• Өндіріс
  • 06 Ақпан, 2020

Ресурстарға баймыз, алайда жақсы бастамалар тапшы

БҚО кәсіпкерлер палатасында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылаған жиын өтті. Басқосуға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, екінші деңгейдегі банктер мен даму институттарының басшылары қатысты.

Облыста өткен жылы отандық тауар өндірушілерді қолдайтын «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылды. Облыстық кәсіпкерлік және индус­триалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Бекетовтың баяндауынша, бағдар­ламаға құрылыс индустриясы, ден­саулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіп­орындары белсенді қатысуда. Мысалға, «Гофр картоннан, қағаздан және картоннан қаптама өндіру» өндірісі тізілімге енгізіліп, соның нәтижесінде «Полиграфсервис» ЖШС-ның қағаз стакандар өндірісі жобасы қажетті жабдық алу үшін «АТФ банк» АҚ арқылы екі мәрте қаржыландырылған. Бағдарлама іске қосылғалы бері бағдарламаға несиенің пайыздық мөлшерлемесі 8%-дан 6%-ға төмендетіліп, кепілдік беру тетігі енгізілген, несие шамасына қарай айналым қаражатын 50%-ға дейін толықтыру секілді өзгерістер енгізілген. – Өткен жылдың аяғында Үкімет отырысында бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізу шешімі мақұлданды. Онда инвестициялық мақсаттарға берілетін несие мерзімін 7-ден 10 жылға дейін ұзарту, тамақ өнеркәсібі саласындағы айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілетін несиені екінші деңгей­дегі банк­тер­дің өз қаражаты есебінен100%-ға жеткізу, несиеленетін та­уар тізімінің экономикалық қызмет түр­­ле­рінің жалпы жіктеуішіндегі 5 жаңа түрімен толықтырылуы және басқа да өзгерістер қарастырылған. Бүгінде 4,6 млрд теңгенің 111 жобасы мақұл­данып, 588 млрд теңгенің 11 жобасы қаралуда. Бағдарламаға өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, ауыл шаруа­шылығы субъектілері қатысып, әлеуетті қатысушы ретінде танылған. Бағдарламаны іске асыруға еліміздегі 10, өңіріміздегі 9 банк үлес қосуда. Жо­баларды қарауда «Нұрбанк» АҚ (бес жоба), «Сбербанк» АҚ (3 жоба), «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (3 жоба) белсенділік танытты, – деді Ернар Бекетов. Ұлттық банктің БҚО филиалы ди­ректорының міндетін атқарушы Сергей Родин облыстағы екінші деңгейдегі банктердің 2017-2019 жылдардағы несиелендіру қызметі жайындағы ақпаратпен таныстырды. Өткен жылы облыста 335,6 млрд теңге шамасында несие берілген, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 25,2%-ға артық. Заңды және жеке тұл­ғаларға рәсімделген несие көле­мінде айтарлықтай өзгеріс (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 52,3% және 47,7%) жоқ. Дегенмен өткен жылғы берілген несие 2017 жылғы рәсімделген несие көлемімен салыстырғанда 47,1%-ға, соның ішінде құрылыс саласында 2,3 есе, өнеркәсіпте 73,6%-ға, ауыл шаруашылығы саласында 4 есе өскен, ал логистика саласындағы несие көлемі 16,7%-ға, ақпарат және байланыс саласын несие­леу 40,8%-ға төмендеген. 2019 жылы берілген несиелер көлемі 33,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 7,2% -ға аз, ал тұтастай алғанда соңғы үш жылда ол тек 5%-ға өсті. С. Родиннің айтуынша, қазіргі уақытта тұтынушылық несие алушылар басым. Кәсіпкер Сергей Ильин отандық қағаз өңдеушілерге шикізат жетпей жатыр деген сылтаумен шикізатты сыртқа шығаруға тыйым салынғанын, соның кесірінен қағаз қалдықтарын Ресейге шығара алмай, Алматыға тасып, ұтылып отырғандарына налыды. Ал мемлекеттік тапсырыс мәселесі бо­йынша кәсіп­керлер палатасының өкілін тендер­лік комиссияның құрамына енгізу ұсынылды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі тиісті мемлекеттік құры­лымдарға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жұмыстар­ды ширатуды, ЕДБ-лерге экономиканы қаржыландыруға жіті назар аударуды тапсырды. «Инвесторлар кеңесінің соңғы кеңесінде қызықты жобалар мақұлданды. Кәсіпкерлер палатасына облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірге әр ауданға арнап жобалар жинағын дайындау қажет. Өңіріміз ресурстарға бай, алайда жақсы бастамалар тапшы. Мемлекет қомақты қаржы бөлуде, сондықтан оны пайдаланғанымыз жөн», – деді Ғали Есқалиев.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

433 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы