• Атамекен
  • 16 Қаңтар, 2020

Тағам қай өңірде арзан?

Жыл басынан азық-түліктің қымбаттауы кімді болса да толғандыр­ғаны даусыз. Дегенмен, күнде­лікті ішіп-жейтін тағамның әр өңірде әрқалай бағаланып отырғаны да рас. Мәселен, аймақтардағы сүт бағасының айырмашылығы 200%-ға жетіп, тіпті жарма мен дәмді тағамдар құны одан да жоғары айырмашылық таны­туда, дейді сарапшылар. Енді солар­дың нақты көрсеткіштеріне тоқталсақ.

СҮТ: ШЫҒЫСҚА ЖЫЛЖИ ТҮССЕК, АРЗАНДАЙ БЕРЕДІ

Қазақстанда 2019 жылы құнсызда­ну (инфляция) 5,4% болды. Мұндағы басты драйвер азық-түлік өнімдері бағасының өсуі – 9,6%. Осы уақытта сүт өнімінің құны 6,4% өскен. Яғни, ол көптеген азық-түлік өнімінен баяуырақ қымбаттағанымен, бәрібір инфляциядан озық көрінеді. Бір жылда негізгі шикізат – жаңа алынған сүт бағасы 6,9%-ға артқан. Сонымен бірге бұл өсім республика бойынша бірқалыпты өрбімеген. Мысалы, Жамбыл облысында оның құны 1,3%-ға, ал Қостанай облысында 13,5%-ға ұлғайған. Қорытынды құнда да айтар­лықтай айырмашылық бар. Пастерленген сүт Алматыда Талдықор­ғандағыдан бір жарым есе қымбат: оңтүстік астанада 270 болса, облыс орталығында 190 теңге. Республика бойынша орташа баға желтоқсанның соңына 250 теңгеден сәл артық болған (1-инфографика).

Басқа да сүт өнімдеріне бағаның айырмашылығы айта қаларлықтай: • Өскемендегі айранның бір литрі Талдықорғандағыдан 124 теңге қымбат (354 тг-ге қарсы 230 тг); • Талдықорғанда қаймақтың литрі орта есеппен бір литріне 820 теңге, Алматыда – 1 403 (баға айырмашылығы 70%-дан артық); • Қатты ірімшікте осындай: Шымкентте оның бір килосы 2075 теңге тұрса, Нұр-Сұлтанда 3,6 мыңға жуық бағаланады. Дегенмен, бағадағы ең жоғары айырмашылық (екі еседен астам) сары май мен ақ ірімшік еншісінде. Павлодарда, мәселен, сары майдың бір килосын 1848 теңгеге сатып алсаңыз, Ақтауда дәл сол салмағына 3944 теңге санап бересіз. Бұл ретте республика бойынша орташа құн – 2368 тг (бір жылдағы баға өсімі – 11,3%). Ең қымбат ақ ірімшік Атырауда сатылуда – бір килосының құны 2143 теңге, ал бұл орташа республикалық көрсеткіштен 34%-ға артық. Десе де, солтүстік-шығысқа жыл­жыған сайын бағалар да төмендей түседі. Ең төменгісі – Павлодарда: ресми мәліметтер бойынша ақ ірімшікке 1147 теңгеге шығынданасыз (2-инфографика).

БАКАЛЕЯ (ДӘМДІ ТАҒАМДАР): ТЕК ҚАНТ БОЙЫНША ТЕҢДІК САҚТАЛҒАН

Күріш – ең сұранысқа ие бакалея­лық тауар, 2019 жылы республика бойынша орта есеппен 21,6% қым­баттады. Ресми мәліметтер бойынша желтоқсанның соңына оның орташа құны бір килосына 380,08 теңге болған. Күріш үшін Ақтау тұрғындары бәрінен қымбат – 561 теңге төлейді екен. Бәрінен арзанырақ – Қызылордада (килосына 280 тг-ден) (3-инфографика).

Аймақтарға байланысты бағалар­дың айырмашылығы бакалеяның басқа да түрлерінде байқалады. Мәселен, қарақұмықтың құны 76%-ға ерекшеленеді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, мәселен, оны орта есеппен 418 теңгеге сатып алса, Қарағандыда 238 теңгеге алады екен. Макарон өнімдері бағасының айыр­машылығы одан да жоғары: түтік кеспенің бір килосы 490 теңге тұрады, ал Түркістанда сол ақшаға 2,3 килограмм (килосына 210 теңге) кеспе сатып алуға болады екен. Қазақстандағы ең арзан тауық жұмыртқасы Петропавлда сатылады – ондығына 230 теңге. Бұл Алматы мен Нұр-Сұлтандағыдан 1,6 есе арзанырақ (тиісінше 361 және 352 теңгеден). Күнбағыс майы айырмашылығы литріне 108 теңгеге ерекшеленеді. Қарағандыда ең арзан (380 тг) болса, ең қымбаты – Ақтауда (488 тг). Қант бағасы ғана біршама тең жайғасымда: Ақтөбеде ол үшін килосына 160 теңге сұраса, Өскеменде одан қымбатырақ (211 тг) екен (4-инфографика).

Нан құнының айырмашылығы – 2,2 есе 2019 жылды астық өнімділігі тұрғысынан аса табысты деп айта алмаймыз: бидай болжанғаннан айтарлықтай аз жиналды. Бұл түпкі өнімнің құнына да әсерін тигізді: бидай бағасы бір жылда 27,3% өсіп кеткен. Бұл ретте, жоғарғы сұрыпқа қарағанда, бидайдың бірінші сұрпынан алынған өнім (тиісінше, 26% және 31,3%) жеделірек қымбаттайды. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бірінші сұрыпты ұнның бір килосының орташа құны желтоқсанның соңына 167,03 теңге болған. Бағалардың ең жоғарысы Ақтауда (234 тг), сәл арзандау – Нұр-Сұлтан (230 тг) мен Алматыда (220 тг). Ең арзан ұн Павлодарда (бар-жоғы бір килоға 121 тг ғана екен) (5-инфографика).

Республикамыздың ірі 16 қаласы­ның 9-ында, одан алынған наннан бірінші сұрыпты ұн қымбатырақ тұра­тын көрінеді. Мұндай нанның бір бөлкесінің (әлеуметтік мәні зор тауарға жатады) бағасындағы айырмашылық республика бойынша ауқымды емес: Атырауда оның бір килосы 179, ал Алматыда – 132 теңге. Жоғарғы сұрыпты ұннан иленген нан бағасындағы алшақтық айтарлықтай. Республика бойынша оның орташа құны бір килосына 270,44 теңге. Қызылордада килосына 184 теңгеге сатылса, Нұр-Сұлтанда 405 теңгеге бағаланады. Айырмашылығы – 2,2 есе.

Исатай ҚАМБАРОВ

1564 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы