• Өндіріс
  • 28 Тамыз, 2019

Сапалы өнім мен тұрақты өсім

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстандағы балмұздақ маусымының алдын ала қорытындысын шығарды. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда компанияда өсім бар – «Шин-Лайн» балмұздағы өнімдерінің сатылымы 20%-ға, ал ақшалай түрде 30%-ға артты. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есе өсіп, компанияның кіріс құрылымындағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін артқан.

Жалпы республикада балмұз-дақ және мұздатылған десерттер санатында тұтынудың өсуі компанияда бұрынғы деңгейде жылына 3%-ға бағаланады. «Шин-Лайн» компаниясы үшін 2019 жылғы маусым өнімді экспорттау және жыл сайын нарыққа жаңа өнімдерді шығару есебінен сату географиясын кеңейтуді таңдау стратегиясының дұрыстығын көрсетті. Компанияның экспорт-тық бағытының көшбасшысы болып «Бахрома» премиалды өнімімен Ресей танылуда, ал Қазақстандағы сатылым бестселлері бұрынғысынша ең танымал «Бомба» бренді болып табылады. Қазақстандағы өсім көшбас-шысы осы маусымда ірі сауда желілері арқылы 2/3 сатуды қамтамасыз ететін Алматы қаласы болды. Сондай-ақ жекелеген өңірлерде сатылым озыңқы қарқынмен өсті. Атап айтқанда, Қарағандыда – 27%, Көкшетауда – 24%, ал Ақтауда – бірден 59% өсті. Ең танымал мұздатылған тәттілерге келетін болсақ, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылдың 7 айында «Бахрома» балмұздағының сатылымы – 137%, «Бәйтерек» – 63%, «Мишка на полюсе» – 51%, «Джусики» – 39%, «Миша» – 27%-дық өсімді құрады. «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компанияның кірістер құрылымындағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін өсті. Шин-Лайн үшін экспорттық жеткізілімдердің даму тарихы өзінің бірегей тәжірибесін жинақтап, 2017 жылдан бастап белсенді түрде дами бастады. Компания қазақстандық балмұздақтың шетелдік нарықтарға алғашқы және жалғыз экспорттаушысы болып табылады. 2018 жылдан бастап Қытайға жол ашылды. Бүгінде қазақстандық балмұздақ 8 елге жеткізіледі: Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қытай. – Ресей нарығы компанияның барлық экспорттық нарықтары арасында көшбасшы болып қала береді. Бұл елге экспорт табиғи мәнде 40%-ға және ақшалай мәнде 50%-ға ұлғайды. Бұл жоғары бәсекелі нарық және «Шин-Лайн» балмұздағының сапасы мен дәмін ресейлік тұтынушылар лайықты бағалағанын білдіреді. Қазақстандағы балмұздақ-ты сату көшбасшылары – компанияның «визит картасы» – «Бомба» бренді, шығыс тәттілерінің күрделі құрылымы мен дәмі бар бірегей балмұздақ «Бахрома» және пломбирлер отбасындағы ең үздік өкілдердің бірі – «Мишка на полюсе, – деді «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин. «Шин-Лайн»жаңа дистрибуторларды ынтымақтастыққа тарта отырып, Қытайда өз өнімдерінің ұсынылуын кеңейтуді жалғастыруда. Аспан асты еліндегі он-лайн сату мүмкіндіктерін тестілеу басталды. Бұл – басқа елдерде де енгізілетін жаңа және қызықты тәжірибе. Компания Өзбекстан нарығында «Шин-Лайн» өнімдерін сатудың табиғи және ақшалай мәнде 280% өскенін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қырғызстанда есепті кезеңде табиғи мәнде 54% және ақшалай мәнде 73% өсім байқалды. Монғолияның нарығы шамамен 25% өсу перспективасымен тұрақты сатуларды көрсетеді. Биылғы маусымда «Шин-Лайн» балмұздағын тұтынушылар Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан сияқты нарықтарда оң қабылдады. Белоруссияда «Бахрома» балмұздағы жергілікті тұтынушыларды өзінің экзотикалық және қайталанбас дәмімен таң қалдырды. Айта кету керек, «Бахрома» балмұздағы – бұл Беларусь нарығындағы Қазақстанның алғашқы өнімдерінің бірі. «Шин-Лайн» компаниясы Минскінің негізгі сауда желілеріне кіріп, 35 тоннадан астам өнімді сатты, келесі маусымнан бастап өнімді өңірлерге ұсынуды жоспарлап отыр. Украинада, оның орталық бөлігінде және Одесса облысында сатуды бастау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан басқа, келесі жылы перспективалы сату жөнінде грузиялық серіктестермен келіссөздер жал-ғасуда. – Біз Әзірбайжан мен Тәжікстан нарықтарындағы перспективаларды жақсы бағалаймыз. Әзірбайжан өз астанасы Бакумен, қазіргі заманғы Кавказдың орталығы, жеткілікті талапшыл тұтынушыларымен қазірдің өзінде «Бахрома» премиум өніміне дайын және мұндай өнімдер қазір Кавказда жоқ, ал «Мишка на полюсе» брендінің өнімдері – бұл Ресей, Беларусь және Украинадан келетін барлық пломбирлердің тамаша баламасы. Әрине, мұнда бірнеше ел арқылы транзит немесе Каспий теңізімен өту сынды логистиканың қиындықтары бар, бірақ біз осы нарыққа сеніммен қараймыз. Тәжікстан жақын, бірақ нарықтық дамудың мүлдем басқа деңгейімен, сондықтан әр түрлі өнім қоржынын ұсыну арқылы әрбір ұлттық тұтынушының сұранысынан шыққымыз келеді, – деп атап өтті Дмитрий Докин. Биыл «Шин-Лайн» компаниясы дәстүрлі түрде нарыққа жаңа өнімдерді шығарды. «Бахрома» сериясында қалың fondant трюфель-қызыл апельсин және қалың fondant пісте-финик пайда болды. Осы премиалды жаңалықтардың басты айырмашылығы – нәзік кілегейлі балмұздақ «ыстық шоколад» өндіру технологиясы бойынша инновациялық жолмен көмкеріледі. «Ыстық шоколадты» қатыру температурасының төмен болуы тұтыну жағдайында нәзік болмай, икемділікті сақтауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, «Бахрома» балмұздағы Қазақстанда да, шетел нарықтарында да көп сатылатын суық тәтті болып табылады және елдің визиттік картасы болуға әбден лайық. «Мишка на полюсе» тізбегінде де дәмді шешімдер ұсынылды. Пломбир-зефир «Мишка на полюсе» жұмсақ шоколадта, сондай-ақ майқоспалы печеньедегі пломбирден жасалған үлкен сэндвич. Биыл өндіруші «Джусики» жеміс мұздарының желісін жаңартты. Жеміс мұздары тұтынушылардың сұранысына, әсіресе кішкентай бүлдіршіндердің, жауап беретін компанияның азық-түлік қоржынының тағы бір бағыты. «Шин-Лайн» компаниясының сараптамалық бағалауына сәйкес, еліміздің шығыс және батыс облыстарында эскимо, Солтүстік Қазақстан облысында вафельді стақан балмұздағы тұтынушылар көңілінен шықты. Қытай тұтыну-шысына мұздатылған тәттілер ішінде эскимо ұнайды. Еуромонитордың мәліметтері бойынша, Қазақстандағы балмұздақ нарығы 84 млрд теңгеге немесе 34 мың тоннаға бағаланады. «Шин-Лайн» компаниясы 35% үлесімен Қазақстан балмұздақ нарығының көшбасшысы болып қала береді. Компания экспортты одан әрі арттыру, Қазақстан және басқа да елдер тұтынушыларының сұранысын барлық жаңа дәмдерге қарай қанағаттандыру стратегиясын және инновациялық, тек сапалы шешімдерді ұсынады.

НҰРЛАН ҚҰМАР

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы