• Өндіріс
  • 16 Қаңтар, 2020

«Қайыңды» өнімдері нарыққа жол тартады

Жақында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Марат Бопазовты бірнеше нысанға бастап барды. Депутаттар «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясы аграрлық объектілерінің жұмыс жағдайымен танысты.

Ресми қонақтарға «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов алдымен Арқарлы ауылдық округі аумағындағы «Алакөл Асыл жылқысы» ЖШС-ның жылқы фер­ма­сын көрсетті. Оның айтуынша, өткен жылдың қарашасында іске қосылған жылқы тұқымын асылдандыру мақсатындағы бұл шаруашылыққа 1 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынған. Жобаның қазіргі бірінші кезеңінде мұнда 10 мың бас жылқы әкелініп, бағылып отыр. Олар негізінен Ресейден және еліміздің Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан әкелінген. Ресейдің Алтай, Барнауыл өңірлерінің қысы қатал, жазы жайлы табиғатының Алакөл климатына ұқсастығы сырттан әкелінген жылқыларды жерсіндіруде ешқандай қиындықтың туындамауына зор ықпал еткен. Ал жобаның екінші кезеңінде асыл тұқымды жылқының санын 20 мың басқа жеткізу жоспарланып отыр. Олардың барлығы да негізінен ет пен сүт бағытын өркендетуге бағытталмақ. Фермадағы мал бағу JPS-тің көмегімен әлдеқайда жеңілдетілген. Қазіргі кезде мұнда түйе өсіру де қолға алынған. Бүгінгі күні мұнда 56 адам жұмыс істейді. Бұл фермада жұ­мыс­шыларға барлық жағдай жа­салған. Олар үшін жатақхана салынып, арнайы тұрғын үйлер де пайдалануға берілген. Тіпті кинотеатр мен кітапхана да жұмыс істеп тұр. Балалар ойнайтын алаң жасалып, асханасында жұмысшы­ларға тегін тамақ ұйымдастырылған. Осының бәрі шаруашылықта­ғы мамандардың өзіне жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен, сапалы орындауына мүмкіндік беріп отыр. Мұнан соң ресми қонақтар кор­порацияның Бұдыр ауылында орна­ласқан «Қайыңды» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу зауы­тына атбасын бұрып, цехтарын аралап көрді. Серіктестіктің үйестірушісі Асқар Мұқашевтің айтуына қарағанда, мұндағы мал бордақылау алаңы 5 мың бас ірі қара семіртуге арналған. Қазір Герефорд және Ангус тұқымды 4500 бас бар, іске қосылғалы 500 бас ірі қара сойылған. Зауыттың мал сою цехында бір күнде 60 басқа дейін мал сойылады. Ал шұжық цехында тәулігіне 6 тоннаға дейін дайын өнім өндіріледі. Бұл жерден шұжықтың 18 түрін таба аласыз. Қазіргі кезде өнімнің сауда маркасы дайындалуда, бұл «Қайыңды» серіктестігінің шұжықтарын отандық сауда сөре­лерінен көретін күн де алыс емес деген сөз. Сонымен қатар дайын өнімді алғашқыда Қытай мен Ресейге экспорттау межеленіп отыр. Жалпы ет өңдеу зауыты ет өнімдерін өңдеу мен экспорттауға бағытталған. Облыс әкімі Амандық Баталов мал шаруашылығының осындай іргелі нысандары өңірдің ет өндірісін, экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға зор ықпал ететінін айтты. – Осындай айтулы жобаларды ғылыми-әдістемелік орталық ретінде көрсетуге болады. «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген. Бүгінгі аралаған нысандар аграрлық салада тәжірибе алмасу, үйрену алаңы болуға әбден лайық. Біз ірі бизнесмендердің көмегімен осындай өте пайдалы, заман талабына сай жобаларды жүзеге асыру арқылы облысқа инвестиция тарту жұмыстарын одан әрі де жалғастырамыз, – деді А.Баталов. Депутаттар да мұндай нысан­дар­дың мал шаруашылығын өркенде­тудегі үлесіне оң баға берді. Атап өтсек, осы үш нысан да – «Алакөл Асыл жылқысы» ЖШС-ның жылқы фермасы, «Қайыңды» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу зауыты «Zhersu» инвестициялық-өндірістік кор­порациясының инвестиция салуы нәтижесінде жүзеге асырылған.

Ернар Орманов

566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы