• Атамекен
  • 01 Тамыз, 2019

Цифрлық медицина дәрігер мен науқастың мүддесіне жауап бере ала ма?

Электронды денсаулық сақтау жүйелерінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындығы «Атамекен» алаңында талқыланды.

Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, медициналық қоғамдастық және ІТ-компанияларының өкілдері қатысты.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бақарма төрағасының орынбасары Алена Романованың мәлімдеуінше, «Атамекен» мауысым айының басында Денсаулық сақтау министрлігімен электронды денсаулық сақтау жүйелерінің дайындығына қатысты диалогты белсендірді. «Денсаулық сақтау министрлі­гінде өткен жиналыс барысында министр палатаның өтініші бойынша, медициналық қоғамдастықты жұмысқа жедел жұмылдыруды тапсырды. Біз өз тарапымыздан ми­нис­трлік пен Қор жүргізіп жатқан жұмыстар жайында нарықты неғұр­лым белсенді ақпараттандыруды сұрадық. Жұмыс келесі тізбекте өтеді – бір айда бір рет вице-министрдің қатысуымен атқарылған жұмысқа есеп жүргіземіз. 2-3 айда бір рет минис­трдің қатысуымен жиындар ұйым­дастырылмақ», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева. Сонымен қатар Юлия Якупбаева жеке медициналық ұйымдарды алаңдататын, Міндетті әлеуметтік медициналық жүйені іске қосқанға дейін шешілуі керек бірқатар мәсе­лелерді айтып өтті. «Біріншіден, электронды денсау­лық сақтаудың құрылымы. Жүйе дәрігерлерге түсетін ауыртпалықты азайта ала ма? Қор және денсаулық сақтау басқармасы алдындағы есептілік көлемін төмендете ме? Қор әзірлеп жатқан «Сақтандыру» жүйесі деген не? Аталған жүйе меди­циналық ұйымдар бөлетін қаржы мониторингі мәселелсін шеше ме? Екіншіден, науқастарға арналған сервистер. Науқастың электронды төлқұжаты іс жүзінде жұмыс істей ме? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде адамдар дәрігерлер көмегіне жиі жүгінетін болады. Бұған қоса дәрі-дәрмекті рецептімен беру бойынша нормалар іске қосылды, демек жалпы практикадағы дәрігерлерге түсетін ауыртпалық арта түседі. Электронды рецепт қашан жұмыс істей бастайды? Бұл жаңашылдыққа емханалар мен дәріханалар дайын ба? Кері байланысты және азаматтардың өтінімдері/шағымдарының бірыңғай терезе жұмысын қалай жолға қоюға болады? Үшіншіден, қауіпсіздік мәселелері. Денсаулық туралы жаңа кодекс жобасы шеңберінде бірқатар түзетулер енгізілуде, бірақ олар қауіпсіздік мәселелелерін қажетті деңгейде шешпей отыр. Деректер әр медициналық ақпараттық жүйеде шашыраңқы жиналуда. Ситуациялық орталықтар және мемлекеттік органдар жеке деректерді иесіздендірмей өткізіп жатыр. Медициналық ұйым­дардың үлкен ауқымы ішінде деректерге бақылау жүргізілмейді. Егер қағаз жүзінде бұл үлкен алаңдаушылық тудырмаса, онда электронды жазбалар түрінде бұл жеке жүйелік қауіп болмақ. Серверлерге, уақытша сақтау жүйелеріне талаптар бар ма? Жүйедегі ақпарат көлемі қарқынды өсетін болады, деректерді өңдеу жылдамдығы/интернеттік жылдамдық – бәрі қалай қамтамасыз етілмек? Төртіншіден, сараптама блогы, клиникалық процес­терді, емдеу хаттамаларын, қаржы ағындарын бақылауды цифрландыру және т.б», – деп атап өтті Юлия Якупбаева. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев жиналысқа қатысушыларды МӘМС енгізу аясында жиналысқа қатысушыларды Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық жүйелерді дамыту жоспарымен таныстырды, ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова «Сақтандыру» ақпарат­тық жүйесін таныстырды. Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша ұсыныспен «Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ирина Пивоварова сөз алды. «Цифрландыру бойынша топ жұмысына клиникалық ұйым өкіл­дерін тарту (Үкіметтік емес ұйымдар, Ғылыми-зерттеу институттары, ғы­лыми орталықтар және т.б.). Меди­циналық ақпараттық жүйелердің шамадан тыс реттелуін есепке ала отырып, деректерді 1С-пен біріктіру, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану, кадрлық мониторинг, аутсор режимінде пайдалануға рұқсат етілетін функционалдар (тамақтану блогы, дәріхана), науқасқа байланбаған нақ­ты шығындар деректері (көпреттік қолдану, медициналық тағайындау заттары, құралдар) арқылы деректерді жинау қажеттілігі мен өзектілігін қарау керек. Медициналық ақпа­раттық жүйелеріне талаптарды стандарттарға сәйкестігін процестер мен формалар бойынша емес, түпкі нәтиже бойынша бағдарлау керек. Біздің ұйымымыз түрлі мін­деттерге бірнеше медициналық жүйе­лерді: клиникалық және басқару­шылық жүйелерді қолданады, бұл жұмысқа ыңғайлы. Сондықтан бір немесе бірнеше ұйымдарда түрлі медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау үшін хаттамаларды әзірлеуді сұраймыз», – деп атап өтті Ирина Пивоварова. Цифрландыруға кететін шығын­дарды медициналық қызметтер тариф­теріне қосу тақырыбын «Салауатты Астана» ЖШ директоры, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастықтың мүшесі Лейла Ишбаева көтерді. ICS директоры Уатай Базарбек клиникалық процесс негізінде ақпараттандыру алгоритмі бойынша ұсыныстарды айтып, жүйе негізінде науқас және дәрігер болуы керектігін алға тартты. Ақпараттық жүйелер құрылымын қайта қарау, МӘМС жүйесінде меди­циналық қызметтерді сатып алуды бәсекелік ортаға беруді «Сұңқар» ЖШС директоры Қуаныш Керімқұлов ұсынды. Ал «Қазақстан Реыспубликасынң фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ президенті Марина Дурманова жеке дәріханалар позициясын айтып өтті. «Қазіргі таңда бір де бір коммер­циялық дәріхана рецептермен жұмыс істеу үшін электронды денсаулық сақтау жүйесіне қосылмаған», – деп атап өтті Марина Дурманова. «Денсаулық сақтауды цифрландыру – қазіргі таңда өте маңызды әрі өзекті тақырып. Көп тақырып көтерілді, әлі де мәселелер көп, ал уақыт тығыз. Аталған жиналыста қол жеткен келісімді ескере отырып, МӘМС жүйесінде ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуінің құрылымын, ақпараттық қауіпсіздікті, медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын минималды талаптарды бекіту, денсаулық сақтау субъек­тілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған есеп беру және есепке алу нысандарын қысқарту, жеке дәріханалық ұйымдарға қосылу, электрондық денсаулық сақтау, цифрландыру құнын ескере отырып, медициналық қызметтерге тариф­тердің құрылымын нүктелі қарау туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты біз әр бағытты егжей-тегжейлі талқылау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жобалық топтардың кездесулерінің кестесін жібереміз», – деп қорытындылады Алена Романова. Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 1 қаңтарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Оны іске асырудың ма­ңызды құралы – ақпараттық жүйе болмақ. Жүйе МӘМС қатысушылары арасында ақпараттық жедел алмасуды және МӘМС қорының қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Әлия Кемелбекова

1074 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы