• Бизнес & Қоғам
  • 24 Тамыз, 2012

АЙМАҚТЫҢ АЙШЫҚТЫ СИПАТЫ

Қызылорда өңірі еліміздегі өндірісі өркендеп, дами бастаған орталықтардың бірінен саналады. Аймақта үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге аса бастауы облыс тұрғындарының игілікті істерге атсалысып, табыс көзін табуларына мүмкіндік беріп отыр. Өйткені халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының түзелуіне жұмыс орындарының көптеп ашылуы ықпал ететіндігі белгілі.

Көлік дәлізі еңбекке жұмылдыруда

Сыр өңірінде индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 122,4 млрд. теңге болатын 27 инновациялық жобаны енгізу көзделген. Өткен жылдары аймақта 79,6 млрд. теңгелік 21 жоба іске асырылды. Бұлармен қоса картаға енбеген 34 жобаға 10 млрд. теңге шамасында инвестиция салынып, 1,9 мыңдай жұмыс орны ашылды.

Қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізінің құрылысы 16 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Автодәліз құрылыс индустриясының жолға қойылуына, өндірістің дамуына серпін берді. Бас-аяғы екі жылдың ішінде картаға енген 8 кәсіпорын салынып, олардың тиімділігі тәжірибеде көрінуде. Осы уақыт ішінде өңірде қиыршық тас өндірісі 3 есеге артты. Битум шығаратын зауыт та айтарлықтай жетіс­тік­терге қол жеткізді. Жобаны жүзеге асырған «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустрияландыру картасына енген тағы да екі ірі жоба – компью­термен басқарылатын заманауи ас­фальтбетон зауыты және қиыршық тас өндірісін жолға қойыпты. Сондай-ақ, өнімдері халықаралық автомагистраль құрылысында пайдаланы­латын темір-бетон бұйымдарын дайындайтын жаңа зауыттар салынды.

Электр қуаты арттырылуда

Индустрияландыру картасы аясында мұнайшылардың Құмкөл кенішіндегі газтурбиналық электростанция қуатын арттыру бар. «Петро ­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамдары бірлесіп энергия көзінің қуатын екі есе көтерді. Бұл жерде ілеспе мұнай газы да өз пайдасын тигізетіндігі байқалады. Сондай-ақ, Ақшабұлақ кен орнында тағы бір ірі электр станциясы іске қосылды. Жобаға «Кристалл Менедж­мент» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 19,6 млрд. теңге бөлсе, нысанды «HІTACHІ Ltd» фирмасы заманауи, жоғары технологиялық қондырғыларымен жабдық­тап берді. Электрстансаның номиналды қуаты 87 мВт-ты құрайды. Сонымен қатар өндірісті 40 мВт-қа ұлғайту мүмкіндігі де бар.

Өңірдің индустриялық-инновациялық бағдарламасына «Қазатом­өнер­кәсіп» ҰАК» АҚ және оның шетелдік әріптестерінің жобалары енген болатын. Нәтижесінде өндіріс қуаты жылына 500 мың тоннаны құрайтын күкірт қышқылы зауыты өз жұмысын бастады.

Қажетті жобалар жеткілікті

Облыста атқарылған жобалармен бірге өңірге өте қажет жоспар­дағы жобалар да бар. Үстіміздегі жылы индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша жалпы құны 710,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылады. Алдағы жылдарда да ауқымды жобалар қолға алынады. Солардың бірі – «Сыр Цементі» ЖШС-ның «Цемент шығару зауыты». Жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын жобаның аясында жаңадан 120 жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, Шиелідегі сирек кездесетін металл – ваннадий кен орнын өндеумен айналысатын «Балауса фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысына да қызығушылық басым. Аталмыш фирма «Бала Сауысқанды» кен орнындағы рудаларды жабық қазанда қайта өндеуді жандандырмақ. Құны 35,0 млрд. теңгені құрайтын «Бала-Сауысқанды кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы 1100 жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге шамасы жетеді.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдар­ла­масының шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру үшін 5,3 миллиард теңгені құрайтын 49 жоба мақұлданды. Оның 3,0 миллиард теңгені құрайтын 29 жобасын қаржыландыру бас­талды.

773 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы