• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2011

Құрылысшылардың тартуы мол

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысында төрт балабақшаның құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар облыс құрылысшылары төл мерекелері қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандарды пайдалануға берді.

· Әуелі, болашағымыз балаларға арналған нысандардың құрылысына келейік. Олар Бөкейордасы ауданындағы Сайқын, Теректі ауданының Подстепный ауылдарының әрқайсындағы 290 орындық, Орал қаласындағы 360 орындық және Бөрлі ауданының Қызылтал ауылындағы 320 орындық балабақша құрылыстары қарқынды жүруде. Одан басқа Орал қаласының 5-шағын ауданында әрқайсысы 290 орындық екі балабақша құрылысы жүруде. ҚПО-ның қаржысы есебінен Орал қаласында және 350 орындық жаңа балабақша салынып жатыр, - деді БҚО құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің бастығы Әнуарбек Мүкеев.

Қазіргі уақытта Зеленов ауданындағы Асан ауылында 230 орындық, Орал қаласындағы 5-шағынаудандағы 1200 орындық мектеп құрылыстары аяқтала келген. Оралдың 9-шағын ауданында ҚПО компаниясының қаржысы есебінен 1200 орындық мектеп құрылысы басталды. Тасқала ауданында 300 орындық мектеп пен 100 орындық интернаттың құрылысы аяқталып отыр. Сонымен қатар шілденің соңында Круглоозерный ауылында аусымына 75 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Ақ бұлақтың» суы барады

Өткен жылы «БҚО-ның елді мекендерін ауыз сумен қамту» бағдарламасы бойынша алты нысан салынып, 59,53 шақырымдық су құбыры тартылды және үш үш су ұңғымасы қазылды. Сөйтіп, сапалы ауыз сумен 9465 адам қамтамасыз етілді. Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

- Оның 16-сы сумен қамту нысандарының құрылысын салуды және бірқатар су нысандарын реконструкциялауды көздейді. Осы жобалардың бесеуіндегі құрылыс жұмыстары биыл да жалғасын тауып отыр. Олар - Тасқала ауданындағы Оян ауылын сумен қамту, Бөкейордасы ауданындағы Саралжын, Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылдарындағы су құбыры құрылыстары, Бөрлі ауданының Приуральный ауылындағы су құбыры желісін реконструкциялау жұмыстары. Ал биыл 11 жоба, соның ішінде Ақжайық ауданындағы Мерген ауылын сумен қамту, осы аудандағы Есенсай ауылында ұңғыма және су құбыры, Ақжайық ауданына қарасты Бударин, Қаратөбенің Ханкөл ауылдарындағы су құбыры құрылыстары, Бөрлідегі Жарсуат ауылын сумен қамту жүйесін және Зеленов ауданындағы Погодаев, Теректі ауданындағы Шағатай, Қазталов ауданындағы Жұлдыз, Қараоба ауылдарының сумен қамту жүйелерін реконструкциялау, Жаңақала ауданындағы Жаңақала ауылындағы ауылішілік су құбыры, Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау ауылына су жеткізетін құбыр құрылыстары жұмыстары қолға алынған, - деді облыстық құрылыс басқармасының бастығы Қуаныш Мұхаметқалиұлы. Сонымен қатар сумен қамтитын 14 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Жалпы биыл осы 30 инвестициялық жобаға республикалық бюджеттен 1982514 мың теңге бөлінбек. Биылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша, сумен қамту нысандарын салуға республикалық бюджеттен 1307206 мың теңге бөлінген, соның 1275381 мың теңге көлеміндегі қаржы (98 пайызға) игерілген.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

Орал қаласы

554 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы