• Өндіріс
  • 16 Қаңтар, 2020

Сапа бар жерде – сұраныс бар

Шин-Лайн компаниясы өндірген балмұздақты тұтынушылық талғамды зерттеу мен талдау көрсеткендей, қазақстандық сатып алушы бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Қазақстанда қара өрік бар грек жаңғағы танымал, ал Солтүстік Қазақстанда – анар-шие, Шығыс Қазақ­станда – фундук, ал Оңтүстік Қазақстанда қауын-мара­куйя және бадам дәнімен інжір танымал. Ал, Елорда тұрғын­дары фундук бар салманы таңдаса, алматылықтар көбінесе халвадан жасалған салманы қалайды.

Bahroma балмұздағының экспорты қазақстандықтардың талғамын басқа елдердің қалауымен салыстыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Қытай мен Ресейде жеміс-жидекті лукумды ұнатады, Моңғолияда інжір-йогурт дәмі бар балмұздақ көпшіліктің көңілінен шықты, Өзбекстанда – қара өрік, ал Әзербайжанда тұтынушы жаңғақ пен қара өрік бар балмұздақты ұнатады. «Bahroma балмұздағының тұжырымдамасы тұтынушыға шығыс ләззатының барлық қырын сезінуге мүмкіндік береді және біз ол үшін балмұз­дақты бағалаушылардың қа­жеттіліктерін қанағаттан­дыру мақсатында жеміс­тердің, жидектердің және жаңғақ­тардың ерекше үйлесі­мін пайдаланамыз. Бізге сапалы өнімді ғана емес, соны­мен қатар таңдауды ұсыну маңызды. Бұл үшін біз озық ингредиенттерді пайдаланамыз», – деді «Шин-Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак. Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылар көптеген дәм­нің арасынан өз таңдауын жасады: жеміс-жидек лукумы (шабдалы-қауын және анар-шие), інжір-йогурт нугасы, фундук-шоколад нугасы, қос қабатты шоколадтағы өрік, жаңғақпен қара өрік, бадам дәнімен өрік, тұтас фундукпен шоколад, қосқабатты шоко­ладтағы халва. Бұл маусымда жаңа дәмдер де ұсынылды: екі қабатты fondant трюфель-қызыл апельсин және екі қабатты fondant пісте-құрма. Бұдан басқа, өндіруші отбасылық тұтыну үшін 500 грамдық үлкен қаптамаларды ұсынады, олардың дәмі де кең түрде таныстырылған: жаң­ғақпен қара өрік, бадам дәнімен өрік, тұтас фундукпен шоколад, бадам дәнімен күнжут халвасы және інжір бар йогурт.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы