• Атамекен
  • 14 Қараша, 2019

Жаны жайсаң абзал аға – Жұмабек Кенжалин

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Жұмабек Кенжалин – Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты алқасөз өтті. Бағдарламада «Түлектеріміз – біздің мақтанышымыз» атты студенттердің оқу-демалыс алаңы таныстырылып, Жұмабек Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханасының ашылу салтанаты болды.

Шара аясында Жұмабек Кенжалинмен әр жылдары қызмет­тес болған қоғам және мемлекет қайраткерлері, ұстаздары – Ләтипа Мұратбекқызы, Тұрымтай Тұрлыбайқызы, Қожаберген Керімбекұлы, Сарбас Ақтаев, Дәмегүл Сердәліқызы, қарымды қаламгерлер – Сәбит Досанов, Раушанбек Әбсаттаров, Сауытбек Абдрахманов, зайыбы – Әлима Әбдірахманқызы, құдалары – Бақдәулет Құмар мен Салтанат Қажыкен, ұлдары – Дастан мен Жандос, келіні Айнұр және де курстастары, сыйлас достары, шәкірттері, белгілі журналис­тер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы қатысты. Зертхананың ашылу салтанатында Сарбас Ақтаев лента қиып, журналистика саласының майталмандары мен қызметтес достары Жұмабек Кенжалиннің өмірінен сыр шертіп, игі істері мен адамгершілік болмысын еске алды. Жұмабек Омарұлы 1954 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Жданов атындағы колхозында дүниеге келген. 1971 жылы Арқалық ауданындағы Қайыңды орта мектебін бітірген соң, шаруашылықта жұмысшы, электрмен дәнекерлеуші, кейін орта мектептің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1973 жылдан – 1975 жылға дейін Қарулы Күштер қата­рын­да қыз­мет етті. 1981 жылы С.М.Киров атын­дағы Қазақ мем­ле­­­­­кеттік университетін ойдағы­дай бітірді. Ол бірқатар Дүние­жүзілік және Бүкілодақтық жас­тар мен студенттердің форумдарына қатысты. Университетті үздік оқып, Лениндік стипендиат атанды. Студент жастардың жетекшілерінің бірі болды. 1978 жылы халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаттығына сайланды. 1981 жылы «Егемен Қазақстан» («Социалистік Қазақстан») газетінде әуелі тілші, кейін бөлім меңгерушісі, 1986 – 1988 жылдары «Зерде» («Білім және еңбек») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы, 1994 жылдан «Халық Кеңесі» газетінің бас редакторы болды. 1996 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997 – 1999 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1999 жылдың маусым айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін «Қазақ газеттері» ЖАҚ-ның президенті, бас директоры, 2006 жылдың тамыз бен желтоқсан аралығында «Ана тілі» ұлттық апталығының, 2006 жылдың қарашасы мен 2009 жылдың ақпан айына дейін «Ақиқат» ұлттық қо­ғамдық-саяси журналының бас редакторы қызметтерінде болды. 2009 жылдың ақпан мен 2017 жылдың шілде айы аралығын­да «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы болып қызмет етті. Ол 2004 жылы «Бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ­стандық патриотизмді қалыптас­тырудағы рөлі» деген тақырыпта саяси ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғады. Ж.О.Кенжалин Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, XVII шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол «Желкілдеп өскен құрақтай» (1988 ж.), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998 ж.), «Желкілдеп өскен құрақтай» (2005 ж.), «Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері» (2010 ж.), «Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа» (2011 ж., 2012 жылы қайта толықтырылып басылып шықты), «Қалам қанаты» (2014 ж.), «Елжандылық мұраты және баспасөз беделі» (2016 ж.) деп аталатын кітаптардың авторы. Ж.О.Кенжалин – Қазақстан Рес­публикасы Президентінің бұқа­­ралық ақпарат құралдары сала­сындағы сыйлығының лауреаты (2006 ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1983 ж.) атанған болатын.

Нұрлан ҚҰМАР

1817 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы