• Атамекен
  • 12 Желтоқсан, 2019

Жастар қайратты болса – болашақ баянды

Еңбекке қабілетті азаматтар аптасына кем дегенде 2 сағатын әлеуметтік волонтерлікке арнауы тиіс. Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

– Волонтерлік – бұл тек тегін жұмыс емес, ол азаматтың жауапкершілігі мен әлемді жақсартуға дайындығының көрсеткіші. БҰҰ мәліметінше, волонтерліктің әлемдік экономикаға үлесі жылына 400 млрд доллардан астамды құрайды. Волонтерлікті бір реттік сенбілік пен экологиялық шара, челлендж ретінде қабылдау – қателік. Дегенмен, олар да маңызды әрі қажетті. Бұл жүйелі әрі тұрақты қызмет, – деді Мемлекет басшысы. Президент қоршаған табиғат қана емес, адамдар да қамқорлық пен көмекке зәру екендігін айтты. – Елімізде шамамен 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оларды қолдауға мемлекет осы жылы 34 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Дегенмен, мәселе тек қана қаржыландыруда емес. Еңбекке қабілетті азаматтар аптасына тым болмағанда 2 сағатын әлеуметтік волонтерлікке арнап, осы адамдарға назар аударуы қажет. Волонтерлікті ұлттық ауқымда ғана емес, әрбір қалада, ауылда дамыту қажет. Волонтерлер балалар алаңдарын сырлап, үйлердің кіре берістерін, аумақтарды қоқыстан тазалап, қарт адамдарға немесе ерекше қажеттілігі бар жандарға көмектесе алады, – деді Қ.Тоқаев. Президент адамдар бір-біріне қолдау көрсетіп, көмектесетін игі дәстүр – Асардың волонтерлікпен үндесетінін, осы шараны заманға сай қайта жаңғырту қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы жалпыұлттық бастаманың негізгі қозғаушы күші – жастар екендігін, бұл істе белсенді жастарға зор сенім артылатынын, елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап ететінін баса айтты.

1952 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы