• Атамекен
  • 12 Желтоқсан, 2019

Ер есімі ұмытылмайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатрик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме өтті.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар зиялы қауым өкілдері ұшыраған. Бар өмірін қазақ халқының руханиятына арнаған тұлғалардың 125 жылдығына арналған іс-шаралар ел көлемінде кешенді қолға алынуда. Осыған орай Орталық музейде ұйымдастырылған көрменің негізгі мақсаты – 30-40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау. Көрмеге Орталық музей қорындағы І.Жансүгіровтің,С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жеке кешендері, сонымен қатар замандастары – Т.Рысқұлов, С.Қожановтың мұрағаттан алынған материалдары қойылады. Сондай-ақ келушілер назарына сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, сакваяжы және т.б. заттары ұсынылады. Көрме ҚР Президентінің архиві,ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы