• Атамекен
  • 28 Тамыз, 2019

Жаңа басымдықтар талқыланды

«Атамекен» алаңында еліміздің 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның жобасы аясында басымдық берілген тауарларды анықтау әдістемесі талқыланды.

Бағдарлама жобасында еліміздің 2020-2025 жылдар аралығындағы кезеңде индустриялық-инновациялық дамуының импортты алмастыру және экспортты арттыру секілді екі бағыты қарастырылған. Осы ретте басымдыққа ие тауарларды анықтау әдістемесіне қатысты «QazIndustry» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов: «Қазақстанда басымдыққа ие тауарларды анықтауға талдау жүргізу әдістемесі әзірге жоқ. Көрсетілген әдістеме «Российский экспортный центр» АҚ үлгісін қолданумен экспортты тауарлар талдауына негізделген, оған сәйкес тауарлар шикізатты және шикізатты емес бағыттарға бөлінген, әр бағыт сәйкес шектерде энергетикалық және энергетикалық емес тауарларда көрсетілген», – деп түсіндіріп өтті. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эдуард Квятковский отандық экономиканың ерекшеліктері ескерілмейтін көрші елдің әдістемесіне толықтай сүйену дұрыс еместігін айтты. «Біз бағдар жасау мақсатында өз әдістерімізді айқындап алмақпыз. Сіздер талдауда Ресей әдістемесіне сілтеме жасап отырсыздар. Өзге әдістемені алып, оны жай ғана Қазақстанға қолдану дұрыс шешім емес. Біз өз еліміз үшін басымдыққа ие салаларға назар аударуымыз керек», – деді Эдуард Квятковский. «QazIndustry» АҚ деректеріне сәйкес, өңдеу өнеркәсібінің 16 саласы бойынша басымдыққа ие 4241 тауар анықталды. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі өнімдері өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі, қағаз өнеркәсібі, баспа формаларын дайындау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, резіңке және пластмасса өнімдері, құрылыс материалдары, металлургия өнеркәсібі, металл бұйымдары (металл өңдеу), машина жасау, жиһаз өнеркәсібі және басқа дайын өнімдерді өндіру. «QazIndustry» АҚ басқарма төрағасы Әлишер Әбдіқадыровтың айтуынша, экспортқа арналған басымдыққа ие тауарлардың анықталған тізбесі мемлекеттік қолдау шараларымен нақты ынталандырудың заманауи трендінің талаптарына, сондай-ақ салаларды ішінара қолдау талаптарына толығымен сәйкес келеді. «Мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру шикізатты бағыттағы тауарларға емес, жоғары технологиялық тауарларға көрсетіледі», – деді Әлишер Әбдіқадыров. Осы ретте бизнес-қоғамдастықтың өкілдері басымдыққа ие тауарлар тізбесі және іріктеу әдістемесіне қатысты алаңдаушылық білдірді. «Қазір біз өзімізге басымдыққа ие тауарларды таңдап алдық және барлығын 3 халықаралық әдістеме негізінде осы топқа келтіруге тырысып жатырмыз. Бізге түбейгейлі басқа тәсіл керек деп ойлаймын. Экспорттан қандай нәтиже алғымыз келетінін түсінуіміз керек. Критерийлерді анықтап, солардың негізінде әдістемені әзірлеу керек. Сонда келесі кезекте басымдыққа ие тауарларды таңдау оңай болады», – деді «ҚазАвтоӨнеркәсіп» басқарма төрағасы Серік Рахымов. Әріптесін қолдаған Стартегиялық бастамалар орталығының директоры Бақытжан Саркеев: «Өнеркәсіптік өндірісті дамытуда сапалы серпіліс жасау үшін экспорттық әлеуетке және импортты алмастырумен қамтылатын 5-20 тауардан тұратын тізбекке назар аудару керек. Өйткені бағдарлама аясында ақшалай қаражат шектеулі», – деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП төралқасы адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов белгілі бір «сүзгілердің» болуы қажеттігін айтты. «Әдістеме шет елдердегі кешенді кедергілерді, сыртқы нарықтардағы негізгі трендтерді ескермейді. Әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін анықтауға болады, бірақ отандық тауарлардың халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмеуі салдарынан сыртқы нарықтарға шыға алмайсың. Қазіргі таңда отандық тауарлардың халықаралық талаптарға сәйкес келер-келмейтіндігіне талдау жоқ», – деді Талғат Доскенов. Жиынды қорытындылаған «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева өз сөзінде: «Бұл мәселені ауқымды аудиторияға түсіндіру үшін бізге тауарлардың түсінікті әдістемесін жасау керек. Біріншіден, бүгінде экспорттан Қазақстан экономикасына айтарлықтай көбірек табыс әкелетін тауарларды белгілеу керек. Олардың өткізу нарықтары жолға қойылған, онда Қытай немесе Ресей ғана емес, Еуропа да, АҚШ та бар. Аталған нарықтарда бүгінде бәсекеге қабілеттіміз және бұл тауарлар отандық жалпы ішкі өнім үшін маңызды. Екіншіден, экономика үшін келешекте маңызы үлкен нарықтарды көрсету. Үшіншіден, бүгін дамуы әлсіз болғанымен, ертеңі бар, жаңдандыруымыз қажет жаңа немесе ескі салалар. Төртіншіден, ары қарай экспортқа шыға алатын импортты алмастыруда әлеуеті бар бағыттар. Осылайша, экономикалық мақсатты және қолдау шараларын, қажетті қаржылық қаражатты бөлу басымдығы түсінікті болады», – деп атап өтті.

ӘЛИЯ КЕМЕЛБЕКОВА

491 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы