• Атамекен
  • 12 Желтоқсан, 2019

Шығармашылық – шеберлік шыңының баспалдағы

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмесі ашылды.

Көрмеге 70 астам графикалық және кескін-демелік туындылар қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан, сол сияқты суретшінің отбасылық жинағынан да алғаш рет қойылған туындылар бар. Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңінің бүтін бір дәуірін бейнелейді.Тынымсыз шығармашылық ізденісі, адамға, айналасындағы бүкіл әлемге деген еркін сүйіспеншілігі, ол Қазақстандағы көркемдік үдерістің дамуындағы бірегей құбылыс ретінде лайықты мойындалды. Шебердің шығармашылық жолының 80-жылы Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет жасауға арналды. Өз кезегінде, қазақстандықтар оның еңбегі мен шығармашылық мұрасына шынайы құрметпен қарайды. Көркем форманың сұлулығын, оның рухани мазмұны бар үйлесімін ұғынудың нәтижелерінің бірі «Әйелдің портреті» (1968) болып табылады, ол рухтылығымен, әсемділігімен баурап алады. Үкі Әжиевпен жазылған портреттік бейнелердің галереясында әйел адамның бейнесі ерекше көзге түседі.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

827 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы