• Атамекен
  • 31 Қазан, 2019

Шекара пунктіндегі көлік кептелісі әлі сол күйінде

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кірістер жоспары 102,2%-ға орындалып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 62 млрд. теңгеге артық немесе өсу қарқыны 130%-ды құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарлары Бауыржан Қайдаров пен Мақсат Қуандықовтың қатысуымен баспасөз мәслихатында айтылды.

Бюджет бөлінісінде түсімдердің жоспарлы көрсеткіштері мен өсу қарқыны жаман болмады. Соның ішінде республикалық бюджетке кірістер бойынша жоспар 102,4%-ға, жергілікті бюджетке қатысты жоспар 101,6%-ға орындалды. Былтырғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда, РБ-ға түсімдердің түсу қарқыны 139,5%-ға жетті немесе 58 млрд. теңгеге артық, ЖБ-ға түсім 107%-ды құрады немесе 4,2 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Басқосуда жылдың соңына дейін 14 мың салық төлеуші, соның ішінде шаруа қожалықтары да онлайн кас­салық апараттарымен жұмыс жасауы керек делінді. Биыл рақымшылық аясында кәсіпкерлердің 139 млн. теңге көлеміндегі өсімақылары мен айыппұлдары кешірілген. Мақсат Қуандықовтың сөзіне сүйенсек, биыл БҚО-ның кеден бекеті арқылы 117 рет сыртқа заңсыз тауар шығарылмақ болған. Соның ішінде металл бұйымдарын шетелге асырмақ болған – 72, жанар-жағармай – 7, қағаз, макалатура – 6, тері өнімдері – 1, ұсақ бұйымдарды шекарадан асырмақ болған 31 дерек тіркелген. Мұн­дай заңсыздықтарға жол бермес үшін мемлекеттік кірістер депар­таментінде көрсетілетін бар­лық қыз­мет цифрландырылған. Алайда шекарадан өтуде көптеген қиындық бар. Сауда айналымында кедендік декларация электронды түрде рәсімделеді, бірақ шекарадан өту үрдісі бұрынғыша қалған. Бүгінде «Самара – Шымкент» халықаралық тас жолындағы «Сырым» өт­кізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта бекет инфрақұрылымы толығымен жаңартылып, шекарадан өтетін көлік түрлерін тексеру үшін жабдықталған сегіз жолақ іске қосылды. Бұрын аталмыш пункт арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтетін болса, қазіргі уақытта күніне 7 мыңдай жүк және жеңіл көлік өтуде. – Жаңашылдық еліміз тарапынан туындаған түйткілді, пункт­тегі көлік кептелісі мәселесін шеш­кенімен, сол түйткіл Ресей тарапынан шешілмеген күйінде қалды. ЕАЭО елдерінен ҚҚС бойынша түсімдердің өсу қарқыны ай сайын артып келеді және 9 айдың қо­рытындысы бойынша 112%-ды құ­рады немесе 17,7 млрд. теңге түсті (өт­кен жылғы көрсеткіш – 15,8 млрд. теңге), – деді Мақсат Қуандықов.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы