• Бизнес & Қоғам
  • 18 Қазан, 2012

300 миллиард теңге үнемделді

2012 ж. ақпан айынан бастап ҚР АШМ Су ресурстары комитетімен жүзеге асырылып жатқа, және жоспарда бар жобалар шығындарын оптимизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Гидротехникалық және су шаруашылығы нысандарының реконструкциясымен жөндеу жұмыстарының тиімділігін анықтау мақсатында Су ресурстары комитетінің қызметкерлері еліміздің нысандарын аралады. Жергілікті мамандарымен бірлесе, бюджет қаражатының минималды шығындауын ескере өңірлерде техникалық шешімдер талқыланды. Өңірлер практикалық шешімдердің сан алуан нұсқаларын ұсынды және олар «Казводхоз»РМК жолданды. .

Барлық ұсыныстар сәйкесінше саланың мамандарымен, сарапшылармен, сондай-ақ шығару зауыттарымен жобалау ұйымдарымен өңделді. Толық талдаудан кейін тиімді нұсқалар таңдалды. 

Толық талдау үстінде Су ресурстары комитетінің қызметкерлері шығындарды 5-6 есеге дейін қысқартатын нұсқаларға тап болды. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдарды қарастыру керек.

Топтық су құбырларын талдасақ, осы жобаларды жүзеге асыру үшін қыруар қаржы қарастырылған.

Жобалау және есептеу кезінде алдымен су тұтыну, судың бағыты, даму перспективасы, яғни жоспарланған қуаттылығы мен ауылдарды сумен қамту жөнінде ақпарат жиналады.

Жобалар құнының қымбаттау себебі:

1. Солтүстік-Қазақстан облысының топтық су құбырлары бойынша карта мен статистикада бар барлық ауылдық елді мекендер қосылған, бірақ бұл жерлерде бір де бір адам тұрмайды;

2. Ауылдық елді мекендердегі халық саны айтарлықтай көп көрсетілген. Біздің талдауымызша, соңғы 5 жыл ішінде динамика бойынша кейбір ауылдық жерлерде халық санының төмендеуі байқалды;

3. Негізсіз мал басының саны жоғарлатылған;

4. Сумен қамтылған жер асты су көздері бар барлық ауылдар қосылған.

5. Бұрынырақ салынған су құбырларының диаметрлері үлкен, эксплуатациялық шығындары жоғары, жоба қуаттылығының тек 20 пайызы ғана жүктелген - бұл бүгінде тиімді болып табылмайды..

Осы кемшіліктер су тұтыну көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Мұнымен даму 20-30 жылға деп есептелген. Біз 1000 миллиметрлі су құбырларын 2 диаметрге 500 миллиметрге бөлдік. Бұл өзімен бірге насостардың тұтыну қуаттылығын төмендетуіне мүмкіндік беріп, эксплуатациялық шығындарды айтарлықтай қысқартады. Қажеттілік туындаған жағдайда екінші параллельді су құбырын салуға болады.

6. Жобалау кезінде құрылыстың ұзақтылығы анықталады, әдетте бір неше жылға дейін созылады. Қаржыландыру үрдісі жиі құрылыстың жобалау мерзімін асырады. Мұның барлығы қымбаттауға алып келеді.

7. Сметаны әзірлеу кезінде өндірушілерден баға ұсыныстары сұратылады. Өндірушілер өз пайдасын көздей отыра, максималды бағаны орнатады. Осының барлығы, нәтижесінде жобаның қымбаттауына алып келеді. Десекте, бұл әрекеттердің барлығы заңды, әрі нормативті-құқықтық актілерге сай.

8. Егер жобаның жүзеге асуы бірнеше жылға созылса, онда смета құнына инфляцияны құраушы – процент қосылады. Мысалға, егер жоба;

- 2010 жылы     -           10 миллиард теңге,

- 2011 жылы     -           10,8 миллиард теңге,

- 2012 жылы -   11,8 миллиард теңге;

- 2012 жылы -   12,4 миллиард теңге;

- 2014 жылы-    3 миллиард теңгеге көбірек, яғни 13 миллиард теңгені құрайды.

Жоба құнының төмендеуініне қол жеткіздік.

Біздің әдістер нақты жобаларда сәтті қолданылуда.

Мысалға:

1. Булаев топтық су құбырының 2 кезеңінің реконструкциялау бойынша жобаның жүзеге асуы.

Сметалық құны        -           2184,0 миллион теңге;

Нақты шығындар    -           1108,0 миллион теңге;

Құрылыс мерзімі      -           56 күн.

2. Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры, ұзақтылығы 240 км.

2006 – 2011 ж.                         -           6 миллиар теңге      - 38 километр

қыркүйекжелтоқсан 2012 жылы -        7,7 миллиард теңге - 202 километр

Егер, 202 километрдің реконструкциялау жобасы классикалық әдіспен жүзеге асса, сметалық құны 28 миллиард теңгені құрар еді.

Бұрын бас мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурс өткізілетін еді. Бұл жердегі жоба құны Мемлекеттік Сараптаманың Тұжырымдамасының негізінде бекітіледі. Ол өз кезегінде жобаның қымбаттауына алып келетін, жоғарыда көрсетілген құрылыс саласындағы нормативті-құқықтық актілердің барлық пунктерін есекереді.  

Конкурс жарияланғаннан бастап құрылыс басталғанға дейін 3 айдан 6 айға дейін уақыт өтеді, бұл соттық істерсіз көрсетілген уақыт. Әдетте ұтылып қалған ұйымдар сотқа шағымданып, шамамен 6 айдан 12-14 айға дейін уақыт аралығындағы процессті алады.

Осы жұмыстардың бас мердігері болып «Казводхоз» РМК анықталған. Бұл жүйелі, барлық құрылыс материалдар мен құрал-жабдықтарды тікелей өндірушілерден, яғни арзан және көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Ол өзімен бірге өнімнің сапасын қамтамасыз етіп, орташа есеппен 10-15 пайызға дейін үнемдейді.

«Казводхоз» РМК ірі зауыттармен келісімге қол қойды. Келісім-шарт негізінде құрылыс алаңдарына өндіруші зауыттан тікелей құбырлармен басқа да материалдардың жеткізілуі қарастырылған.

Өнімнің жүйелі әрі уақытылы төлемі зауыттың айналымдағы қаражатының жалпы соммасын төмендете өндірушінің өнімнің құнын төмендетуге ынталандырады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына ірі тендерлерге ешқашан қол жеткізбеген көптеген кіші және орта құрылыс компаниялары тартылады.  Ірі компаниялар үшін мұндай жобалар қызықсыз, өйткені сметалары оптимизацияланған және материалдарсыз. Мұндай әдіс жемқорлыққа жол бермейді, өйткені құбырлармен басқа материалдардың бағасы ашық аукционда өндіруші зауыттардың қатысуымен анықталады.

Орындалған жұмыс көлеміне кепілдемені жеткізуші зауыт береді, сондықтан құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасын, технадзорсыз, авторлық надзорсыз, жеткізуші зауыттардың өкілдері жүргізеді. Өйткені олар 20 жылға жейін кепілдеме беріп, құрылыс жұмыстарының сапасына қызығушылық танытады.

Айтылған әдістермен басқа да факторлар барлық жеке жобаларға тән, құрылыс жұмыстарының құнын айтарлықтай төмендетеді.

Қосымшада көрсетілгендей, 300 миллиард теңге үнемделген.

 ҚР АШМ Су ресурстары комитеті

479 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы