• Ақпарат
  • 01 Қараша, 2018

Төлем карталарының қолданысы артты

Қазақстандық карточкалармен (қазақстандық эмитенттер – ақша берушілер – шығарған, өз территориямызда және ҚР-нан тысқарыда қолданылатын, төлем карточкалар қарастырылған) қолма-қол ақша берудің көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамызында 8,6 трлн теңгені құраған.   Солардың ішінде бүкіл көлемнің 99,9%-ы халықаралық жүйелердің карточкаларына тиесілі. Жылдық өсім 26,4% құрап отыр, деп мәліметтер келтіреді ranking.kz сайтынан (1-инфографика). Халықаралық жүйелердің жалпы көлемдерінің 95,3%-ы Visa мен MasterCard жүйелерінің төлем карталарымен қаржыларды қолма-қол ақшаға айналдыруға тиесілі екен. Соңғы 2 жылда карточкалық нарықтың қозғаушы күшіне айналған ең белсенді жүйе MasterCard болып табылды, оның қолма-қол ақша алудағы жылдық өсім көлемі 70,7%-ды құрап, 2018 жылдың қаңтар-тамызында 2,7 трлн теңгеге дейін жеткен. Бұдан бір жыл бұрынғы осындай кезеңдегі өсім 66,5%-ды құраған. Visa жүйесінің нарықта (халық­аралық жүйелердің карталарымен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаржылардың бүкіл көлемінің 63,7%-ы) сенімді түрде көш бастап келе жатқанына қарамастан мұндағы жылдық өсім бар-жоғы 17,7% (бір жыл бұрын – 11,5%) құраған (2-инфографика). ҚР аумағында (қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған, ҚР территориясында қолданылған төлем карточкалары қарастырылып отыр) қаңтар-тамызда қолма-қол берілген ақша 8,5 трлн теңгені құраған, өткен жылдың осындай кезеңіндегіден 25,1% артық. Карточкадан қолма-қолға айнал­ды­рылған қаржылардың көлемі бойынша қос астана сенімді көш бастап келеді. Бірінші орында даусыз қаржылық орталығымыз – Алматы: 2 млрд теңге, жылдық өсім – 21,4%. Дегенмен, ҚР-дағы үлесі 24,4%-дан 23,6%-ға дейін қысқарған. Көлемі бойынша екінші орында Астана: 951 млрд теңге, бір жылдағы өсімі – 23,6%. ҚР-дағы үлесі – 11,4%-дан 11,3%-ға дейін кеміп кеткен. Айта кету керек, төлем карточкалары соңғы жылдары тұрмысымыздың барлық салаларын қамтыды десек, артық айтқандық емес. Айлық ақыла­рымызды, зейнетақыларды да ғана емес, тіпті кредитті де бұрынғыдай кезекте тұрып, банкілерде өтемей-ақ, тікелей банктік карточкалардың өзімен төлей саламыз. Пайдасы зор, әрине, тек соны енді тиімді пайдаланып, үстемелеп толтыра түсуге тырысу­ды әдетке айналдырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Иса ҚАМБАР

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы