• Қаржы
  • 22 Қыркүйек, 2011

Салықты уақытылы төлеген абзал

Еліміздің қаржы секторында салық органдарының қызметі ерекше екенін баршамыз жақсы білеміз. Осы орайда мемлекет қазынасының толықтығы, тиісінше жалақы мен зейнетақының уақытылы төленіп тұруымен қатар, өңірлерде әлеуметтік нысандардың – мектеп пен балабақшаның, аурухана мен басқа да қажетті құрылыстардың бой көтеруі де тікелей азаматтардың кез келген салықтар мен міндетті төлемдерді өз уақытында, кешіктірмей төлеулерімен байланысты десек, артық айтқандық емес.

Бүгінгі күні ел азаматтары салық төлеуші мен мемлекет арасындағы өзара қатынастың қай деңгейде өрбуі керектігінен хабардар болғанымен, мемлекеттің салық саясатының мақсаттарын, функцияларын тереңірек түсіне бермейтін сияқты. Осы орайда бюджет алдында қарызы бар салық төлеушілермен және әрекетсіз салық төлеушілермен әлі де болса жан-жақты жұмыс жүргізудің орны ерекше. Салық қызметін көрсетудің сапасын жоғарылату нәтижесінде салық мәдениетінің деңгейінің көтерілетінін, сонымен бірге бюджеттің кіріс бөлігінің де молайатынын ескеру керек. Қазіргі кезеңде басты мәселе ретінде ұсынылатын салық қызметінің сапасының жақсаруы салық мәдениеті деңгейі көтерілуін қамтамасыз етуге аса ден қою қажет, яғни салық қызметін көрсетудің сапасын жоғарылату және түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызы мол. Өйткені салық мәдениетінің төмендігі салдарынан республика азаматтары арасында қандай да бір нақты салықтар мен төлемдерді уақытылы төлемеу, салықтан жалтару сияқты кері факторлар жиі тіркеліп жатады. Бұл да көбіне көп салық төлеудегі білімнің таяздығынан орын алатын құбылыс. Соның салдарынан салық төлеуші өз мүлкінен де айырылып жатады. Мысалы, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы Салық Кодексінің 613-бабында нақты көрсетілген. Салық Кодексінің аталған бабына сәйкес, салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күн­нен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, сондай-ақ мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайда Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi жүргiзедi. Мұндай шектеу салық төлеушінің шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің күшін толық жоятын сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады. Салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады және өндіріп алуға мүмкін болатын мүлікке ғана қатысты жүргізіледі. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім шығарылған күнгі салық төлеушінің дербес шотында бар салық берешегі сомасы туралы деректердің негізінде қабылдайды. Салық органы салық төлеушінің салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.

Бауыржан Алиасқаров,

Алмалы ауданы салық басқармасының

Бас салық инспекторы

594 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы