• Қаржы
  • 16 Мамыр, 2018

Сақтық қор активтері 30 млрд доллардан асты

Өткен жылдың 1-тоқсанындағы 1,4 млрд АҚШ доллары тапшылығымен салыстырғанда 2018 жылдың 1-тоқсанында ағымдағы операциялардың шоты алдын-ала бағалаулар бойынша аздаған тапшылықпен 95 млн долларды құраған. Энергия тасымалдаушыларға бағалардың қалпына келуі аясындағы сауда теңгерімі профицитінің артуы ағымдағы операциялар шотының тапшылығын қысқарту негіз болған түйінді факторға айналды. (1-таблица)

Сауда теңгерімінің оң сальдосы, алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 41,7%-ға артып, 6,1 млрд АҚШ долл. құраған. Тауарлар экспорты 25,9%-ға артқан, сөйтіп 13,8 млрд АҚШ долларын құрапты. Мұнай мен газ конденсатының құны (жалпы экспорттың 60,3%-ы) баға және сандық көлемінің ұлғаюы есебінен 35,5%-ға артқан. Түсті металдар экспорты 8,5%-ға өссе, қара металдар экспорты азғантай – 2,2%-ға төмендеген. Дәнді дақылдарды экспорттау екі есеге жуық артқан. (2-таблица) Тауарлардың импорты 15,7%-ға өсіп, 7,8 млрд АҚШ долл. құраған. Импорттың өсімі негізгі тауар но­менклатурасының барлық топтары бойынша жүзеге асқан. Неғұрлым артуы (24,8%) инвестициялық та­уар­ларды енгізу бойынша (жалпы импорттың 35,4%-ы) байқалады. Ара­лық өнеркәсіптік тұтыну тауарла­рының шетелдерден әкелінуі 9,2%-ға өскен. Тұтыну тауарларының импорты 13,3%-ға өскен, оның ішінде азық-түлік тауарларын енгізу – 16,1%, азық-түлік емес тауарлар 11,5%-ға артқан. Шетелдік тікелей инвесторлардың табысы 6,7%-ға, яғни 4,6 млрд АҚШ долл. дейін артқан. Тікелей инвес­тициялар әкелген резидент емес­тері табыстарының жартысынан астамы қазақстандық еншілес кәсіп­орындарды қаржыландыруға ба­ғыт­талған. Қаржы шоты бойынша (Ұлттық банктің сақтық қоры активтерімен опе­рацияларды есепке алмағанда) ал­дын-ала мәліметтер бойынша активтерінің қысқаруы аясындағы ре­зиденттердің міндеттемелері төмен­деуін қамтамасыз еткен 0,6 млрд АҚШ долл. аумағындағы капиталдың таза жылыстауы орын алған.

[caption id="attachment_23916" align="aligncenter" width="700"](2-таблица) (2-таблица)[/caption]

Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) бойынша капиталдың таза жылыстауы 2,6 млрд АҚШ долл. құраған. Капитал түсімін шетелдік үлестес компаниялар қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өздерінің борыштық міндеттемелерін өтеуімен және резидент еместер табыстарын қайта инвестициялаумен қамтамасыз еткен. Капиталдың жылыстауын, резидент еместердің дивидендтерінің (төлем теңгерімінің сыныптамасы бойынша капиталды алып қою болып танылатын, супердивидендтер деп аталатындар) айтарлықтай төлем­ақысымен байланысты, капитал түсі­мін ішінара толықтырды. Қоржындық инвестиция бойынша капиталдың таза жылыстауы, негізінен, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру (ҚМГ БӨ) АҚ-ның нарықта өз акцияларын және ғаламдық де­по­зиттік қолхаттар сатып алуы есе­бінен «Қазмұнайгаз» АҚ-ның ҚМГ БӨ үстінен бақылауын арттыру мақ­сатында, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ ва­лю­талық қоржынының артуы мен оның 220 млн АҚШ долл. көлеміндегі активтерін сыртқы басқаруға беруі есебінен де, 1,8 млрд АҚШ долл. құрады. Сақтық қордың активтері (ҚР Ұлт­тық қоры активтерін есепке алмағанда) 2018 жылдың 1 сәуіріне 30,6 млрд АҚШ долл. бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен қыз­мет­тердің 8,4 айлар бойына қар­жы­ландыруын қамтамасыз етеді.

Исатай ҚАМБАРОВ

985 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы