қарыз алушылар 26% пайыз ғана құраған. 50 жастан асқан егделер мұндай қызметтерді басқа топтарға қарағанда азырақ пайдаланады, бірақ олардың үлесі тұрақты өсіп келеді. 2016 жылы мұндай клиенттердің 7%-ы, ал 2017 жылы – 8,8%-ы қарыздар алған. Адамдар жаңа технологияларға әдеттеніп алады, оларды игеріп, белсенді пайдалану­шыларға айналады, дейді ID Finance компаниясының бас директоры Борис Батин. «Біз жас аумағының кеңей­генін байқаймыз: жыл сайын онлайн-қызметтерге жаңа пайдаланушы жастар да, ересек кісілер де қатарға қосылуда», – деп түйіндейді ол. Бұл – интернеттің және қашықтан қызмет көрсету танымдылығының өмірімізге ендеп кіруі, сондай-ақ халықтың қаржылық және компьютерлік біліктілігі артуының салдары. Онлайн-қызметтер, өз кезегінде, нақ осы қаржылық және компьютерлік біліктілікті көтеретін құралдар болып табылады.

Әйелдер экономикалық  тұрғыда ерлерден  белсендірек

Онлайн-сервистер қызметтерін тұтынушыларды жыныстық белгілері бойынша ажырату еліміздегі жалпы демографиялық жағдаймен сәйкес – әйелдер көбірек және олардың үлесі артуда. 2014 жылы еркектер үлесі қарыз алушылардың 51%-ынан астам болатын. Сосын олардың үлесі төмендеді және азая түсуде. Бүгінде онлайн-қызметтерден қарыз алушылар арасындағы жандардың 54%-ы – әйелдер. Бір жылда олардың үлесі 5,3 пайыздық бөлшекке өскен. Баламалы кредиттеу туралы хабар­дар­лықтың Қазақстанда жоғары екенін ескерер болсақ, мынаны де айта кеткен абзал: әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділіктері барған сайын арта түсуде, олар интернетті және мобильдік гаджеттерді сенімді пайдаланады. Онлайн-қарыздарды 21 күн марзімге 60 мың теңгеге дейін рәсімдеудегі «әйелдік» мейлінше белсенділікті Алматы қаласы мен Алматы облысында, Астана қаласы мен Ақмола облысында, сондай-ақ Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқауға болады.

Қарыз алушылардың  жартысы – жоғары білімділер

Осынау төрт жыл бойына онлайн-кредиттеу қызметтерінің клиент­те­рі арасында жоғары білімді адамдар үлесі артуда. 2017 жылы барлық қарыз алушылардың 55,3%-ының жоғары білімдері бар. Соның ішінде 6,7%-ы ғылыми дәрежесі бар екенін көрсеткен. Арнайы орта білімді қарыз алушылардың үлесі 24%-ға дейін төмендеген. Орта білімділер бар-жоғы 2,4%-ды құраған. Бұдан басқа баламалы кредиттеумен компания­лардың экономикалық және заңдық салаларындағы адамдар белсендірек пайдалана бастаған. 2017 жылы мұндай қарыз алушылардың үлесі 17,3%, яғни бір жыл бұрынғыдан 2,2%-дан аса артық, болған. Әдетте, бұл адамдар кредиттік қатынастар саласында қажетті білімдері бар, бәлкім тәуекелдікті алдын-ала бағалайды және қарызды қайтару маңызын ескере отырып, онлайн-қарыздарды тиімді пайдаланады. Онлайн-қызметтер тікелей, бірақ та банктік кредиттеуге баламалы ыңғайлы, қызмет ретінде қарас­тырылады, сондықтан да олардың тартымдылығы қар­жылық тұрғыда білікті жоғары білімділер арасында артып келеді, дейді Борис Батин. Онлайн-кредиттеу қызметтерін тұтынушы – уақытты және жайлы­лықты маңызды санайтын, онлайн-кредиттеудің барлық «жақсы» мен «жайсызын» бағалай білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын адам. Ал осындай жандар үшін, финтех нарығын жоюға әкелетін реттеу ережелерін енгізіп, сонымен қатар ыңғайлы әрі қазіргі заман­ғы қызметтерге қолжетімділікті жой­ып жіберуге бола ма екен, деп налиды зерттеушілер. Шын мәнінде, онлайн-кредиттеудің құй­рығы кесілсе, онсыз да жетер-жетпес еңбекақысына дейін әупірімдеп жүрген көпшілік бұдан айтарлықтай зиян шекпек. Осыны ойлады ма екен біздегі көлденең заң шығарғыш шенеуніктер мен құзырлы орындағылар?

Исатай ҚАМБАРОВ

1364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы