• Атамекен
  • 08 Тамыз, 2019

Кәсіп бар жерде – нәсіп бар

Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударған түркістандықтардың жаңа өмірімен танысу мақсатында теріскейге келген түркістандық журналистер облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевпен кездесті.

Кездесу барысында Асқар Жоламанұлы көшіп келгендердің тұрмыс-тіршілігіне тоқтала келіп, жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қажетті жағдай жасалып, жер учаскелері бөлінетінін, құрал-жабдықтар алуға гранттар беріліп, мал басы мен құс алуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін субсидиялар қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында несиелер беріледі. БАҚ өкілдері кездесуден соң бірден Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрь ауылына ат басын тіреді. Бұл ауылда орта мектепте алғашқы әскери дайындықтан сабақ беретін Мақсат Есжанов атты азамат тұрады. Малшылықпен де айналысып отырған ол қазіргі таңда 10 бас ірі қара малын бағып, «Игілік» ӘКК сүт өткізіп отыр.

Ауданның сұлу табиғаты ауыл шаруашылығына өте қолай-лы болғандықтан, бұл өңірге оңтүстіктен көшіп келетін көп-шілік мал ұстап, егін өсірумен айналысқанды жөн көреді. Түркіс-тан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ақпараттық тур аясында «Сулышоқ» ауылына келген журналистер қауымы «Жәнібек» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Күнгейліктерді халық тығыз қоныстанған оңтүстіктен солтүстік өңірге көптеп тарту мақсатында «Жәнібек» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Жәнібеков 4 баспана салып жатыр. Келесі жылы тағы 5 үй салу жоспарланып отыр. Қазір бұл ауылда ауыл шаруашылығымен айналысатын 4 отбасы жаңадан салынып жатқан үйлерге көшіп баруға дайын. Қызылжар қаласында жаңадан ашылған «Қытай емдеу орталығының» иесі Мөлдір Ізтілеуованың жолдасы – дәрігер. Бұл отбасы Солтүстік Қазақстанға 2016 жылы Ордабасы ауданы, Шұбарсу елдімекенінен көшіп келген. Қазір өз кәсіптерін дөңгелентіп отыр. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақ-стан облысында 1000-нан астам бос жұмыс орны бар. Қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен әңгімелесіп, кеңес беру кезінде бірінші кезекте мамандығы бойынша бос орындар немесе балама түрі ұсынылады. Сонымен қатар қоныс аударушылар өз бетінше де жұмысқа орналаса алады.

ЕРНАР ОРМАНОВ

916 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы