• Бизнес & Қоғам
  • 03 Тамыз, 2012

ҚАЗАҚМЫС: отандық өндірістің биік асуы

Рымтай САҒЫНБЕКОВА

Қазақстанның тұрақты дамуындағы басты бағыттың бірі ұлттық экономиканы әртараптандыру болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған жаңа индустрияландыру саясатын жүзеге асыру мақсатындағы осы бағыттың негізінде қазақстандық үлесті арттыруға сүбелі үлес қосып отырған компанияның бірі – еліміздегі ірі өндіріс ошағы «Қазақмыс» корпорациясы. – Қазақстандық үлесті арттыру – индустрияландыру саясатын жүзеге асырудың қазіргі кезеңіндегі өзекті де маңызды мәселе. Отандық тауарлар мен жұмыс, қызмет көрсету үлесін арттырудың бір тетігі осы бағыттағы қызметтің ашық болуы. Бұл мемлекеттің ғана емес, республикадағы барша ком­паниялардың жауапты мін­деті, – дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның басқарма төрағасы Эдуард Огай. Соның бір айқын көрінісі – «Қазақмыс» компаниялар то¬бының ұйымдастыруымен отан-дық тауар өндірушілерді қол¬дауға арналған «Қазақ¬стан¬дық өнім жасаймыз» атты ІІІ форумның өткізілуі. Отандық және әлемдік ірі өндірушілердің, салалық мемлекеттік ұйымдар мен даму институттарының өкілдері қатысқан бұл бас­қосудың мақсаты – өзара ық¬пал­дастық, өнімдерді жеткізу, технологиялар трансферті, шет­елдік технологиялардың қа­тыс­тырылуымен өндірістерді ық¬шам­дау мәселелерін талқылау жөнінде ірі де ашық сұхбат алаңын қалыптастыру. Қазақстан Республикасында қазақстан¬дық қамтуды арттыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағ¬дарлама қабылданғаны бел­гілі. Бағдарламаға сәйкес елі¬міз­де экономикалық тиімді тауар өндіру мен қызмет көрсе­туді қамтамасыз ету үшін қазақстандық үлесті көбейту жоспарланған. Осылайша, сатып алудың жалпы көлемінде тауарлар бойынша 16 пайыз, жұмыс пен қызмет көрсетуде 85 пайыз қазақстандық үлес болуы тиіс. Ал 2011 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Қазақ¬мыс тобы тауар сатып алу, жұмыс және қызмет түрлерін пайдалануға 195 млрд теңге қаржы жұмсаған, оның ішінде 117 млрд теңгеге тауарлар сатылып алынған, 78 млрд жұмыс пен қызметке жаратылған. Оның ішінде Қазақстан рези¬денттерінен сатып алу көлемі 168 млрд теңгені құрап, жалпы сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемінің 86 пайызын құраған. Бұл жерде импорттың үлесі небары 14 пайыз (27 млрд теңге). Әлемдегі жетекші мыс өндіруші компания «Қазақмыстың» тау-кен өндірісі руда өндіруден бастап мыс сымдары және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2011 жылы Қазақмыс өз кеніштерінен алын¬ған кен қазбасынан 299 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс, 140 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Сондай-ақ компания әлемдегі ең ірі он күміс өндірушінің бірі боп табылады (2011 жылы 13 млн унция күміс өндірді). Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі жеткі¬зілімдерімен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен сүйе¬мелденіп тұрады. Қол жеткенге тоқмейілсімеу – «Қазақмыс» ұжымын асудан асуға бастайтын ерекшеліктің бірі. 2012 жылдың бірінші жар­тыжылдығының қорытын¬дысы бойынша «Қазақ¬мыс» тобы 86,6 млрд теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған, соның ішінде 62,1 млрд теңге сомаға тауар сатылып алынған, жұмыстар мен қызметке 24,5 млрд теңге жұмсалған. Оның 37,7 миллиарды (СТ-КZ сертификатын ескергенде) қазақстандық кәсіпорындардан сатып алу көлемінің еншісінде, яғни пайыздық көрсеткіші жалпы сатып алулардың 44 пайызын құрап отыр. Осындай жоғары жетістіктері үшін биыл шілде айында өткен Тау-кен металлургия өнеркәсібінің ІІІ конгресінде «Қазақмыс» қазақстандық үлес­ті дамытудағы жыл көш­бас­таушысы ретінде ұлттық «Алтын Гефест» салалық сыйлығымен марапатталды. Мұндай жоғары көрсеткіштер, әрине, компанияның сауатты құрылған өндірістік саясатын дәйектілікпен жүзеге асыруының нәтижесі екені даусыз. Мәселен, «Қазақмыс» елімізде алғашқылардың бірі болып қазақстандық үлесті арттыру мақсатында арнайы құрылымдық бөлімше жа¬сақ¬таған компания болып табылады. «Отандық тауар өндіру¬шілерді қолдау мақсатында құрылған жұмыс тобы 60 кәсіпорында болды. Қазіргі күні біз сол кәсіпорындардың 38-інен астамымен ынтымақтастық байланысты жолға қойдық, – дейді Э. Огай. – Біздің өндірістік қызметіміздегі қазақстандық кәсіпорындардың қатысу үле¬сінің жыл сайынғы артуын көзбен көру ерекше мәртебе, өйткені, бұл – Елбасының алдымызға қойған міндеттерді абыроймен орындау жолында жұдырықтай жұмылған «Қазақмыс» корпорациясы» жұ¬мысшы-қызметкерлерінің ұйым­шыл да ерен еңбегінің нә¬тижесі». Соңғы жылдары мемлекет басшысы және ел үкіметі жер қойнауын пайдалану саласында, оның ішінде іргелі таукен-металлургиялық жобаларда қа­¬зақ¬стандық үлесті арттыру қажет¬тігіне баса назар аударып отыр. Осы орайда «Қазақмыс» корпорациясы» басқарма төр­аға­сы айтқандай, отандық кә¬сіп­орындарды бұл жұмысқа тар­ту компанияның еңбек және өндірістік ресурстарын жаңа деңгейге көтеруге, халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.

416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы