• Цифрлы Қазақстан
  • 21 Тамыз, 2019

Цифрландыру табыс көлемін арттыруда

Самұрық-Қазына басшылығы алға қойған басым мақсат – Трансформациялау бағдарламасын Қорға қарасты қоржындық компаниялардың бизнестегі міндеттеріне барынша сәйкестендіру, түбегейлі өзгеру арқылы әрбір компанияның табысын көбейтетін жаңа шешімдер шығарып, «ауадан» түсетін жалған цифрларды азайту.

Цифрлық трансформациялау бағдарламасының мақсаты – компаниялар тобының тиімділігін арттыру арқылы стратегияларды іске асыру және өндірістік проблемаларды шешу. Бүгінде ұлттық компаниялар жүргізіп отырған цифрландыру жұмыстарының нәтижесінде табыс көлемі едәуір ұлғайып келеді.

Мұның мысалы, былтыр «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы таза пайда 28 млрд теңгені құрады. Самұрық-Қазынада өткен экономиканы жаңғырту және цифрландыру кеңесінде Қор компанияларын сандық түрлендіру мәселелері талқыланды. Кеңеске цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Қордың қоржындық компанияларының басшылары қатысты. Жиынды ашқан А.Есімов өткен жылы Трансформация бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер болғанын атап өтті. Ол мәлімдегендей, Қор трансформация мен цифрландыру бағдарламаларын біріктіріп, оларды барынша тиімді еткен. Бірыңғайландыру арқылы оң өзгерістер орын алып, нәтиже жақсара түскен. Сонымен қатар Қор компанияларындағы өндірістік процестерін жақсартуға бағытталған және оған кіретін жобаларды іріктеу тәсілін мұқият жүргізеді. Бұл тәсілдің белгілі қорытындысы бар. 2018 жылы таза табыс 28 млрд теңгені болса, биыл жобалардан түсетін таза кіріс 40,7 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар. – Өткен жылы цифрландырудан күтіліп отырған пайда көлемі зор екендігін көрсетіп, жобаларға айтарлықтай мол бюджет сұраған портфельдік компаниялармен қызу пікір таластырған едік. Сөйтіп, оларға бағындырылатын нақты көрсеткіштерді көрсетуге тура келді. Есесіне бүгін өздері баяндайтын жобалар шынымен де табыс әкеліп, бәсекеге қабілеттілік тудыратынын білетін боламыз, – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің пікірінше, Самұрық-Қазына қоры экономиканы цифрландыру бойынша ауқымды істер атқаруда. – Самұрық-Қазына қоры Қазақстанның цифрландыру бағдарламасындағы негізгі қатысу-шыларының бірі. Қордың цифрландыру жөніндегі жобалары өміршең және мен ол жобалардың ел экономикасын цифрландыруға қосатын үлесі зор екеніне сенімдімін, – деп атап өтті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Бүгінгі таңда еліміздегі жетекші компаниялар сандық экономиканы алға жылжыту мақсатында цифрлық форматқа көшіп жатқаны белгілі. Сәйкесінше, Самұрық-Қазынаға қарасты компаниялардың барлығы цифрлық технологияларды кеңінен қолданып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ тасымалдау құжаттарын электронды форматқа ауыстыру жобасын қолға алса, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеуаралық кезеңді ұзартатын жобамен айналысып жатыр. Ал «Қазпошта» АҚ «Қазақстан Республикасында В2В2С қызметтерін дамыту» жобасын іске асыруды көздейді. Жалпы, жаңартылған бағдарламаға 56 жоба мен 98 іс-шара кіреді.

1621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы