• Өндіріс
  • 23 Қаңтар, 2020

Үш мыңыншы бағыттамалық электр жетегін шығарды

Alstom-ның теміржолға арналған электр жетек өндіретін ҚазЭлектроПривод бірлескен кәсіпорны қазақстандық теміржол үшін үш мыңыншы Р80 бағыттамалық электр жетегін өндірді. Р80 бағыттамалық электр жетегіне оның өмірлік циклі ішінде қызмет көрсету шығындарының төмендетілгені арқасында ол ұзақ мерзімге оңтайлы инвестицияға айналып отыр.

Алматы қаласындағы ҚЭП өнеркәсібінде өндірілетін Alstom компаниясының Р80 типті бағыттамалық электр жетегі ең аз мерзімдік техникалық қызмет көр­сету кезінде қозғалыс қауіп­сіздігінің өте жоғары дең­гейін қамтамасыз ету үшін жасап шығарылған. Р80 бағыттамалық электр жетегі сағатына 180 шақырым дейінгі жылдамдық кезінде және күрделі жөндеуден кейін қызмет ету мерзімі 15 жылға шектеусіз ұзартыла отырып, 20 жылға дейінгі коммерциялық пайдалану мерзімімен жұмыс істеу үшін сертификатталған. Alstom компаниясы әлемнің 30-дан астам елінде 50,000-нан астам бағыттамалық электр жетегін орнатқан. «Біз «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ үшін 3000-шы P80 бағыттамалық электр жетегін жасап шығарғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің өнімімнің берік екендігін және жергілікті инфрақұрылымға толық сәйкес келетіндігін дәлелдейді. Біз әріптесіміз ҚТЖ-ға бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді жалғас­тырмақпыз», – деді ҚЭЖ БК Бас директоры Ирина Лукошкова. Бағыттамалық электр жетегі – теміржол кө­лігінде қолданылатын электр­меха­никалық ауыстыру меха­низмі және де ол бағыт­таманы жылжыту, бұғат­тау және оған үздіксіз бақылау жасау үшін арналған. 2013 жылы құрылған Қаз­ЭлектроПривод өнеркәсібі ҚТЖ үшін 10,000 бағыттамалық электр жетегін жеткізуге арналған жалпы сомасы 90 миллион еуроға келісімшартты алды. Бүгінгі таңда Alstom компаниясы және «SOP Trade» ЖШС ҚЭП активтерін теңдей басқарады. Жалпы алаңы 2,870 шаршы метр жерде 50-ден астам адам ҚТЖ үшін P80 бағыттамалық электр жетектерін жеткізу бағытында еңбек етеді. Басты кеңсе Францияда орналасқан Alstom компания­сы 60-тан астам елде жұмыс істейді және 36 300 қызметкерге жұмыс орнын ұсынып отыр. Бүкіл әлемде мобильділік бойынша экологиялық таза әрі зияткерлік шешімдер саласындағы көшбасшы бола отырып, Alstom компаниясы болашақта көлік секторы үшін орнықты негіз жасайтын интеграцияланған жүйелерді әзірлеп, нарықта іске асырады. Alstom жоғары жылдамдықты пойыздардан бастап метроға, трамвайлар мен электробустардан интеграцияланған жүйелерге, дараландырылған көрсетілетін қызметтерге, инфрақұрылымға, дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға құралдар мен цифрлық мобильділік бо­йынша шешімдерге дейін шешімдердің кең қатарын ұсынады. 2018 қаржы жылы Alstom компаниясы 8,1 млрд. еуро сомасына сатылымдарды тіркеді және 12,1 млрд. еуро сомасына тапсырыс қабылдады.

Нұрлан ҚҰМАР

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы