- Цифрлы Қазақстан
- 06 Ақпан, 2020
Ғаламдық GIGA бастамасы – Орталық Азияда

Қазақстан Үкіметі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) бірлесіп GIGA атты ғаламдық бастамасы аясында серіктесу жайлы келісімге келді. ЮНИСЕФ-ХЭО-ның бұл бастамасы әр мектепті Интернетке қосуға, жастарға ақпарат пен жаңа мүмкіндіктерді беруге бағытталған.
Бастаманың мақсаты – әлемдегі кез келген мектепті байланыспен қамтамасыз ету.Әлемде 3,7 миллиардқа жуық адам Интернетке қосылмаған, олардың 360 миллионы – жастар. Интернеттің болмауы көптеген ақпараттың, оқуға арналған ресурстардың қолжетімділігің шектеп, әлеуметтік жағынан осал балалар мен жастардың дамуына, әлеуетін барынша іске асырыуна бөгет болуда. Цифрлық теңсіздікті жеңу мақсатында жаһандық ынтымақтастықты нығайтып, қаржы және технология саласындағы көшбасшылар мен инновацияларды біріктіру қажет. «ЮНИСЕФ – ХЭО – GIGA бірлескен жаһандық бастамасы қалалық және ауылдық білім беру арасындағы сандық теңсіздікті жоюға бағытталған. Бұл жерде шалғай ауылдарды кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету біздің министрліктің маңызды бағыттарының бірі», – деп атап өтті Дарын Тұяқов, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі жөніндегі вице-министрі. «Ол үшін біз көптеген жыл бойы байланыс операторларымен бірге мыңдаған шақырымды талшықты-оптикалық байланыс желілерін ауылдарға дейін тартатын жобаны жүзеге асырып келеміз. Осылайша, тек осы жоба аясында біз 446 ауылдық мектепке жоғары жылдамдықты Интернетті қостық, ал жыл соңына қарай мектеп саны 1342 болады. Сондықтан бұл жобаны қолдау біз үшін ауылдардағы мектеп оқушыларының Интернет арқылы білім алу ресурстарына қол жетімділігін одан әрі арттыру үшін қисынды қадам», – деп түйіндеді ол. АКТ статистикасының ресми көзі – ХЭО мәліметтері бойынша, Қазақстан халқының 80 пайызы Интернетті пайдаланады, ал аймақта бұл көрсеткіш Түркіменстандағы 21 пайыздан бастап Өзбекстандағы 52 пайызға дейін ауытқып тұр. Қазақстан ТМД кеңістігі бойынша мобильді кең жолақты байланыстың ең жоғары ену деңгейіне ие. Сондай-ақ, ел компьютерлерге қол жеткізу және Интернетті пайдалану бойынша аймақтың көшбасшысы болып отыр, ол барлық ТМД-да кіру деңгейіне бекітілген кеңжолақты жоспарлары бар гигабайттың ең төменгі бағасын ұсынады. «Қазақстан үкіметімен серіктестік GIGA-ны жүзеге асыруды жеделдетудің ажырамас бөлігі. Жаһандық іске қосудың алғашқы кезеңіндегі жетекші мемлекеті ретінде, Қазақстан жаңа қаржыландыру модельдерінің, серіктестердің және цифрлық құралдардың және, сайып келгенде, барлық жастар үшін мүмкіндіктер мен таңдаудың негізін қалайды. Бұл жұмыс Орталық Азиядағы және әлемдегі цифрлық теңсіздікті жою үшін өте маңызды», – деді Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі. GIGA бастамасы Қазақстанның цифрландыру және байланыс саласындағы көзқарасына, елдің тұрақты даму мақсаттарына деген көзқарасына және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сандық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі 1А және 1В қорытындыларына сәйкес келеді. Ол жерде 2030 жылға қарай әрбір ересек адам сандық желілерге қол жетімді бағамен қол жеткізе алуы қажет және сандық қоғамдық тауарлармен алмасу алаңын құру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қатысуымен көпжақты одақ құруға шақырады. Қол қою Digital Almaty халықаралық форумы аясында өтті. Форум цифрландырудың жаһандық тенденцияларын талқылау, цифрлық түрлендіру саласындағы тәжірибе алмасу және аймақтық ынтымақтастықтың бірыңғай тәсілдерін жасау үшін мемлекеттік қызметкерлерді, жетекші көшбасшыларды, халықаралық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын біріктірді. Digital Almaty Forum барысында қатысушылар GIGA бастамасының жүзеге асырылуы және оның бүкіл аймаққа масштабталуы жайлы талқылады. ЮНИСЕФ және ХЭО техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді, соның ішінде инфрақұрылым мен біркелкі қамтуды қамтамасыз етуге инвестицияларды қамтамасыз ету үшін серіктестермен бірлесе отырып, көпдеңгейлі қаржыландырудың үлгісін әзірледі.
Нұрлан ҚҰМАР

572 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *