• Атамекен
  • 07 Қараша, 2019

ҚҚҚ: Пайыздық мөлшерлемелер әрқилы

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) ҚР Ұлттық банкінің (ҰБ) маңызды мәліметтері [1] (01.10.19) бойынша ұлттық валютада және шетелдік валютада жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшер­лемелер өзгермеген, сөйтіп, тиісінше, жылдық көлемінде 9,2% және 1,1% құраған, деп хабарлайды өз сайтында.

Алайда, жыл басынан бері теңгелік салымдардың пайыздық мөлшерлемелері 0,5%-ға, ал шетелдік валютада – 0,2%-ға азайған. Сонымен қатар, валю­талық нарықтағы біршама құбыл­малылыққа қарамастан, депо­зиттерді долларландыру қыр­күйек айында 43,8%-дан 43,6%-ға төмендеген. ҚР ҰБ базалық мөлшер­лемені көтеру жөніндегі қыркүйек­тегі шешімінен кейін өткен дүйсенбіде (28.10) ағымдағы мо­не­тарлық жағ­­дайды сақтау туралы шешім қабыл­дады. Осылайша, ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында жарияланатын, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімге дейін, салымшыларға неғұрлым үй­реншікті құрал – мерзім­сіз салымдар өзгермейді. Дәл қазіргі кезде ЕДБ-дің (екінші деңгейдегі банктер) мерзімсіз салымдары бойынша баға ұсыныстары ҚДКҚ (Қазақстанның депозиттерге ке­пілдік беру қоры) ұсынған барынша жоғары – жылдық 9,8%-ға жақын деңгейде қалып отыр. Сонымен бірге ҚДКҚ бұдан бұры­нырақ мерзімді және жинақ­таушы салымдар бойынша қараша айына шекті мөлшерлеме белгіледі. Қарашада мерзімді салымдардың басым көпшілігі бойынша теңгелік мөлшерлемелер, мерзімділігіне қарай, 0,1-1,5% шегінде жоғарыла­тылады, қауырттығына қатысты жинақ салымдарының басым көпші­лігі бойынша 0,1-0,6%-ға төмен­детіледі. Аталған өзгерістер тек жаңадан тартылған депозиттерге ғана қатысты екенін айта кету керек. Ағымдағы кезеңде мерзімді салымдар бойынша ЕДБ-тердің баға ұсыныстары мерзімді салымдар бойынша жылдық (ЖТСМ – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) 10-11% шегінде, жинақ ақша салымдары бойынша жылдық (ЖТСМ) 12,2-14,1% шегінде өзгереді. Атап айтар болсақ, ин­фляция­лық тәуекелдердің сақталуы сал­­дарынан, сондай-ақ шектеу деңгейін 4-6% деңгейіне жеткізу үшін келесі жылы орталық банкке, бәлкім, монетарлық саясатты одан әрі қатаңдатуға тура келіп, бұл, өз кезегінде, нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің де тиісінше өсуіне әкеп соғуы мүмкін, дейді ҚҚҚ сарапшылары (1-таблица).

Банктердің жеке тұлғаларға берген кредиттері бойынша орташа өлшемделген сыйақы мөл­шерлемесі қыркүйекте жылдық 18,8%-дан 18,4%-ға шейін азырақ төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелер жылдық 17,2%-дан 1,2%-ға өсіпті. Сондай-ақ жыл басындағымен салыстырғанда жылдық инфляция деңгейі мен базалық мөлшерлеме өзгермеген – тиісінше, 5,3% және 9,25%. ҚҚҚ-ның бақылауындағы банктік кредиттер бойынша нарықтық мөл­шерлемелер есепті кезеңде іс жүзінде өзгерген жоқ (2-таблица).

Өткен жылдың шілдесінен бастап «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» тұрғын үй кредиттеу Бағдар­ламасын іске асыру басталды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 24 қазанына (былтырғы шілдеден бері) 136,2 млрд теңге сомасында қарыз беруге 11 934 арыз мақұлданған. Бұл ретте қазақстандықтарға тұрғын үй қарыздарын берудің жоспарланған көлемі 150,0 млрд теңгені (2018 жылы – 100 млрд теңге) құраған (3-таблица).

ҚҚҚ ескертуі: Мөлшерлемелер бой­­ынша деректер көрсетілген банк­тер­дің ресми ресурстарынан алынған және аталған өнімдерге байланысты бар­лық шығындарды толық күйінде бей­­нелей алмайды. Өнімдер бойынша нақтырақ ақпарат алу үшін атал­ған банктердің өзімен хабарласу қажет. [1] ҚР ҰБ-нің орташа мөлшерле­мелері бойынша маңыздырақ ста­тистика есепті айдың соңында жа­рия­­ланады.

Исатай ҚАМБАРОВ

1630 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы