• Өндіріс
  • 07 Қараша, 2019

«Шин-Лайн» топ жарды

Қазақстанның ірі көтерме-бөлшек сауда желісі Magnum бағалауына сәйкес, Bahroma балмұздағы «Үздік жаңалық-2019» деп танылды, ал өндіруші компания «Шин-Лайн» «Санатты дамытуға қосқан үлесі- 2019» үшін марапатталды.

Бүгінгі күні «Шин-Лайн» республиканың барлық аймақ­тарында жұмыс істейтін және барлық сауда желілерінің алаң­дарында өнімін ұсынатын Қа­зақ­стандағы жалғыз балмұз­дақ өндіруші болып табылады. Соңғы жылдары компания қазақстандық балмұздақ экспортын тұрақты дамытуда. Салалық құрылысқа белсене қатыса отырып, Қазақстанның Сүт одағы мен Ресейдің бал­мұздақ одағы мүшелерінің құрамына кіреді. – Бүгінгі жетістік бірін­ші кезекте компания өнімі­нің сапасымен және «Шин-Лайн» балмұздағын сатып алып, өз таңдауын жасаған тұтынушылардың сенімімен байланысты, – деп санайды компанияның бас директоры Владимир Пак. – Балмұздақ – қызықты бизнес, мұнда жыл сайын тұтынушыларды таң қалдырып отыру керек. Бірегей өндіріс технологиясы бар жоғары сапалы жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестиция бізге тұтынушылардың жүрегіне жол табуға мүмкіндік берді. Magnum серіктестерінің I жыл сайынғы конгресі отан­дық кәсіпкерлікті қолдау, ынтымақтастықты кеңейту және бизнестің ашықтығын арттыру мақсатында өткізілді. Конгреске 1500-ден астам компания өкілдері қатысқан болатын.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

718 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы