• Өндіріс
  • 28 Тамыз, 2019

Дала мүмкіндіктері шексіз

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті сорттарды, ресурс үнемдейтін технологияларды жасап, өндіріске енгізу – аграрлық ғылым саласына артылған зор үміт екендігі аян. Осы ретте А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы агроөнеркәсіптік кешен экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.   Ақмола облысындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаеваның, Қазақстандағы АҚШ елшісі У. Мозердің, Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Г.Әбдіқалықовтың, сондай-ақ америкалық Valmont компаниясының жаһандық директоры С.Маузестің қатысуымен «Дала дәні» атты халықаралық дала күні өтті. Мереке аясында пленарлық отырыс ұйымдастырылып, онда саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Мемлекеттік және бизнес құрылымдардың, шаруа қожалықтарының, салалық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері аграрлық ғылымды дамыту, мемлекеттік сектор мен бизнес-құрылым арасындағы өзара іс-қимыл, ғылыми жаңа әзірлемелерді егіс дақылдарында қолдану, агротехнологияларды дамыту мәселелерін кеңінен талқылады. – Экономикасын әртараптан-дыруға ұмтылып отырған Қазақ-станның аграрлық секторы зор әлеуетке ие. Аграрлық технологиялардың тек экологиялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар жылдам, тиімді және үнемді болуы өте маңызды. Осы бағытта америкалық технологиялар, соның ішінде Valmont компаниясы қазақстандық әріптестерге көмектесуге дайын. А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықта жасалған жұмыс біздің ортақ мақсатымыздың куәсі болатынына сенімдімін, – деді АҚШ елшісі екі ел арасындағы халықаралық қатынастарды жоғары бағалап. Осы күні Valmont трансұлттық компаниясының оқу залы да ашылды. Компанияның жобалар мен халықаралық қызметтерді қолдау жөніндегі жаһандық директоры С.Маузес Қазақсан Үкіметінің бағытымен, серіктес компания Кусто Групппен бірлесе әрекет ете отырып, елдің ландшафтын өзгертуге ниетті екендіктерін жеткізді. Іс-шараға қатысушылар ғылыми-өндіріс орталығының тарихи мұражайын аралап көрді. Таяуда күрделі жөндеуден өткен мұражайда аграрлық саланың тарихы үшін құнды 300-ге жуық экспонат қойылған. Дала күнінің екінші жартысында қатысушылар нақты егіншілік полигонындағы көрсетілім алаңында болып, орталықта шығарылған ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарымен, озық технологиялардың мүмкіндіктерімен, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен алынған ауыл шаруа-шылығы алқаптары жөніндегі мәліметтермен, олардың жоғары сапалы сандық карталарымен танысты. Ал Valmont компаниясының мамандары орталық алқаптарында орнатылған жаңбырлатқыш агрегатты ұялы телефонның мобильді қосымшасы арқылы іске қосты. Сонымен қатар Вектор, Агромашхолдинг, John Deer, Кировец, Ростсельмаш, СLAAS, AMAZONE, JCB, Trimble, Алмаз (Алтай машина жасау зауыты), Агропром, Ата-Су, Еуразия групп және тағы басқа отандық және шетелдік компаниялар көрме алаңын бойлай тізілген ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа үлгілерін ұсынды.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы