• Өндіріс
  • 27 Маусым, 2019

Қара алтын өндіру азайған

Өткен 5 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру 3,1%-ға төмендепті. Сәуірдегі айлық өндіру көлемі 2017 жылдың ақпанынан бергі минимумге жетіп жығылыпты, дейді https://365info.kz сайтынан. Әйтсе де билік: ешқандай алып бара жатқан қауіп жоқ деп сендіреді.

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы мамырда елімізде 5,9 млн тоннаға жуық – сәуірдегіден 6,6%-ға артық – мұнай өндірілген. Алайда, бұл өткен жылдардағыдан айтарлықтай аз. Мәселен, 2017 жылдың мамырында өндірілген мұнай көлемі 6,2 млн тоннаға жуықты құраса, 2018 жылдың мамырында – 6,8 млн құраған. Сөй­тіп, өткен жылдың мамырымен салыс­­тырғанда мұнай 13,2%-ға кем өндірі­ліпті. Бес айдың қорытындысы бойынша да төмендеу байқалады. 2019 жыл­дың қаңтар-мамырында кен орындарынан 36,5 млн тонна «қара алтын» өндірілген. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,2 млн тоннаға (3,1%) аз деген сөз (1-таблица).

Индекске соққы

Бұл өнеркәсіптің жалпы көрсет­кіш­теріне де әсер етпей қоймады. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ) 5 айдың қорытындысында 102%-ды құраған. Бұл, 2019 жылдың қаңтар-мамырындағы өндірістің жиынтық көлемі – 2018 жылдың қаңтар-мамырынан – 2% жоғары деген сөз. Ал бұл көп емес. Мысалы, 2018 жылдың қорытын­дысы бойынша ӨӨИ 104,1% құраған. Республикамыздың 6 аймағын­да – Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында өнеркәсіптік өндірістің төмендегені байқалады. Олардың үшеуінде – Қы­зылордада, Атырау мен Маңғыс­тауда – ӨӨИ шикі мұнай өндірудің төмендеуінен құлдыраған. БҚО-да газ конденсатын өндірудің төмендеуі себеп болып отыр. Павлодар облысының көрсеткіштеріне, соның ішінде мұнай өңдеудің төмендеуінен – жағар май мен дизель отынының өндірісі құлауы да, қысқаруына ықпалын тигізген (2-таблица).

Бұл уақытша құбылыс

Дегенмен, көрсеткіштердің бар­лық жағдайдағы төмендеуі де уақытша көріністер. Энергетика минис­трі Қанат Бозымбаев осылай деп мәлімдеді. «2018 жылдың осындай кезінде­гіден мұнай өндірудің төмендеуі Қашағандағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты. Жос­парланған 45 күннің орнына жөндеу іс жүзінде 35 күнді құраған. Сөйтіп, 14 сәуірден 19 мамырға дейін өндіріс толықтай тоқтатылған. Қашағандағы жөндеу жұмыстары мерзімінен 10 күн бұрын аяқталған. Қашағандағы мұнай өндірудің ағымдағы деңгейі тәулігіне 300 мың баррель деңгейіне шейін жеткен», – дейді министр. 2018 жылға қарағанда, қазіргі өнді­рудің деңгейі төмен болғанына қара­мастан, бұдан қауіптенетін еш­теңе жоқ. Министрдің айтуынша, осылай жоспарланған екен. «Мұнай өндірудің ірі үш жобасы бойынша көлемі 21,7 млн тонна құраған. Қашаған кен орнында – 4,24 млн тонна немесе 2018 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 84,9% өндірілген. Сосын бұл осы жылдың жоспарынан 5,4%-ға жоғары», – деп тиянақтайды Энергетика минис­трлігінен. Қарашығанақтағы жағдай да осындай: өндіру жоспардан жоғары (+1,8%), бірақ 2018 жылғыдан төмен (-4,5%). Теңізге қатысты айтар болсақ, мұндағы көрсеткіштер жоспардан қалыс, бірақ сонша сыни емес – 0,3% ғана.

Мұнай қайда кетіп жатыр?

Сонымен қатар қазақстандық мұнайдың экспорт картасы өзгеріске ұшырауда. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, сәуірде шет елдерге жалпы сомасы 3 млрд АҚШ долларын құраған 6,6 млн тонна «қара алтын» сатылыпты. Оған қоса, ірі клиенттер болып табылатын Өзбекстанға, Иорданияға, Литва мен Малайзияға жөнелтулер тоқтатылған. Бірінші тоқсанда қазақстандық мұнай үшін олардың жиынтық төлемі 343,3 млн долларды құрапты. Дегенмен, АҚШ-қа, Хорватия мен Польшаға сату айтарлықтай артқан. Егер қаңтар-наурызда жиынтық экспорт 35,2 млн АҚШ долларын құраса, сәуірде – $240 млн-нан асып түсіпті. Сондай-ақ Румынияға да өнім жөнелту артқан. Мұнда сәуірдегі көрсеткіш ($212,6 млн) осының алдындағы үш айдың жиынтық сатуларынан ($294,4 млн) аз ғана кем түскен (3-таблица).

Өткізудің басты нарығы Италия болып қалуда. Тек сәуірдің өзінде ғана бұл елге $788 млн – жалпы ақшалай түсімнің төрттен бірі сатылған. Ұзақ уақыттан бері қазақстандық мұнайды тұтынудың көлемі бойынша екінші орында болып келген Нидерланд көрсеткіштері одан әрі төмендеуде: сәуірде бұл ел басты сатып алушылардың ондығына әзер енген. Кореяның рөлі арта түсуде: 4 айда осы елге 1 млрд АҚШ долларының мұнайы – 2018 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 89%-ға артық сатылған. Қазір неғұрлым маңызды сатып алушыларымыз екі ел – Италия (2,9 млрд) мен Франция (1,2 млрд) болып табылады.

Исатай ҚАМБАРОВ

1943 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы