• Бизнес & Қоғам
  • 04 Қазан, 2012

Экономист мамандығы және оның болашағы

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша қазақ бөлімінде оқитын 2 курс студенттері 2 тобының ұйымдастыруымен және 2 курс магистрларының қатысуымен Алматы қаласы № 1 балалар үйінде жоғары сынып оқушыларына арналған жуырда  «Кім боламын?  Қандай боламын?» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде магистрлар Исакова Кристина Қазақ Ұлттық Универститетінде қанша факультет және қандай мамандықтар бойынша білім алуға болатындығы жайлы баяндаған болса, ал Сұлубекова Айжан университеттегі студенттер өмірі туралы баяндады. Жалпы 2 курс студенттері Есентаева Ақжүніс, Омарова Толқын, Байсалова Ботакөз, Әбдірешова Меруерт және т.б. «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінде дайындалатын мамандықтар және оның болашағы туралы өте тартымды да қызықты баяндамалар жасады. Баяндамаларында есеп және аудит, қаржы, экономика, маркетинг, менеджмент мамандықтары бойынша білім алып шыққан мамандардың болашағы, олардың ел экономикасының қандай салаларында еңбек етуіне болатындығы туралы айтылды.

Экономика және бизнес жоғары мектебі Қазақ ұлттық университетінің ең  негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады. Мұнда оқу дәстүрлі классикалық жаңа инновациялық әдістерді қолдану негізінде жүргізіледі.

 Экономика және бизнес жоғары мектебінде оқу барысында студенттер әскери дайындықтан өткізіліп және жатақханамен қамтамасыз етіледі. 

 Экономика және бизнес жоғары мектебінде күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі ғалымдар еңбек етеді. Онда Қаржы, Маркетинг және Менеджмент, Есеп және аудит және Экономика  кафедралары жұмыс істейді.

 Онда әр дайым экономиканың өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми тәжірибелік, халықаралық конференциялар ұйымдастырылып отырады және  жыл сайын республикалық студенттер конференциялары мен пән бойынша олимпиадалар өткізіледі.

  Жоғары мектеп студенттері республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырады.

  Экономика және Бизнес Жоғары мектебі іс-әрекетінің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» тақырыбындағы дәрісінде және «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

    Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 3000-нан астам студенттер дәріс алады, олардың 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды. Сонымен қатар, Экономика және Бизнес Жоғары мектебі мамандарды қысқартылған курс бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беру базасы негізінде дайындайды.

   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің түлектері Президент Әкімшілігінде, Экономика және Бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, ҚР статистикалық агенттігінде, Ұлттық банкте, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және басқа да қаржылық мекемелерде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық экономика салаларында қызмет атқарады.

   Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде мамандарды дайындау орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг және логистика.

     әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде студенттер өмірі өте қарбалас. Онда студенттердің ғылыми кружоктары, КВН, дебаттық клуб, түрлі үйірмелер, Ыстық-Көлде студенттердің дем алатын лагері жұмыс істейді, сонымен қатар тұрақты конкурстар мен спорттық жарыстар өткізіліп отырады. «Сұңқар» студенттік профкомы, студенттер Маслихаты, жатақхана Студенттер советі сияқты студенттік ұйымдар жұмыс атқарады. Экономика және бизнес жоғары мектебінде әр дайым студенттер дебаты және кіші футболдан «декан кубогіне» турнирлер өткізіліп отырады. Бухгалтерлер күні, қаржыгерлер күндері 8 наурыз, 9 май жеңіс күндері аталып өтеді.

     Студенттер үйіне «алтын күз» атты күзгі бал, арулар арасында «қыз аруы», үздік этаж атты конкурстар ұйымдастырылып, сонымен қатар Наурыз мейрамы және басқа мейрамдар өткізіліп отырады.

     Университеттің спорт кешенінде әрбір студент физкультурамен және спорттың (үлкен теннис, шейпинг, бокс, күрес, бадментон және басқа да) түрлерімен айналысуына болады. Факультет студенттерімен түлектер арасында дүние жүзілік чемпионаттар мен олимпиялық ойындарға қатысып, жүлделі орындар иегерлері де бар.

     Профессорлар мен оқытушылар кейінгі 5 жылда жарияланған 1100 ғылыми және оқу-методикалық жұмыстардың авторлары. Оның ішінде 30 монография, 40 оқулық пен оқу құралы бар екендігіне тоқтала келе студенттер бүгінгідей мүмкіндік туып, балалар үйі тәрбиленушілерімен кездесіп, жақын танысқандары үшін қуанышты екендіктерін айта келе, кездесу тақырыбының Кім боламын ? Қандай боламын? деп аталуының өзі жай емес екендігін айтты. Себебі, дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі, адам өзі сүйіп таңдаған іспен айналысқанда ғана жоғары жетістіктерге жететіндігін айта келе, дөңгелек стөлді ұйымдастырудағы басты міндет: өздеріңмен жақынырақ танысып, ҚазҰУ және оның факультеттері мен мамандықтары туралы жалпылама мағлұмат беріп, оның ішінде бухгалтер мамандығының, экономика мамандықтарының ерекшеліктері туралы мағлұмат беру екендіктеріне тоқталды. Сөйтіп, балалар үйі тәрбиеленушілеріне экономика және бизнес Жоғары мектебі жанында дайындаалатын экономист мамандығы және оның болашағы жайлы студенттер тарапынан жан-жақты мағлұмат берілді.

Сонымен қатар университетке түсушілерге болатын жеңілдіктер, яғни жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, тегін тамақтандыру және сабақ үлгерімі жоғары студенттерге көптеген жеңілдіктер болатыны туралы да айтылып, балалар үйі тәрбиеленушілерінің қызығушылығын тудырды.

 «Экономист» болу балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан әр баланың арманы екендігі, бірақ олардың, ол үшін мектепте қандай пәндерді терең меңгеруі қажеттілігі жайлы толық мағлұматтарының жоқ екендігін айтып өз ойларымен бөлісті.

    Дөңгелек үстел студенттердің ұйымдастырған ойындарымен жалғасын тауып, ойынға белсене қатысқан балаларға берілген сый, олардың көңілдерінен шығып, зор ризашылықтарын білдірді.

     Сонымен қатар, балалар үйі тәрбиеленушілеріне студенттер тарапынан көрсетілген әлеуметтік қайырымдылық көмек үшін, балалар үйі басшылары мен тәрбиеленушілері шексіз алғыстарын айтты.

     Мұндай ұйымдастырылған іс-шараның студенттердің патриоттық сезімде тәрбиеленуіне зор ықпалын тигізуі сөзсіз. 

                                                       Баймұханова С.Б. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық    Университеті,   э.ғ.к., ЕжА К-2 тобының куратор-эдвайзері

12237 рет

көрсетілді

24

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы