• Атамекен
  • 16 Қаңтар, 2020

Рекордтық көлемде қаражат жинады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) несие мөлшерлемесінің тиімділігіне байланысты ондағы жинақтау шоттарына деген сұраныс жоғары. Банк клиенттері тұрғын үйдің бастапқы жарнасына қажетті қаражатты жинақтай отырып, болашақ баспаналарын жылдық 2-8,5% мөлшерлемемен несиеге ала алады.

Осы мүмкіндікті 48 414 қазақ­стандық отбасы пайдаланды. Күн сайын банктің көмегімен кемінде 160 салымшы қоныс то­йын атап өтуде. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бас­қарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қорытынды баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, был­тырғы жылдың қорытын­ды­сы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік портфе­лі 1 триллион теңге болған. Бұған қоса, банк салымшылары депо­зиттеріне тұрақты түрде қара­жат жинақтауда. Бұған төменгі деңгейдегі, яғни 0,18%-ға тең NPL дәлел (90 күннен асқан мерзімі өткен займдар) 8%-дық орташа банктік деңгеймен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдері қолжетімді бол­ған­дықтан, сондай-ақ, халықтың банкке деген үлкен сенімділігі­нің нәтижесінде осы өнімдерге сұраныс өте жоғары. Біз алға қойған мақсаттарымызды толықтай орындап шықтық деп санаймыз. Дәлірек айтсақ, биыл аса маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі – табысы төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасын дайындап, іске қостық. Қазіргі сәтте 4 053 отбасы қоныс тойын атап өтті. Бұдан бөлек тағы 736 отбасы өтінімдері бойынша оң шешім алып, қазір өздеріне лайықты үйлерді іздестіру үстінде. Яғни, енді мыңдаған кішкентай бүлдіршін жалдамалы пәтерде емес, өз үйінде тұратын болады», – деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. Ал, «Бақытты отбасы» бағ­дар­­ламасының талаптарына сәй­кес келмеген отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға мүм­кіндік алды. Әрбір алтыншы несиені банк осы бағдарлама шең­берінде берді. Жалпы, аталған бағыт бойынша 2019 жылы 8000 отбасы баспаналы болып, оларға пәтер кілті табысталды. Мұнымен қоса, банк 2019 жылы «Әскери баспана» тұрғын үй бағ­дарламасының жаңартыл­ған шарттары бойынша әскери қызметкерлерге арнап 3 811 займ берді. Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өз жобасы. Оған бюджеттен еш қаражат бөлінбеді. Банк шамамен 100 млрд. теңге көлемінде өзінің жеке және нарықтан түскен қаражатын пайдаланды. Осылайша, екі жылдың ішінде 6 592 әскери қызметкер бас­паналы болды. Қазіргі кезде банкте бола­шақ баспаналары үшін 1,5 млн қазақстандық қаражат жинақ­тауда. Олардың 384 242-і биыл ашылған депозит. Са­лымшы­лардың баспаналы болуына мемлекет тарапынан да көмек көрсетілуде. Яғни, жыл са­йын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына 20% көлемінде сыйлықақы беріледі. Ол 200 айлық есептік көрсеткіштен (505 000 теңге) аспайтын сома­ға төленеді. 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша ең жо­ғары мемлекет сыйлықақысы – 101 000 теңге. Бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына сапалы қызмет көрсету мақ­сатында бизнес-процестерді оңтайландыру үшін үздіксіз жұмыс істеп, 2023 жылға қарай олардың 70%-ын онлайн-режимде ұсынуға барынша жағдай жасауда. Осы орайда, биыл енгізілген жаңа жобалардың бірі – алдын ала банктік біліктілікті іске қосу және банк кеңесшілері арқылы қашықтан несиелік өтінімдерді қабылдау. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне несие бойынша өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалау үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Олар өзіне ыңғайлы уа­қытта кез келген жерге банк ке­ңесшісін шақыртуына болады. Олар қашықтан депозит ашумен қатар, салымшы­ның төлем қабі­летін шамалап есептеп, алдын ала мақұлданған несие сомасы көрсетілген арнайы сертификатты береді. Бұл сертификат 3 айға дейін жарамды. Осы уақыт ішінде салымшы мүмкіндіктерін біле отырып, өзіне лайықты баспананы іздеп, займ алу үшін банкке хабарласа алады. Аталған жоба клиенттердің банк бөлімшесіне баруын екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – Тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. Банк құрылыс жинақ кас­саларының Еуропалық Федерациясында (ЕФССК) және ха­лық­аралық тұрғын үйді қаржы­ландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ.

Нұрлан ҚҰМАР

483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы