• Атамекен
  • 28 Тамыз, 2019

Кедендік құнды бақылаудың соны жүйесі

Тамыздың жиырмасында «Атамекен» ҰКП кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашеваның жетекшілігімен қосынды әдісіне негізделген кедендік құнды бақылаудың жаңа әдісін енгізу мәселелеріне қатысты сарапшылар жиыны өтті. Жиынға Мемлекеттік кірістер комитеті, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің сарапшылары қатысты.

«Қосынды әдісі негізінде» жүргізілетін кедендік құнды бақылау контрафактілерді жоюға, көлеңкелі экономика үлесін азайтуға мүмкіндік беріп, жергілікті өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасайды Қатысушылар жиын барысында Қытайдан импортталатын тауарлардың жекелеген категориялары бойынша кедендік құнды анықтаудың қолданыстағы тетіктері кірмелі тауарлардың әділ бағасын белгілеуде тиімсіз екенін айтып, күн тәртібіндегі негізгі мәселе жан-жақты талқыланды. Айтылып отырған жәйттің салдарынан мемлекетке кедендік төлемдер толық көлемде түспейді, өйткені сыртқы экономика қызметінің кейбір қатысушылары кедендік құнды қолдан төмендетеді. Бұдан ісін адал жүргізетін кәсіпкерлер де зардап шегеді. Олар тауарды төмен бағамен кіргізетін тұлғалармен бәсекеге түсе алмайды. Осы ретте Кедендік әкімшіліктендіру департаменті кедендік құнды бақылаудың қосынды әдісіне негізделген немесе басқа сөзбен айтқанда, тауардың өзіндік құнына негізделген жаңа тетік енгізуді ұсынды. «Аталған әдіс құрамдас бөліктер мен шикізат құны, оны өндіруге және импортталатын елге жеткізуге кеткен басқа шығындар негізінде қалыптасатын тауарлар туралы бағалық ақпарат қалыптастыру тетігі болып табылады. Шикізатқа бағалар қазақстандық өндірушілер, сондай-ақ шетелдік өндірушілердің әртүрлі дерек көздерін барынша қамту негізінде құрылады. Мәселен, қытай өндірушілері және басқа да нарық көздері (тауар биржалары және т.б.), сонымен қатар ашық көздер: интернет-нарықтар, салалық зерттеулер және тағы басқа деректер негізінде құралады», – деді Дина Мамашева. Әділ баға ауқымын Қазақстан Республикасы саудасының статистикалық деректері, ЕАЭО бағалық базасы, Электронды шот-фактура бағалық базасы, ашық статистика деректері, В2В, В2С нәтижелері сынды әдістер мен ақпарат көздерін салыстыру арқылы анықтау көзделіп отыр. Ұсынылған тұжырымдама бойынша нақты мағлұмдаушы, яғни тауарларды әкелу иә әкету құқы бар заңды не жеке тұлғалар тарапынан берілген есеп айырысу әдісімен алынған тауарлардың бағаларын салыстыруға мүмкіндік беретін жүйені әзірлеу қарастырылған. Егер декларант мәміле бағасы бойынша өзінің белгілеген бағасын дәлелдей алмаған жағдайда кедендік бағаға жоғарыда аталған әдіс негізінде қолданыстағы бағалық ақпарат қолданылатын болады. Кедендік құнды дұрыс бағалау әдістемесін енгізудің артықшылығы неде? Аталған әдіспен жұмысты жолға қою бюджет кірісінің артуына, көлеңкелі экономика үлесінің төмендеуіне, саудадағы бейресми жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, статистикалық деректердің нақтылануына, жергілікті өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасалуына, импортты бейресми қаржыландыру үлесінің төмендеуіне, импортты сақтандыру көлемінің өсуіне, нарыққа неғұрлым сапалы тауарлардың келуіне және контрафактілі тауарлар деңгейінің төмендеуіне оң ықпал ететін болады. «Атамекен» алаңындағы жиынға қатысушылар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысын қолдады. Аталған әдісті енгізу мүмкіндігін талқылау жалғасады.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы